луы мүмкін, мысалы радиациялық сәулеленуден. Сондықтан жүкті
әйелдерге рентгенографиядан өтуге тыйым салынған. Себебі,
рентгендік сәулелену нәрестенің ДНҚ молекулаларындағы ақуыз
құрылысын зақымдауы мүмкін.
Әрине, ДНҚ-ның көшіру кезіндегі қателік шамасының үлкен
маңызы бар. Егер ДНҚ-ның белгілі бір аумағы ГГЦААТЦ азоттың
негіздер тізбегімен ГГЦААТЦ тізбегіне көшірілетін болса, онда
мұндай қателіктен туындайтын әлеуетті қауіп сол берілген аймақтағы
ДНҚ-ның кодталғандығынан тәуелді болады. Нанотехнологияның
дамуының болашақтағы бағыттарының бірі генетикалық кодта осын-
дай қателерді жөндеу мүмкіншілігі болып табылады. Егер де ғалымдар
жекеше атомдарды жоюды немесе алмастыруды үйренгенде, онда
олар көптеген гендік ауруларды емдей алар еді, мысалы, серпті - жа-
сушалы анемия.
Ғалымдарға ұқсас биологиялық пазлдарды жинап үйрену үшін
ұзақ әрі тапжылмай еңбек етуге тура келеді.
ДНҚ-дағы нуклеотидтер тізбегі кейбір үдерістердің қосылуы
мен өшірілуіне, ақуыздар және басқа биологиялық құрылымдардың
жасалуына жауап береді. Алайда, әлі күнге дейін маңызы белгісіз
көптеген тізбектер бар. Жаңа нанотехнологиялар мен наноқұралдар
тереңірек қарауға мүмкіндік береді (атомдық деңгейге дейін) және
нанодеңгейде не болып жатқандығын және оны адамзат пайдасы үшін
қалай қолдануға болатындығын қарастыруға ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: