Науқастардың қауіпті мінез-құлықтық және суицидтік көріністерінің қауіптілігін бағалау. Дағдарыстық ара-қатынастар. Суицидтің алдын алу


Соңғы саты. Толеранттылық төмендейді. Темекі тарту әдетке айналады. Терең емес болдырмау синдромы пайда болады. Ұйқысы бұзылады. Пассивті темекі шегу



бет7/8
Дата29.05.2022
өлшемі56,24 Kb.
#145401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Псих 3 билет дайыны
Парманкулова П. Асаналиев М (2), 1 билет, geofrey ch englit, robin hood pr, Молекулалык биология 5.2, Презентация, 18, гост эгзамен З (3)
Соңғы саты. Толеранттылық төмендейді. Темекі тарту әдетке айналады. Терең емес болдырмау синдромы пайда болады. Ұйқысы бұзылады.
Пассивті темекі шегу кезінде егер, адам темекі шегілген бөлмеде 1,30 сағат болатын болса, ағзада никотин концентрациясы сегіз есе көбейеді. Сондықтан темекі шегетін адам тек өзіне ғана емес сонымен қатар қоршаған адамдарғада зиянын тигізеді.



Инфекциялық және интоксикациялық психоздар. Клиникасы, ағымының өтуі.
Пайда болуы мен дамуына негізгі себеп инфекциялар болып табылатын, ал психопатологиялык көрінісі әдеттегі экзогенді типтегі реакциялармен аныкталатын психоздар — инфекциялык психоздар деп аталады.
Экзогенді тип реакцияларына келесі синдромдар жатады: астениялык, делириоздык, корсаковтык, эпилептиформды козу (карауыткан жағдай) кататония, галлюциноздык синдромдар. Мұндай психопатологиялык симптоматикамен жалпы инфекциялар (сүзек, безгек, туберкулез және т.б.) өтуі мүмкін немесе ол мида орналаскан инфекцияның клиникалык көрінісі болуы мүмкін. М енингит кезінде басым ми кабыктары, энцефалит кезінде ми затының өзі, менингоэнцефалит кезінде комбинирленген закымдалу байкалады. Кейбір жалпы инфекциялар энцефалитпен (мысалы, іріңдік инфекция, тұмау, малярия) немесе менингитпен (мысалы, туберкулез) байланысты аскынуы мүмкін.
Инфекциямен күресудегі кеңестік медицина жетістіктерінің аркасында біздің елде инфекциялык аурулармен ауыру күрт төмендеп, осыған сәйкес инфекциялык психоздардың да кездесу жиілігі едәуір азайды.
Инфекциялык психоздарды шынайы ғылыми зерттеу XIX ғасырдың аяғында басталды, бұған микробиологияның дамуы мен медицинадағы нозологиялык бағыттың пайда болуы ыкпал етті.
XX ғасырдың басында К. Бонгеффердің экзогенді типті реакцияларының концепциясы пайда болды. Мұның мәні әр түрлі экзогенді зияндылыктарға бұзылыстардың ұксас психикалык формаларымен жауап реакциясын мойындау болып табылады.
Интоксикациялар кезіндегі психикалық бұзылыстар жеке түрде көрініс
бермейді, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді.
Бұл кезде қаннан, зәрден және ликвордан токсикалық заттарды табуға болады.
Токсикалық агент көп реттік әсер еткенде, ағзаның улы затқа жоғары
сезімталдығы пайда болады, осылайша улы заттың аз дозасымен туындаған
патологиялық реакция токсикалық зат әсері тоқтағаннан кейін де жалғасады.
Әр түрлі интоксикациялар кезінде аса айқын көрінетін синдром сана бузылисы болып табылады, сананың делириозды күңгірттенуі түрінде жүреді. Делирий бір реттік массивті интоксикация кезінде немесе айқын емес, бірақ
қайталамалы ұзақ интоксикация жағдайында пайда болады. Сананың делириозды күңгірттенуі атропинмен, тетраэтилқорғасынмен, бензинмен,
күкірткөміртегімен, мышьякты сутегімен және т.б. уланғанда болады.
Гипоксия туғызатын заттармен (күкіртсутегімен, көміртек тотығымен)
уланғанда есеңгіреу жиі бақыланады, ал массивті уланғанда, сопор мен кома
жағдайы болады.
Иісті газбен, анилинмен, антифризбен, қорғасынмен, сынап, радиоактивті
заттармен уланғанда мнестико-интеллектуалды бұзылыстар бақыланады.
Маниакальды (АКТГ, акрихинмен уланғанда), кататониялық, гебефренді
(сынаппен, радиоактивті заттармен уланғанда) шизоформды симптоматика жиі
бақыланады.
282 XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бұзылыстар
Психоз дәрежесіне жетпейтін психикалык бұзылыстарға астениялык,
невроздык, депрессивті және ипохондриялык синдромдар тән болып табылады.
Клиникалык көрінісі басым жағдайда сана бұзылысымен байланысты жүретін
психоз жедел түрде өтеді. Созылмалы ағымдағы психоз шизоформды симпгоматикамен жүреді.
Интоксикациялык психоздардың емі ең алдымен, психоз жағдайына алып
келген интоксикацияны токтатудан және массивті дезинтоксикация және
патогенетикалык терапия жүргізуден тұрады. Интоксикация кезінде организм
кейбір улы заттармен және біркатар дәрілік заттармен де белгілі бір дәрежеде
сенсибилизацияланады, сондыктан оларды сактыкпен колдану кажет.
Бұл — кез-келген интоксикациялык психоздар терапиясыныщ ортак
принциптері, дегенмен жиі колданылатын және жоғары тиімділік көрсететін
антидотты препараттарды тағайындауды естен шығармаған жөн. Десенсибилизациялык әсері бар препараттар да жаксы эффект береді (димедрол,
супрастин, новакаин және т.б.). Инсулинді аз мөлшерде тағайындауға болады.
Сынап, мышьяк (корғасынды есептемегенде) және т.б. металдар косылыстарымен уланғанда, дезинтоксикациялык ем жүргізу үшін унитиолдың 1 г
ішке немесе 5% — 10 мл ерітіндісін бұлшыкетке егеді, тері астына физиологиялык
ерітінді, көкгамырға кан, плазма, кан алмастырушы заттар жіберу керек. Жүрек,
тыныс мүшелерінің кызметін сүйемелдеу кажет, массивті дәрумендік терапия,
әсіресе В тобының дәрумендерін тағайындау керек.
Ауыр улану кезінде улануға карсы күрес орталыктарында немесе реанимациялык бөлімшелерде гемосорбция және баска да заманауи әдістер колдану
аркылы жүргізілуі тиіс.
Интоксикациялык психоздардың профилактикасы сәйкесінше іс жүзіндегі
санигарлык бакылаудан, интоксикацияның алғашкы симптомдары кездесетін
наукастарды ерте аныктау және зиянды факторлардың ағзаға әсерін токтату
шараларынан тұрады. Дәрілік препараттардың көп мөлшерін алғаш және ұзак
уакытка әсіресе, жас балалар мен карттарға тағайындағанда, сактык кажет.

3

Сезіну бұзылыстары (сенестопатия, парестезия, гипостезия, гиперестезия). Қабылдау бұзылыстары (иллюзия, галлюцинация, псевдогаллюцинация, агнозия).
Тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық — гиперестезия деп аталады. Ол
жиі астенизацияланған ауруларда тітіркенген әлсіздік белгілерімен көрінеді.
Күннің сәулесі, жай дыбыстар, тіпті, иістерді көтере алмайды, киімнің денеге
жанасуы да тітіркендіреді.
Түйсіктің сапалық өзгерісінің ішінен парестезия мен сенестопатияны бөлеміз.
Бұл кездерде науқас буында, аяқ-қолда, теріде, барлық денеде болатын буыпқысу, шаншу, қозғалу т.б. осы секілді жағымсыз сезімдерге шағым айтады.
Парестезия кезінде сезім нақтырақ, физикалық, сезімдік сипатта болады. Сенестопатияда сезімдер айқын емес, нақтылығы жоқ кейде оғаш, түсініксіз
болып келеді; науқастар оны жиі ішкі мүшелермен және бас миы жағдайымен
байланыстырады. Парестезияның шығу тегі — неврологиялық бұзылыстар
нәтижесі, сенестопатия кезінде жүйке және жүйке орталықтарының
көрінерліктей патологиясы болмайды. Сенестопатия мәні жағынан жалпы
сезімнің иллюзиясы және галлюцинациясы болып табылады (тактильді және
интероцептивті). Қабылдау мазмұнының патологиялық өзгерістері, сапалық
бұзылыстарына сезім мүшелерінің алдануы — иллюзия мен галлюцинация
жатады. Иллюзияда қабылдау бұрмаланған және қабылдау объектіне сәйкес
келмейді.
Галлюцинацияда тітіркендіру көзі мүлдем болмайды, бірақ адамда әр түрлі
сезімдер пайда болады, жоқ құбылыстар мен заттар қабылданады. Осы
құбылыстарға толық сипаттама беру үшін тоқталамыз.
Иллюзия — шындығында бар объектіні қате қабылдау. Иллюзия тек психикалық аурудың белгісі емес, жиі сау адамдар арасында да кездесуі мүмкін.
Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мүшелерінен түсетін
ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Қараңғыда жарық күнмен
салыстырғанда шатасу, бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. Осыған
байланысты иллюзия қандай да сезім мүшесі функциясы әлсіреген адамдарда
кездеседі: мысалы, саңырауларда — есту, көзі нашар көретіндерде — көру иллюзиясы т.б.
Иллюзияларда ақпарат жеткіліксіздігі елестету арқылы толықтырылады.
Бұл жағдайда елестету өздігінен емес, осы уақытта санада үстемдік етуші
ойға байланысты пайда болады. Мысалы, қорқыныш жағдайындағы адам
қараңғыда бұрыштағы ілулі пальтоны жасырынып тұрған қастандық жасаушы деп ұғады.
Патологиялық жағдайда иллюзияның дамуы осы заңдылық бойынша жүреді.
Кейбір психоздар (аққызба, шизофрения өршуі, кәрілік алдындағы психоз, қан
Қабылдау бүзылысы 117
тамырлық психоздар) қорқыныш, үрей, мазасыздық, жақындаған қайғықасіретті сезінуден басталады. Ауру өзіне төнген қауіпті сезінеді, істің мәні неде
екенін түсіну үшін қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың
сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп, өз көңіл-күйіне қатысты қабылдайды:
соғыс басталды, оған қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр; көшеде ойнаған
балалар шуылын подвалда қиналып жатқан туыстарының дауысы деп ойлайды,
оларды қинамауын өтініп, жылайды. Бұл аффективті иллюзия деп аталады, бұл
кезде сандыраққа дайындық бар.
Сезім жеткіліксіздігіне байланысты қабылдауда елестету рөлі өсе түседі.
Қалыпты жағдайда пайда болған қабылдау қателіктері сау пікір көмегімен
түзетуге келеді. Сандырақпен ауырған науқастарда елестету де, ойлау да
патологиялық өзгерген болып саналады және де сандырақты елестету санада
үстемдік етеді. Осылайша, тітіркендіру күшінің жеткіліктілігіне қарамастан
сезім мүшелеріне түсетін ақпарат сандырақ ойлармен бұрмаланады.
Шизофрениямен ауыратын науқас айнаға қарап отырып, бетінің төмендегі
бөлігі алға қарай қозғалатындығын «қасқыр тұмсығына» ұқсайтынын көреді;
пресенильді психозда өзін тірі өлік санайтын адам, денесінен жанының қалай
шыққандығын, өлік дақтарын, өлім белгілерін «көреді». Осы тәріздес интерпретативті иллюзия жедел сезімдік сандырақпен, интерметаморфоза
сандырағымен, оң және теріс егіздік сандырағымен науқастарда да кездеседі.
Иллюзияның үшінші түрі — парейдолиялық деп аталады. Иллюзияның бұл
түрінде қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық
елестерімен бұрмаланады, сана күңгірттенуі жаңа басталып келе жатқан
науқастар елестерінің таңғажайып ойынымен бейнеленеді. Қалтырау
жағдайындағы балада сезім мүшелеріне түскен тітіркендіргіштер бір сәтте ертегі
сюжеттеріне айналады, мысалы, тұсқағаздағы дақтар, қабырғалардағы жарықтар,
шам көлеңкесі еденге түскенде қозғалатын жануарлар бейнесіне енеді, үйлер
тәрізді қабылданады; бұлттар қорғандарға айналып, оның контурынан үлкен
қалаларды, әдемі пейзаждарды көреді. Одан әрі науқас жағдайының ауырлауына байланысты шынайы қоршаған ортамен арадағы байланыс біртіндеп жойылады, елестер басым бола түседі.
Галлюцинациялар. Галлюцинация — объектісіз қабылдау, жалған қабылдау.
Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде жоқ дауыстар естіп, адамдарды
көреді. Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді.
Галлюцинацияны алғаш рет Ж. Эскироль сипаттаған, ол галлюцинантты
қандай да бір жоқ затты көретініне, еститініне немесе басқа да жолдармен
қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырды.
Галлюцинацияны сезім мүшесі бойынша: есту, көру, сезу, дәм сезу, өз денесін
сезу немесе жалпы сезім галлюцинациясы болып бөлінеді. Соңғы жағдайда
патологиялық түйсік жеке мүшелер немесе барлық денеге қатысты: іште бірдеңе
жыбырлағандай, ішкі мүшелерде ішектер жабысқан сияқты, өкпе тасқа
айналғандай болып сезіледі.
Галлюцинацияларды сезім мүшелеріне қарай есту, көру, иіс сезу, дәм сезу,
жанасу және денелік (тәндік) немесе жалпы сезімдік деп бөлеміз. Соңғы аталған
түрінде патологиялық сезім жеке мүшелерден немесе бүкіл денеге қатысты; іш
118 VIII Тарау. Психикалық бұзылыстар симптомдары
қуысымда бір нәрсе қазбалап жатыр, ішкі мүшелерім орын ауыстырды, ішектерім
жабысып қалды, өкпелерім тасқа айналды.
Галлюцинациялар элементарлы, бұл кезде тек дыбыстар, шуыл, тарсыл
(акоазмдар), жарық жолақтарын, дақтар көру (фотопсиялар) және аса курделі
болуы мумкін, адамдардың сөздерін естиді (вербальды галлюцинация), бейнелер
көреді.
Кей жағдайларда галлюцинациялар тек ұйықтар алдында (гипногогиялық
галлюцинация) немесе оянар кезде (гипнопомпиялық галлюцинация) пайда
болады. Сирек байқалатын экстракампинді галлюцинацияларды жеке айтып
өту керек: бұл кезде науқас көру аумағынан тыс нәрсені көреді мысалы, өз
артындағы адамды көреді.
Функциональды немесе рефлекторлы галлюцинация, бір нақты немесе өзге
анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады. Науқас желдеткішті қосқанда,
оның шуымен қатар әңгіме естиді; желдеткішті өшіргенде, дауыстар жоғалады.
Дөңгелек сартылымен қатар ән естиді, поезд тоқтағанда ән естілмейді. Иллюзияда шын мәнінде бар тітіркендіргіш басқа зат ретінде қабылданса,
рефлекторлық галлюцинацияда тітіркендіргіш галлюцинациямен бірге
қабылданады.
Галлюцинацияның пайда болуы психикалық жағдайдың едәуір ауырлығын
көрсетеді. Галлюцинация — психоз жағдайының жиі көрінісі, ал невроз
жағдайында болмайды.
Галлюцинациялардың ерекшеліктерін әрбір жеке жағдайларда қарастыру
психикалық дерт диагнозын қойып, нәтижесін болжауға көмектеседі. Адамға
тән дауыстарды жалған қабылдау шизофренияға және алькогольді галлюциноз
кезінде бақыланады. Ш изофрения кезінде естілетін дауыстар жиі тікелей
науқасқа бағытталған, бұйрық береді, оның іс-әрекетіне талдау жасайды. Созылмалы алкогольді галлюцинозда дауыс үшінші жақтағы адам дауысымен
науқас жөнінде сөйлейді, оның маскүнемдігін талқылап кінәлайды.
Көру галюцинациясы орталық жүйке жүйесінің улануымен, инфекциясымен
байланысты жедел психоздарға тән, бас миының органикалық зақымдануларында
кездеседі. Бөртпе тифозды психозда ауру бөлме ішіндегі өртті көреді; аққызбада
(белая горячка) көз алдында жануарлар, қорқынышты құбыжықтар келеді.
Жақын адамын жоғалтуға байланысты дамыған психоздарда өлген адамның
бейнесі көз алдына келеді: әдетте түн уақытында, қараңғы жағдайда көрде немесе бөлме бұрышында ақ жабынмен көреді. Шизофренияға көру галлюцинациялары тән емес, олар кездескен жағдайда күрделенбеген түрде, қысқа уақытқа
созылады, жедел жағдайға байланысты пайда болады. Шизофения клиникасында иіс сезу галлюцинациясының пайда болуы, дерттің емге тұрақты жайсыз
ағымға ауысқанының белгісі. Кокаинмен уланғанда ауру тері астында жәндіктер,
инелер, майда тірі жәндіктер қозғалып жүргенін сезінеді (Маньян симптомы).
Галлюцинация бар екендігін науқастың әңгімесінен ғана емес, оның қимыләрекетінен байқауға болады (галлюцинацияның объективті белгісі). Бұл әсіресе
науқастың галлюцинация бар екенін жасыруы кезінде маңызды. Есту галлюцинациясымен ауырған науқас дауыстармен сөйлесіп, оларға жауап береді
(8.1-сурет). Дауыстардан шаршаған адам оларды естімес үшін құлағын жабады
Қабылдау бұзылысы 119
(8.2-сурет), кейде құлағына әр түрлі заттар тығып қояды. Жағымсыз иістерді
сезбес үшін мұрын тесігін саусақтарымен басады (8.3-сурет), көру галлюцинациясы кезінде ауру бетін басады, бір жаққа қарайлайды (8.4-сурет). Тетраэтил
қорғасынмен уланғанда психоз жағдайында науқас үздіксіз ауыз қуысынынан
өзіне сезіліп тұрған шаштарды алып тастауға тырысады.
Науқастың бұрыс іс-әрекеті галлюцинацияның мазмұнына сәйкес келеді.
Ауру жалған өрттен қашамын деп жоғарғы қабаттың терезесінен секіріп,
жарақаттанады. Жалған соңына түсушілер даусынан қашып, транспорт астына
түсіп мертігеді. Берген тамақтан бас тартады, өйткені, тамақ уланған сияқты
болып көрінеді. Әсіресе, императивті есту галлюцинациясымен ауыратын
науцастар өте қауіпті, олар оған бұйрық береді: тамақ ішпе, біреуді соқ, өзіңе
қарсы қол жұмса деген сипатта.
Шынайы галлюцинация шынайы қабылдаудың барлық белгілеріне ие және
шын мәнінде бар объектілерден ажыратылмайды. Галлюцинаторлы бейне
сезімдік шынайылыққа ие: күші, биіктігі, дауыс ырғағы, бейне түстілігі, көлемі,
және т.б.; кеңістіктен қабылданады (экстрапроекциялық қасиеті); ырықсыз
пайда болады; науқастың өзіндік «Мен»-імен байланысы жоқ, объективті
шындық ретінде қабылданады.
Галлюцинация өзінің табиғаты бойынша аурудың елестету сезімінің
жандандырылған түрі, галюцинация құрылымының баяу және аяқталмаған
үрдісінде ауруларда «жетілмеген галлюцинацияларды» байқауға болады.
Оларды галлюциноидтар деп атаймыз (Е.А. Попов). Мысалы, науқас ойы
бірінші түрінен басқа (сезімдік жандылық) қабылдаудың барлық қасиеттерін
иеленсе. Мұндай аурулар дыбыссыз дауыстарды естиді, олар бұны дауыс емес,
ол — басқалардың ойы, әлде роботтың дауысы — «механикалық, ер адамның
да, әйел адамның да емес» дейді, көз алдында қоршаған ортадағы заттарды
көруге кедергі келтірмейтін мөлдір бейнені көреді (кино сияқты). Г. Баярже
«ең жай сыбдырдан да жай» дауыстарды сипаттады және бұл жалған қабылдауды
психикалық галлюцинация деп атады.
Галлюциноидтың басқа нұсқасы — экстропроекциясыз жалған қабылдау.
Науқас ат үстіндегі кісіні көреді, оның көйлегінің түсінің қандай екенін де
айтуы мүмкін, бірақ өзінің ішкі дүниесінде көреді — «ішкі шолуымен». Ауру
басының ішіндегі дауыстарды естиді, олардың кейбіреулерін таниды, олармен
сөйлеседі; дауыстар еркінен тыс пайда болады, аппараттың көмегімен науқастың
басына беріледі. Экстрапроекциялық қасиеті жоқ бұл жалған қабылдаулар алғаш
рет орыс дәрігері В.Х. Кандинскиймен сипатталды, оны жалған галлюцинациялар (псевдогаллюцинациялар) деп атады. Одан әрі бұл маңызды диагностикалық
феномен бөлшектеп зерттелді, сондықтан қазіргі уақытта оның басқа белгілерін
есепке ала отырып, толық анықтамасын бере аламыз.
Псевдогаллюцинациялар — жасандылық сезімімен жүреті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет