Байланысты: Blue Orange Creative Diabetes Presentation 2
“НАШАҚОРЛЫҚ-
ҚАУІПТІ ІНДЕТ,
АЛДЫН АЛУ-МІНДЕТ”
Алматы 2023
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
НАШАҚОРЛЫҚ
ҚАНДАЙ АУРУ?
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke– мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) –есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Нашақорлық - өзіндік ерекшелегі бар ауру.Онымен күресті тек кешенді, барлық әлеуметтік,дәрі-дәрмектік әдістерді қолдана отырып күресу қажет.
Ең басты – аурудың өзі жазылуға ниетті болуы керек. Оның жазылу ниетін қолдап, көмектесу –қоғамның әр мүшесінің парызы.
ЕСІРТКІ ДЕГЕН НЕ?
ЕСІРТКІНІҢ ТҮРЛЕРІН
БІЛЕМІЗ БЕ?
Марихуана
Кокаин
Героин
Кокаин – коки өсімдігінен
шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі.Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдарқолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан
астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді. Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы
сезініп, күйзелу немесе шаршаған
жағдайын кетіру үшін қолданады.
Қолданудың ақыры – сандырақтауға,
дем алуының бұзылуына, есінен
тануына, ақырында өлімге әкеліп
соғады.
Героин- ең алдымен опий
пайда болды, содан кейін одан
морфин алынды, одан героин
шығарылды.Героин өзінің
есірткілік белсенділігімен
морфийннен әлдеқайда
асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары
бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене
және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке
шалдығады, ақырында өлімге
әкеп соғады
Марихуана– кептірілген,
ұсақ туралған жапырақтың,тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы.
Марихуана–көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян
келтіреді.Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
ТОКСИКОМАНИЯ– БУЛАРМЕН, ГАЗДАРМЕН ДЕМАЛУ. ТОКСИКОМАНИЯНЫҢ кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы
тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде
негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин
және т.с.с.
ТОКСИКОМАНИЯ
ТОКСИКОМАНИЯНЫҢ ӘСЕРІ
ТОКСИКОМАНИЯНЫҢ ӘСЕРІНЕН БҰЛШЫҚ ЕТ АУРУЛАРЫ, ЖҮРІС-ТҰРЫС БӘСЕҢДЕУІ, САЛМАҚ ЖОҒАЛТУ, БАУЫР МЕН БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫ, БАС МИЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ, ЕСКЕ
САҚТАУ, ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ӘЛСІРЕУІ СИЯҚТЫ АУРУЛАРҒА,
АЛ ӘРІ ҚАРАЙ АСФИКСИЯҒА (ДЕМ АЛУДЫҢ ҚИЫНДАУЫ), ЕСТЕН ТАНУҒА, КОМАҒА
ЖӘНЕ КЕНЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛУҒА ӘКЕЛІП СОҒАДЫ.
https://youtu.be/lYB6HIxGpts?si=Zhy8bM4Tb8KXdxcA
Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза.
Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз
бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы,
ерікті түрде бұзу.
• Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде
елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор
ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты
перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала
пайымдайық!
THANK YOU!