Клиникалық ситуациялық есеп № 3
Қабылдау бөліміне 39 жастағы әйел келді, мектепте оқытушы болып жұмыс жасайды. 13 жылдан бері некеде, балалары жоқ.
Тексеру нәтижесі бірнеше жыл бойы бедеулік бар екенін көрсетеді. Пациенттің жұбайы құрылысшы болып жұмыс жасайды. Пациентке және оның жұбайына бедеулікті жою үшін қымбат тексерістерден өтіп, жақсылап емделу керек екендігін дәрігер түсіндірді.
Сізге пациентке оның жағдайы туралы хабарлау қажет, оның одан әрі іс-қимылдарына қолдау көрсету керек.
Тапсырма: Науқасты сұраңыз, жағдайын түсіндіріңіз, туындаған сұрақтарға жауап беріңіз, өз коммуникативтік дағдыларын көрсетіңіз. (рольдік ойын ретінде)
Жауабы:
Науқастың жағдайын дәрігерлік этиканы сақтай отыра түсіндіреміз. Бас дәрігердің айтқаны бойынша емдік шараларды толығымен қабылдап , тексерістерден дұрыс өтіп жүрсе жағдайдың жақсаратыны жайлы жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |