Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары


 Қаржылық жағдайды бағалаудың ақпараттық базасы



бет4/15
Дата12.10.2023
өлшемі133,11 Kb.
#185062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

1.2 Қаржылық жағдайды бағалаудың ақпараттық базасы
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік есептілік табылады.Бухгалтерлік есептілік-ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы мен оның шаруашылық іскерлігінің нәтижесі туралы ең негізгі ақпарат көзі болып табылады.Бұл құжат кәіпорынның іскерлігіне сипат берумен қатар бухгалтерлік есептіліктің формаларының толық жинағын ұштастырады,сонымен қатар Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен есептілікті қадағалайтын нормативтік актілерге сәйкес бекітілген арнайы формаларды да қамтиды.
«Бухгалтерлік есеп туралы»заңға сәйкес 1997 жылдан бастап қаржылық есептіліктің құрамына келесідей құжаттар кіреді:
1)Бухгалтерлік баланс
2)Кәсіпрынның қаржылық-шаруашылық іскерлігі туралы есептілік
3)Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есетілік
Сонымен қатар қосымша түсініктемелер және қаржылық есептілік негізінде құрылған басқа да құжаттар мен бірге жинақталған түрлері болады.Түсініктемелік құжатта осы субьект қандай есепке алу мен есептіліктің саясатын қолданатыны мен қатар қаржылық есептілікті қолданатындардың сұранысына қарай басқа да маңызды ақпараттар болады.
Субьект бухгалтерлік есептіліктің стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің оңайлатылған формасы бойынша құрап ұсына алады.Бұл жерде төмендегі үш жағдайдың кез-келген екеуі орын алуы тиіс:
1)Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы,жәрдем ақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген көлемдегі айлық есептік көрсеткіштің 10 000 көлемінен жылдық табыс аспаса.
2) активтердің жалпы құны 60 000 АЕК-тен аспаса.
3)қаржылық жыл ішіндегі жұмысшылардың орташа саны 50-ден аспаса.
Қаржылық есептілік жүйесінде басты рөлді бухгалтерлік баланс алады.Ол келесідей маңызды функцияларды орындайды.Бухгалтерлік баланс,біріншіден меншік иелерін,менеджерлер мен басшыларына шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы туралы толық ақпарат береді.Екіншіден,баланс бойынша кәсіпорын үшінші тұлғалардың алдында жақын арада өз міндеттемелері бойынша есептесе алу мүмкіндігін көрсетеді.Үшіншіден актив пен пассив бөлімдерінің мазмұны ішкі және сыртқы қолданушыларға қолдануға мүмкіндік береді.Қаржылық есептіліктің басты құжаты бола отырып, бухгалтерлік баланс есептілік мерзімдегі кезеңге кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын,ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымын,меншікті капитал мен міндеттемелердің көлемін, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің жағдайы мен динамикасын,кәсіпорынның несиелік қабілетімен төлемқабілетін көруге болады.Баланстың ақпараттары бойынша кәсіпорынның капиталының орналасуының тиімділігін,оның ағымдағы және болашақтағы іскерлігі үшін жеткіліктілігі мен оларды тарту көздерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.Баланс екі бөлімнен тұрады:актив және пассив бөлімінен.Активтер есепті мерзімге кәсіпорын бақылап отырған мүлкімен құқықтардың құны ретінде сипатталған.Пасивтер кәсіпорынның несиелік міндетемелері мен қарыздарын көрсетеді.Мүліктің түрлері мен оның құралу көздері сапалы белгісі бойынша сипатталған.
Баланстың актив бөлігіндегі мүліктер өтімділігі төменнен бастап жоғарыға қарай орналастырылған.Балнастың пассив бөлімінің баптары мен бөлімдері төлемнің мерзімі жоғарысынан бастап ұзағына қарай орналастырылған.
Бухгалтерлік баланс есептіліктің негізгі формасы ретінде бухгалтерлік баланстың стандарттарының № 2 бөлімінде көрсетілген.Онда активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді көрсету тәртібі,ақпараттарға қойылатын талаптар ұсынылған.Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің,меншікті капиталдың,ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің түпкі сомасы бухгалтерлік баланста ашып көрсетілуі керек.
Ақпараттарға басты қойылатын талаптар болып келесілер табылады:біріншіден ол оны қолданушы адамға пайдалы болуы қажет яғни осы ақпараттарды белгілі бір шешім қабылдау үшін қолдануға болатындай болуы керек.Ақпарат пайдалы болуы үшін ол келесідей көрсеткіштерге сай болуы керек:
Орынды яғни бұл ақпарат мағыналы және шешім қабылдауға қатысы барын көрсетеді.Сонымен қатар ақпарат орынды деп саналады,егер перспективті және ретро перспективті талдау жасауға яғни,ағымдағы және болашақтағы қабылданатын шешімдерді болжауға,өткен жылдарда қабылданған шешімдердің дұрыстығын нгемесе қателігін көруге мүмкіндік беруі қажет болғанда.Орынды деген ақпараттың уақтылы ұсынылуын көздейді.
Анықтылық ақпараттың шындылығын,оның экономикалық мағынасының заңдық мағынасынан жоғары тұруын және басқа құжаттармен негізделуін талап етеді.
Бейтараптық яғни қаржылық есептіліктің барлық қолданушылары үшін бірдей қолжетерлікте болуын көрсетеді.
Түсініктілік яғни қолданушылар есептіліктің мағынасын арнайы дайындықсыз түсіне алатындай болуы керек.
Сәйкестемелік осы кәсіпорында қолданылған бухгалтерлік есептіліктің тізбектілігінің сақталуын талап етеді.
Есептілік ақпаратың құралу барысында ақпаратқа деген кейбір шектеулер қойылады:
1.Шығын мен табыстың оптималды арақатынасы,яғни есептілікті құрайтын шығындар табылған табыстарға сәйкес келуі керек.
2.Консервативтік қағидасы,есептіліктің құжаттары активтердің, пайданың және міндеттемелердің жоғары дәрежеде бағалануына жол берілмеуі керек.Бұл жерде тағы айта кететін жайт кәсіпорынға әлеуетті шығындар мен шығыстарды көрсетуде,әлеуетті табысқа қарағанда аз негіз қажет.Бұл қағиданың басты ережесі төмендетіп бағалау әдісі:өзіндік құны бойынша немесе нарықтық бағасымен.Бұл ереже бойынша,егер кәсіпорын өзінің айналым қаражаттарын бір бағамен алса,ал дәл қазіргі уақыт кезеңінде оның бағасы төмендеп кеткен жағдайда онда сол төмен баға бойынша көрсетіп екеуінің арасындағы айырма ағымдағы кезеңнің шығыстары ретінде көрініс табады.Бірақ,егер сол активтерге нарықтық баға өссе,кәсіпорын ол активтерді сол жоғары бағамен сатпағанынша өз құжаттарына ешқандай өзгерістер енгізбейді.Бұл әдіс нарықтық жағдайдың өзгеруіне байланысты кәсіпорынның шаруашылық іскерлігіне байланысты тәуекелдің өзгеруін қадағалауға мүмкіндік береді.
3.Құпиялық,бұл жерде септіліктегі ақпарат бәсекелес фирмаларға өзінін зиянын тигізбеуін қарастырады.
Әр түрлі экономикалық белгілерге сәйкес,есептіліктің барлық ақпараттары жеке баптарға жіктеледі.Олар халықаралық тәжірибеде қаржылық есептіліктің элементтері деп аталады.Қаржылық есептіліктің негізгі элементтері болып активтер, міндеттемелер,меншік капитал, табыстар, шығындар,пайдамен шығыстар табылады.
Бірінші үш элемент кәсіпорынның белгілі бір кезеңге қаражаттарымен оның құралу көздерін көрсетеді,ал қалған элементтер осы үш элементтпен есептілік кезеңінің мерзімінде жүрген операциаларды көрсетеді.Қаржылық есептіліктің барлық элементтері есептілік формаларында көрсетіледі,оның ішінде барлық мемлекеттер де бастысы болып Баланспен табыстармен шығындар туралы есептілік табылады.
Қаржылық менеджмент үшін өткен мерзімнің шешімдерінің тиімділігін көрсететін кейбір параметрлерді бөліп көрсету керек:
-кәсіпорының активтерінің жалпы құны;
-жалпы активтер сомасындағыұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің үлесі;
-жалпы актив сомасындағы физикалық және қаржылық активтерге орналастырылған қаражат үлесі;
-меншікті капиталдың жалпы құны;
-орналастырылған капиталдың өсу құны;
-қарыз капиталдың құны;
-жалпы пассивтер сомасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаражат көздерінің үлесі.
Бұл көрсеткіштерджің кей біреуі баланстың өзінде көрсетілген.Бірақ көрсеткіштердің кейбіреуі баланс ақпараттарымен қосымша есептеулер жүргізгеннен немесе бухгалтерлік есептің қосыша құжаттарынан алынады.
Кәсіпорынның активері оның барлық іскерлігінің мерзімінде қабылданған инвестициялық шешімдерді көрсетеді.Баланстың актив бөлігінің бөлімдерінің орналасу тәртібі олардың өтімділігіне негізделген.
Қаржылық менеджмент үшін ативтердің ұзақ және қысқа мерзімді болуының өте үлкен маңызы бар.Ұзақ мерзімді активтер-бір жыл ішінде сатуға арналмаған бір есептілік мерзімнен көп қызмет ететін шаруашылық іскерлік барысында қолдану мақсатында сатып алыған активтер жатады.Қысқа мерзімді немесе айналым қаражаттарына-ол бір есептілік мерзім көлемінде сатывлған немесе қолданылған активтер.Ол мерзім көпшілік жағдайда бір жылды құрайды.Айналым активтері баланстың актив бөлімінің екінші және үшінші бөлімдерінде көрсетілген.
Қаржылық шешім қабылдау үшін айналым қаражаттарының құрамынан ресурстардың келесі тобын бөліп көрсеткен жөн:
-ақшалай қаражаттар;
-қаржылық қысқа мерзімді салымдар;
-дебиторлық міндеттеме;
-материалды-өндірістік қорлар;
Айналым қаражаттарының өтімдірек бөлігі-ақшалай қаражаттар.Бұл касадағы және банктағы ақшалай қаражаттар оған валютадағы ақшалай қаражаттар да кіреді.Ақшалай қаражаттар ағымдағы ақшалай төлемдер жасау үщін қолданылады.
Баланстың келесі бабы-дебиторлық міндеттеме,яғни фирмаға тиесілі бірақ әлі алынбаған қаражатар.Айналым қаражаттарының құрамында жабылу мерзімі бір жылдан аспайтын дебиторлық міндеттемелер көрініс табады.Дебиторлық міндеттеме баланста фактілік бағасы бойыша тіркеледі,яғни бұл міндеттеме жабылған кезде алынатын сомаға тікелей байланысты.бірақ қаржылық менеджмент үшін дебиторлық міндеттеме туралы бұдан да анығырақ ақпарат қажет.Бұл мақсатта таза дебиторлық міндеттеме есептелуі қажет-дебиторлық міндеттеменің фактілік соммасымен күмәнді қарыздар.
Баланс бойынша келесі бап-«Материалды-өндірістік қорлар».Материалды-өндірістік қорлар-ол келесілрге арналған материалды активтер:
-қарапайым жұмыс циклының ағымындағы сатылым көлемі;
-кәсіпорын ішіндегіөндірістік тұтынуға арналған;
-сатылатын өнімді әрі қарай өңдеу мақсатында өндірістік тұтынуға арналған.
Бұл бапқа аяқталмаған құрылыстың материалдары мен шикізат,дайын өнім сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылық іскерлігіне орналастырылған қысқа мерзімді салымдарды сипаттайтын басқа да баптар кіреді.
«Материалды-шаруашылық қорлар» бабына талдау жасау өз қатарында тиімді қаржылық басқару жүргізу үшін тиімді.Қорлар тек қана айналым аражаттарының құрамында ғана ауқымды үлес алып қоймай сонымен қатар кәсіпорының жалпы активтерінің құрамында да үлкен үлес алады.Бұл кәсіпорының өз өнімін нарықта өткізуінде қиындықтар көріп жатқанының куәсі бола алады,ал ол өз қатарында өнімнің сапасының төмендігімен,өндіру технологиясның бұзылуымен,тиімсіз сату арналарының таңдалғанымен немесе нарықтың сұранысы мен конъюктурасын толық зерттелмеуімен негізделуі мүмкін.
Келесі кәсіпорынның негізгі құралдары мен айналыстан тыс активтері туралы ақпараттарды қарастырайық.
Негізгі құралдар-материалды формадағы ұзақ мерзімге қолдануға арналған құралдар.Құралдардың бұл категориясына ғимарат пен оған тиесілі құрылғылар,машиналар мен оған тиесілі жабдықтар,транспорт және т.б.Негізгі құралдардың барлық баптарына амортизация есептеледі.Ереже бойынша бұл баптардың құралдарының бәрі балансқа олардың қалдық құны бойынша тіркеледі,яғни ол бұл құралдарды сатып алуға байланысты,жеткізуге байланысты,жөндеуге байланысты шығындардан амортизацияны шегергендегі соманы көрсетеді.Нормативті актілерге сәйкес,кәсіпорын амортизация есептеудің әр түрлі әдістерінен таңдағанын қолдануға құқылы.Ал ол өз қатарында таза пайдаға,ақша айналымына,қаржыландырудың ішкі құрылымына әсерін тигізіп қаржылық менеджмент үшін өте маңызы зор.
Келесі бап материалдық емес активтер.Бұл бапқа физикалық негізі жоқ бірақ кәсіпорынға табыс әкелетін құралдар жатады.Оларға патенттер, тауарлық белгілер,саудалық маркалар,авторлық құқықтар,лицензиялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар,бағдарламалық қамсыздандыру шығындары жатады.
Баланстың актив бөлігінде басып көрсететін бап-ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, яғни басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарына,облигацияларға орналасырылған қаражаттар мен басқа кәсіпорындарға бір жылдан ұзақ мерзімге берілген несиелер кіреді.
Баланс ақпараттары бойынша қаржылық менеджментке қажет көрсеткіштерді есептеу кестесін қарастырайық:
№1 кесте Активтердің көрсеткіштері есептеу көрсеткіші

Көрсеткіш

Есептелінуі

1.Активтердің жалпы сомасы
2.Айналымнан тыс активтер
3.Айналымдағы активтер
4.Ақшалай қаражаттар
5.Қысқа мерзімді ақшалай салымдар
6.Таза дебиторлық міндеттемелер
(сатып алушылар бойынша ғана)
7.Материалды-өндірістік қорлар
8.Негізгі құралдар
9.Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
10.Материалды емес активтер

141жол-140 жол
090 жол+110 жол
140 жол
130жол
120 жол
110 жол
100 жол-114жол
040жол+046 жол
075 жол
010 жол

(қосымша №3-форма №1- ЖШС СП ”FIAL” кәсіпорнының бухгалтерлік баланс 01.01.06-31.12.06)
Сонымен қатар келесідей көрсеткіштерді есептеу қажет:
1)Баланс активінің сомасын шығыс сомасына түзету енгізу керек.
2)Айналымнан тыс активтер құрамына ұзақ мрзімді дебиторлық міндеттемелерді қосу қажет.
3)материалды-өндірістік қорлар құрамынан болашақ мерзімнің шығындарын алып тастау қажет.
Тағы да айта кететін жайт, көптеген қаржылық коэфиценттерді есептеу үшін неізгі құралдардың жалпы сомасын есептеп алған дұрыс.Оған экономикалық көзқарас бойынша аяқталмаған құрылыс та кіреді.
Нарықтық экономикадағы есепке алу қағидасына сәйкес және дұрысырақ шешім қабылдау үшін қаржылық менеджментте келесі ақпарттарды анықтап алған дұрыс:
1.Негізгі құралдар құрамында заңи формасына қарағанда экономикалық мән мағынасының жоғары тұру принципіне сәйкес жалға алынған негізгі құралдарды ескеру қажет.
2.Дебиторлық міндеттемелер құрамынан күмәнді дебиторлық міндеттемелер мен қатар есепті мерзім соңында алынған пайданың аз болуына байланысты жабылмай қалуы мүмкін дебиторлық міндеттеменің бағаланған сомасында алып тастау қажет.
Баланстың пассив бөлігінде кәсіпорынның қаржыландыру көзін таңдау бойынша қабылданған шешімдерін көркге болады.Қаржылық менеджменттің мақсаты үшін баланстың пассив бөлігінің келесі элементтерін бөліп көрсеткен жөн:
-қысқа мерзімді міндеттемелер;
-ұзақ мерзімді міндеттемелер;
-меншікті капитал.
Қысқа мерзімді міндеттемелер- бұл жаңа қысқа мерзімді міндеттемелер ашылған кезде немесе айналым активтерімен жабылатын қаражаттар.Қысқа мерзімді міндеттемелердің мерзімі әдетте бір жыл көлемінен аспайды.Оған келесідей баптар кіреді:осы мерзімде төленуге тиісті шоттар мен вексельдер,кәсіпорынның қысқа мерзімге алған қарыздары туралы куәләндырғыш,салықтар бойынша қарыздар немесе салықтар бойынша мерзімі өткен төлемдер,жалақы бойынша қарыздар,алынған аванстар жатады.Қысқа мерзімді міндеттемелерді жеке топқа бөлу кәсіпорынның өтімділігіне мониторинг жүргізу үшін қажет.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер- бір жыл мерзімінен жоғары мерзімде жабылуы тиіс міндеттемелер.Оның негізгі түрлері болып ұзақ мерзімді қарыздар мен несиелер, облигациялар, төленуге тиісті ұзақ мерзімді вексельдер, зейнет ақылық төлемдері бойынша міндеттемелер және ұзақ мерзімге жалға алынған құралдар бойынша жалдық төлемдер.
Келесі көрсеткіш болып меншікті немесе кәсіпорын акционерлік кәсіпорын болып табылса акционерлік капитал табылады.Қаржылық менеджер үшін баптардың бұл тобында осы кәсіпорынға салынған капитал мен жинақталған пайданы бөліп алу маңызды.
Кәсіпорынға салынған капитал-бұл меншік иелерімен осы кәсіпорынға салынған капитал.Оған келесідей баптар кіреді салынған капиталдың номиналды құны,эмиссиондық сыйақы,және салыған капиталдың құнына әсер ететін кейбір баптар.
Жинақталған пайда-кәсіпорынның барлық іскерлігі барысында жинақталған пайдасының сомасынан салықтар мен дивиденттерді алып тастағанға тең.Бұл бапқа өткен жылдардағы бөлінбеген пайда, резервтік капитал,жинақтау қорлары және есептік жылдағы таза пайда кіреді.
Енді есептілік мерзімнің қаржылық нәтижелерін көрсететін табыстар мен шығындар туралы есептілікке тоқталайық.
Табыстар мен шығындар туралы есептілік қаржылық менеджмент үшін келесідей маңызды көрсеткіштерді анықтайды:өнімді өткізуден түскен пайда,салық салынатын табыс,кәсіпорынның қолында қалған пайданың қолданылу бағытын көруге болады.
Табыстардың алынған көзін анықтау үшін кәсіпорынның іскерлігі үшке бөлінеді:
-негізгі және операциондық іскерлік (өнімді,жұмысты,қызметті өндіру және өткізу)
-қаржылық іскерлігі(несиелерді алу және оларды басқа компанияларға беру,басқа кәсіпорындардың іскерлігіне қатысуы,кәсіпорынның қаржылық нарыққа қатысуындағы операциялар, курстық айырмашылықтар және т.б)
-әдеттен тыс баптар (кәсіпорынның іскерлігіне қатысы жоқ операциялар).
Мұндай жіктеме өте маңызды өйткені іскерлік түрлері бойынша алынған пайданың көлемі,бұл жерде әсіресе оның іскерлігіне қатысы жоқ операциялардан алынған тұрақты емес қаражаттар толығырақ қарастырылады.
Осыдан келе қаржылық басқару жүйесінде келесідей көрсеткіштердің анықтаудың маңызы зор:
Табыстар мен пайданың көрсеткіштері:
А)Өнімді(жұмысты,қызметті) өткізуден түскен таза түсім-бұл қосымша құн салығын,акциздерді,қайтарылған тауарлар мен жеңілдіктерді шегергендегі өнімді өткізхуден түскен таза түсім.
Б) Өнімді(жұмысты,қызметті) өткізуден түскен жалпы пайда-сатылған өнімге өндірістік шығындарды алып тастағандағы өнімді өткзуден түскен таза пайда.Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік іскерлігінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
В)негізгі іскерліктен пайда(зиян,(операциондық пайда немесе операциондық зиян)-өнімді өткізу бойынша шығыстар мен басқару бойынша шығыстарды шегергендегі жалпы пайда. Бұл көрсеткіш өнімді өткізудің нәтижесіне басқару мен өткізуге байланысты шығындар қалай әсер ететінін көрсетеді.
Г)Қаржылық іскерліктен пайда-қаржылық іскерлік бойынша табыстар мен шығындардың сальдосы.Бұл көрсеткіш кәсіпорынның негізгі іскерлігінен түскен пайданы басқа операциалар бойынша:дивиденттер мен пайыздардан, шетел валютасымен операциялардан және т.б сол сияқты операциялардан алынған пайдадан бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.
Д)қарапайым шаруашылық іскерлігінен түсетін пайда-негізгі шаруашылық іскерлігінен түсетін пайдамен қаржылық іскелігінен түсетін пайданың қосындысы.
Е)әдеттен тыс пайдалар.
Ж)салықтарды төлегенге дейінгі пайда-Бұл көрсеткіш бухгалтерлдік пайдадан салықтық пайдаға өту нүктесі болып табылады.Бухгалтерлік пайда-бұл бухгалтерлік есептің талабына сай есептелген пайда.Бухгалтерлік пайданы анықтаудың негізгі мақсаты-есепті мерзім ішіндегі кәсіпорынның іскерлігінің тиімділігін көрсету.Бухгалтерлік есеп жалпы кәсіпорынның шығындары мен пайдасы туралы ақпаратты жинақтап өңдеуге және оның іскерлігінің таза нәтижесін тіркеуге арналған.Бұл мақсатқа қол жеткізгеннен кейін шыққан нәтиже мемлекеттің салық туралы заңына сәйкес жөндеулер енгізілуі қажет.Осылай,салықтық пайда-салық туралы заңға сәйкес жөндеулер енгізілген бухгалтерлік пайда.
З)таза пайда-(таза шығыс)-салықтарды төлегеннен кейінгі пайда.Нарықтық экономика жағдайында бұд кәсіпорынның іскерлігіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады.Дәл осы көрсеткіш басқарушы кәсіпорындар мен қаржы нарықтарының басты қызығушылықты білдіретін көрсеткіші болып табылады.Оның өзгерісінен кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу мерзімі,оған алынатын жаңа жұмыскерлер санымен және акционерлерге берілетін дивиденттердің көлемі анықталады.
Өндірістік өзіндік құн мен шаруашылық шығындарды және сонымен қатар өнімді өткізуге байланысты шығындарды бөліп қарау соңғы нәтижеге кәсіпорынның өндірістік,әкімшілік және өндірістен тыс іскерлігі қалай әсер еткенін білу үшін қажет.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі шығындарға бөліп қарастыру қаржылық жоспарлау мақсатында жасалады.Бұл жерде негізгі өнімнің болашақтағы өткізілу көлемінің өсуі немесе төмендеуіне байланысты тұрақты және өзгермелі шығындардың қалай өзгеретіні анықтау басты мақсат болып табылады.Тек өзгермелі шығындар ғана өнімнің көлемінің өзгерісіне пропорционалды өзгеретінін ескеру қажет.
Кәсіпорынның шығындарының көрсеткіштері:
А)сатылған өнімнің өзіндік құны.Бұл бапқа кәсіпорынның сатылған өнімнің тек өндірістік шығындары ғана,яғни материалға,жалақыға кеткен шығындар жатады.
Б)жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындар.
В) қаржылық іскерлік бойынша шығындар-ол кәсіпорынның қарызын өтеуге байланысты қызсметтерге кететін шығындар.Нарықтық экономика жағдайларында бұл көрсеткіш кәсіпорынның өміршеңдігін көрсетеді:мұндай шығындардың үлкен көлемі кәсіпорынды банкроттыққа әкелуі мүмкін.
Г)әдеттен тыс шығындар.
Қаржылық менеджмент үшін қаржылық нәтижелермен қатар есептілік мерзімдегі ақшалай қаражаттардың қозғалысын жеке талдап, ақшалай қаражаттардың негізгі қаржылану көздерінің өзгерісін анықтап,олардың қолданылу бағытын анықтау қажет.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысына талдау жасау үшін бюухгалтерлік есептің № 4- «Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы» формасынан білуге болады.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептілік
Ақша ағымының көрсеткіштерін есептеудің екі әдісі бар:түзу және жанама.Түзу әдісі көрсетілен іскерлік түрі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын көрсететін бухгалтерлік есеп ақпараттарын жинақтап талдайды.ал жанама әдіс баланс ақпараттарын қайта топтау мен жөндеулер енгізіп,есетілік мерзім ағымында қаржылық ағымдардың ақшалай ағымдарға ағымға қайта шоттау мақсатында қаржылық нәтижелер туралы есептілік қарастырылады.
«Өндірістік-шаруашылық іскерлік» бөлімінде таза пайданы анықтау барысында қолданылатын баптар көрсетіледі.Онда келесідей ақша ағымдары туралы ақпараттар тіркеледі: көрсетілген қызмет немесе өткізілген тауардан түскен қаражат, басқа кәсіпорындар төлеген пайыздар мен дивиденттер, активтерді өткізуден түскен түсім.Ақша ағымдарының сыртқа қарай ағымы жалақы төлеу, қарыздар бойынша пайыздарды өтеуден,басқа кәсіпорындардан алынған тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер, салыққа төлемдер және т.б төлемдерден орын алады.Сонымен өндірістік-шаруашылық іскерлік нәтижесінде ақшалай қаражаттардың өскенін немесе кемігенін білу үшін келесідей операциаларды жүргізу қажет:
1.Кассалық әдіс бойынша есетеу әдісі негізінде анықталған қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым қаражаттарын есептеу.Айналым қаражаттар бабына жөндеулер енгізу барысында таза пайдадан олардың өсімін алып тастап,ал оның азаю көлемін таза пайдаға қосу қажет.Ол есептеу әдісі бойынша айналым қаражаттарын бағалағанда біз олардың құнын жоғарылатамыз сәйкесінше пайданың көлемі төмендейді.Негізінде,мерзім ағымында айналым қаражаттарының құнының өсуі пайда ретінде ақшалай қаражаттардың өсуіне әкелмейді сондықтан оны таза пайданың құрамынан алып тастау қажет.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге жөндеулер енгізу барысында,керісінше олардың мерзім барысындағы өсімін таза пайдаға қосу керек,өйткені бұл өсім ақшалай қаражаттардың ағып кетуіне әкелмейді,ал қысқа мерзімді міндеттемелердің азайған көлемін таза пайдадан алып тастау қажет.
2.Ақшалай төлемдерді талап етпейтін шығындарды ескеріп таза пайдаға жөндеулер енгізу.Бұл үшін мерзім ағымындағы сәйкес шығындарды сол мерзімдегі таза пайдаға қосу қажет.Ондай шығындарға мысал болып амортизациалық аударымдар жатады.Олар пайданы есептегенде шығындар бабы ретінде тіркеледі.Бірақ,ақша қозғалысының ағымы жағынан қарағанда, амортизациалық аударымдар-кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының маңызды көзі болып табылатын,өнімді сатудан түсетін түсімнің бір бөлігі ретінде қаралады.
3.Негізгі емес іскерліктен алынған пайдамен шығыстарды алып тастау қажет, оларға ұзақ мерзімді активтерді,басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатудан түскен пайда немесе шығыстарды және т.б жатқызуға болады.Бұл баптар ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы баптарда кәсіпорынның қаржылық және инвестициялық іскерлігі нәтижесінде пайда болады.Бұндай операциялардан шығыстарды таза пайдаға қосу керек те,пайданы таза пайдадан алып тастау қажет.
«Инвестициялық іскерлік» бабына көбінесе ұзақ мерзімді активтермен болған, яғни бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялар, материалды және материалды емес ұзақ мерзімді активтермен жүргізілген операциялар тіркеледі.
«Қаржылық іскерлік» бабына кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері мен меншікті капиталынада болған өзгерістер тіркеледі.Бұған жататындар:меншікті акцияларды сату мен сатып алу,кәсіпорынның облигацияларын шығару,дивиденттер төлеу,кәсіпорынмен оның ұзақ мерзімді міндеттемелерін жабуы.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы аналитикалық есептіліктің әр бір бөлімінде ақшалай қаражаттардың түсімі туралы және олардың әр бап бойынша шығындалуы туралы ақпараттар келтіріледі.Оның негізінде мерзім бойындағы жалпы ақша қаражаттарының өзгерісі анықталады.Одан кейін мерзім соңына ақшалай қаражаттардың қалдығы есетеледі-бұл ақшалай қаражаттардың мерзім басындағы сомасы мен осы соманың мерзім ағымындағы өзгерісі.Жалпы мұндай талдау жасау ақшалай қаражаттардың қозғалысына өндірісті-шаруашылық,инвестициялық, қаржылық іскерліктің қалай әсер еткенін анықтауға мүмкіндік береді. [13,72-81 беттер]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет