Социальды статусы: тұрақты мекен-жайсыз, отбасы құрмаған, жұмыссыз.
Еңбек анамнезі: жұмыс жасамаған.
Үй анамнезі: Науқас Карағанды қаласында, 4-қабаттағы кірпіш үйде, екі бөлмелі пәтердің бөлмесінде, барлық жағдайлары бар, келесі бөлмеде туберкулезбен ауыратын әйел бар (науқастың айтуы бойынша). Тұрғын үй жағдайлары қанағаттанарлық.
Тамақтану: Тәбет төмендеген. Тұрақты емес тамақтану, 2-3 реттік тамақтану, төмен калориялы.
Жаман әдеттер: Нашақорлықпен айналыспайды, алкогольді ішімдік қабылдамайды, темекі шекпейді.
Аллергологиялық анамнезі: Тағамдарға, дәрі-дәрмектерге, вакциналар мен сарысуларға аллергиялық реакциялары жоқ.
Тұқымқуалаушылық: Науқастың айтуынша, ата-анасы сау, созылмалы аурулармен ауырмайды.
Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс: ол бір пәтерде туберкулезбен ауыратын науқаспен бірге тұрған (науқастың айтуы бойынша), ол оны жұқтырған деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |