Қорытынды Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өз іскерлігін қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады.Ол кәсіпорынның жалпы іскерлігінің дұрыс жүруі үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігімен,оны қолданудың тиімділігімен,оны орналастырудың мақсаттылығымен,басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастары,төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты,тұрақты емес және дағдарысты жағдайда болады.Кәсіпорынның уақтылы төлемдерді төлеп тұруы,өз іскерлігін қаржыландыруы кең мағынада оның қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық іскерлігінің нәтижесіне байланысты.Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар жақсы орындалып жатса,онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше,өнімді өндіру мен оны сату жоспарының орындалмауы оның өзіндік құнының өсуіне,пайданың түсімі мен сомасының азаюына,осының әсерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы және төлем қабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.
Тұрақты қаржылық жағдайы өз кезегінде өндірістік жоспардың орындалуына және өндірісті қажетті ресурстармен қамсыздандыруға оң әсер етеді. Сондықтан қаржылық жағдай шаруашылық іскерліктің негізгі бөлігі ретінде ақшалай қаражаттардың жоспарлы түсуімен шығындалуын қамсыздандыруға,есептік тәртіптің орындалуына,меншікті және тартылған қаражаттың рационалды арақатынасы мен оның тиімді қолдануына бағытталады.
Нарықтық экономиканың қатал жағдайына төтеп беру және кәсіпорынның банкротқа кетуіне жол бермеу үшін,қаржыны қалай басқаруды,капиталдың құрылу көзімен құрамының қандай болуы керектігін,яғни қанша бөлігін тартылған,ал қанша бөлігін меншікті қаражат алатынын жақсы білуқ қажет. Нарықтық экономиканың келесідей түсініктерін де білген жөн,оларға-іскерлік белсенділік,өтімділік,төлем қабілеттілік,кәсіпорынның несиелік қабілеттігі,рентабельділік шегі,қаржылық жағдайдың қоры,тәуекел дәрежесі, қаржылық тұтқа нәтижесі және тағы басқалармен оларды талдаудың әдістемесін білу керек.
Сондықтан қаржылық талдау қаржылық менеджменттің және аудиттің маңызды бөлігі болып табылады.Тәжірибеде қаржылық есепті қолданушылардың барлығы қаржылық талдаудың әдістерін өздерінің мәселерін шешу мақсатында, оптималды шешімдер қабылдау үшін қолданады.
Меншік иелері қаржылық есепті капиталдың табыстылығын және кәсіпорынның тұрақтылығын арттыру үшін талдайды.Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті өздерінің қарыздарымен салымдары бойынша тәуекелдерін төмендету үшін талдайды.Қабылданатын шешімдердің сапасы шешімнің аналитикалық негізінің сапасына тікелей тәуелді деп нық айтуға болады.Соңғы жылдары қаржылық талдауға арналған көптеген басылымдар шыға бастады.Шетел тәжірибесі де белсенді түрде қолданылуда.
Талдаудың мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап бағалау ғана емес оның ілгері басуына бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы іскерлікті қандай бағыт бойынша жүргізу керектігін анықтап,кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.Осыған сәйкес талдаудың нәтижелері кәсіпорынның іскерлігінің белгілі бір мерзіміндегі қаржылық жағдайын жоғарылатудың негізгі әдістері қандай деген сұраққа жауап береді.Бірақ талдаудың негізгі мақсаты болып қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесі қолданады-
1.капиталдың пайда болу көздеріне байланысты құрылымы
2.оны қолданудың тиімділігі
3.кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен несиелік қабілтеті
4.оның қаржылық жағдайының қоры.
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік есептілік табылады.Бухгалтерлік есептілік-ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы мен оның шаруашылық іскерлігінің нәтижесі туралы ең негізгі ақпарат көзі болып табылады.Бұл құжат кәіпорынның іскерлігіне сипат беру мен қатар бухгалтерлік есептіліктің формаларының толық жинағын ұштастырады,сонымен қатар Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен есептілікті қадағалайтын нормативтік актілерге сәйкес бекітілген арнайы формаларды да қамтиды.
«Бухгалтерлік есеп туралы»заңға сәйкес 1997 жылдан бастап қаржылық есептіліктің құрамына келесідей құжаттар кіреді:
1)Бухгалтерлік баланс
2)Кәсіпрынның қаржылық-шаруашылық іскерлігі туралы есептілік
3)Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есетілік
Сонымен қатар қосымша түсініктемелік және қаржылық есептілік негізінде құрылған басқа да құжаттар мен бірге жинақталған болады.Түсініктемелік құжатта осы субьект қандай есепке алу мен есептіліктің саясатын қолданатыны,сонымен қатар қаржылық есептілікті қолданатындардың сұранысына қарай басқа да маңызды ақпараттар болады.
Қаржылық есептілік жүйесінде басты рөлді бухгалтерлік баланс алады.Ол маңызды функциаларды орындайды.
Бухгалтерлік баланс,біріншіден меншік иелерін,менеджерлер мен басшыларына шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы туралы толық ақпарат береді.
Екіншіден,баланс бойынша кәсіпорын үшінші тұлғалардың алдында жақын арада өз міндеттемелері бойынша есептесе алу мүмкіндігін көрсетеді.
Үшіншіден актив пен пассив бөлімдерінің мазмұны ішкі және сыртқы қолданушыларға қолдануға мүмкіндік береді.Қаржылық есептіліктің басты құжаты бола отырып, бухгалтерлік баланс есептілік мерзімдегі кезеңге кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын,ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымын,меншікті капитал мен міндеттемелердің көлемін, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің жағдайы мен динамикасын,кәсіпорынның несиелік қабілетімен төлемқабілетін көруге болады.
Баланстың ақпараттары бойынша кәсіпорынның капиталының орналасуының тиімділігін,оның ағымдағы және болашақтағы іскерлігі үшін жеткіліктілігі мен оларды тарту көздерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.Баланс екі бөлімнен тұрады:актив және пассив бөлімінен.Активтер есепті мерзімге кәсіпорын бақылап отырған мүлкімен құқықтардың құны ретінде сипатталған.Пасивтер кәсіпорынның несиелік міндетемелері мен қарыздарын көрсетеді.Мүліктің түрлері мен оның құралу көздері сапалы белгісі бойынша сипатталған.
ЖШС СП «FIAL» кәсіпорнының қаржылық жағдайы толық бағаланып,оның қандай жағдайда екені анықталды.Кәсіпорынның балансына көлденең талдау жүргілізіп,барлық көрсеткіштер есептелді.Екінші бөлімнің жалпы қорытындысы бойынша ЖШС СП «FIAL» кәсіпорнының жағдайы әлсіз деп танылды.
Сондай-ақ,қаржылық жағдайды оңға қарай жылжытудың әдістері жолдары және жалпы ұсыныстар мен салықтарды оптимизациялаудың жолдары қарастырылды.
Олар «Ұйымның қаржы-экономикалық жағдайы» деп аталатын статистикалық есептіліктің жеке формасын дайындау және міндетті түрде бухгалтерлік есептің ақпараттары арқылы толтырылып және өткен кезеңдер бойынша есептеліп дайын тұрған қаржылық көрсеткіштердің мәнінен құралуы қажет.Яғни,ол қосымша есептеулер жүргізіп жатпай-ақ көрсеткіштердің өзгеріс динамикасын байқау үшін қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Журнал «Банки Казахстана»-№6,2006 «Цель,задачи,формы и методы финансового анализа экономических субьектов » Сулейменова Г.Н.[18-22 беттер]
2.Журнал «Мир Финансов» «Анализ Рентабельности» Информационно-консультативная фирма «Альт» Вед. Консультант Гусаков В.«Принципиальный подход по определенью причин ухудшения финансового состояния организации и рычагов его оптимизации».[32-41 беттер]
3.Мельников В.Д,Ильясов К.К «Финансы» ,А-2001[32-36 беттер]
4.К.Ш Дюсембаев,С.К Егембердиева.,З.К Дюсембаева «Аудит и анализ финансовой отчетности»,А-Қаржы-қаражат-1998.[334-359 беттер]
Под ред.Е.С Стоянова «Финансовый менеджмент» М-2006[33-83 беттер]
Ковалев В.В. Финансовый анализ управления капиталом. Выбор инвестиции, анализ отчетности. М.: Финансы и Статистика. 2000[35-43 беттер]
Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. М.: Проспект. 2000[46-57 беттер]
Мельников В.Д,Ли В.Д «Общий курс финансов» А-2001[56-60 беттер]
Балабанов «Финансовый менеджмент»[76-84 беттер]
10.Анализ хозяйственной деятельности в промышленности \ под ред. В.И. Стражева. Мн.: Выш. шк. 2000[36-40 беттер]
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, 7 – е издание. Мн: Новое здание. 2002[42-47 беттер]
Салық кодексі-2007 жылға арналған[76-81 беттер]
Гущина И.И., Агапова М.В. Финансовый анализ деятельности предприятия. // Бухгалтерский учет и налоговое планирование. 1999 [72-81 беттер]
14.2002-2003 жылдарға аралған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының қаржылық есептілігі.
15.2005-06 жылға арналған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының бухгалтерлік балансы.
2005 жылға арналған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының табыстар мен шығындары туралы есептілігі.
2005 жылға арналған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
Под ред.Е.С Стоянова «Финансовый менеджмент» М-2006[182-187]
Журнал «Банки Казахстана»-№12,2005 «Анализ и оценка консолидированной финансовой отчетности акционерами» М.К Алиев.,к.э.н., доцент КазАТК им.М.Тынышбаева[32-37 беттер]
И.А Злобина «Финансовый менеджмент»-интерет жүйесі.[96-108 беттер]
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есептілік туралы заңы.[12-18 беттер]
Журнал «Банки Казахстана»-№10,2004 «Анализ наличия собственых средств,изучение причин их изменения»[36-43 беттер]
Ермекбаева Б.Ж «Салық және салық салу» [36-43 беттер]