Науқасқа жеке көзқарасты іске асыру (коммуникативті дағды)



бет1/6
Дата25.01.2022
өлшемі27,07 Kb.
#114113
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кеңесбай Бекзат прак 1КҮН


Науқасқа жеке көзқарасты іске асыру (коммуникативті дағды)

(қысқа видео түсіру үйде)


Сұрақтар:

Жауап жазыңыздар

1. Медициналық имидж

Имидж — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.

Ал дәрігер имиджі – оның білімділігімен біліктілігінен тұрады .



2. Науқаспен қарым-қатынас түрлері

Медициналық этикет қызметкерлер арасындағы субординацияны қатаң ұстанады,яғни лауазымы төмен қызметкерлер лауазымы жоғары қызметкерлерге бағынады (медбике дәрігерге).

Бұл─дисциплинаның сақталуына, коллективтегі “Сіз” атты бір-біріне деген құрметтің қалыптасуына, науқастарға қарау кезіндегі тәртіптің болуына, басшылардың авторитетінің қорғалуына оң әсер етеді.



3. Науқастарға эмпатияның пайда болуы

Эмпатия адамның мінез-құлқында, әсіресе оның әлеуметтік корреляциясы тұрғысынан басты рөл атқарады.

Дәрігердің науқаспен жақсы тіл табыса алуы болашақ ем-шараны жүргізуге оңынан ықпалын тигізеді.Қарым-қатынас орнау үшін,ең бастысы науқастың дәрігерге деген сенімін қалыптастыру.Оған дәрігердің өзін-өзі ұстауы,киген таза киімі,яғни колпак,халаттың үтіктеулі болуы, жаққан далабы қатты көзге түспейтін,иіссуы өте өткір болмауы, жүрген жүріс-тұрысы бәрі де науқаспен арасындағы контактіге әсерін тигізеді.




4. Науқасты белсенді (рефлексивті) тыңдау

Белсенді тыңдау оңай мәселе болып көрінгенімен, тыңдаудың бұл түрі біздің когнитивті және эмпатикалық қабілеттеріміздің күш-жігерін қажет етеді. Қалай тыңдауға болатынын білу қарым-қатынаста өте маңызды, және ондай болып көрінбесе де, біз көп жағдайда басқаларды тыңдаудың орнына не ойлайтынымызды және не айтатынымызды байқауға көп уақыт бөлеміз.

Дәрігер науқаста дұрыс тоыңдау арқылы емшараны дұрыс жүргізуге мүмкіндік алады



Кеңесбай Бекзат ЖМҚБ-02-20



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет