Науқастың функционалдық жағдайын бағалау



бет3/7
Дата27.02.2023
өлшемі82,75 Kb.
#170279
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нау асты функционалды жа дайын ба алау
Алгебра Срс Асхатова, Жаһандану мәселелерінің маңызы қандай, 01.03.22 патология
Сандырақтаубұл жалған, ретсіз пікір, ойланудың бұзылуы және байланыссыз сөйлеумен бірге жүреді. Соматикалық науқастарда жоғары дене температурасы кезінде (мысалы, жұқпалы аурулар кезінде), жиі психикалық бұзылыстары кезінде болады. Сандырақтаудың тыныш және елірме түрін ажыратады. Елірме сандырақтауда науқастар қозулы күйде, төсектен ұшып тұрып, осы жағдайда не өзіне, не айналадағыларға залалын тигізуі мүмкін. Бұл науқастарды күту мен бақылау үшін жеке мейірбикелік бекет ұйымдастырылады.
Галлюцинация – шын мәнінде жоқ нәрсені, жалған қабылдау. Есту, көру, иіс сезу, сипап сезугаллюцинациялары болады. Есту галлюцинациясында науқас өз-өзімен немесе жалған әңгімелесушімен сөйлеседі. Көру галлюцинациясында науқасшын мәнінде жоқ нәрсенікөреді. Бұндай галлюцинация көбінесе созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда болады. Иіс сезу галлюцинациясы науқастарда жағымсыз иістер мен дәм сезудің өзгеруімен болады. Сипап сезу галлюцинациясы – денесінде жәндіктер, микробтар жүрген сияқты сезімде болады.

Науқастың төсектегі қалпы түрлері


Ø Белсенді қалып — науқас қажеттілігіне қарай ерікті (белсенді) қозғалыстарды еркін және жеңіл орындайды, ешкімнің көмегінсіз төсекте қозғалады, жүреді. Науқастың белсенді қалпы жеңіл ауруларда немесе ауыр аурулардың бастапқы кезеңіне тән.
Ø Пассивті қалып науқас қозғалыссыз, әлсіздік салдарынан өзінің қалпын өз бетінше өзгерте алмайды, ерікті қозғалыстар жасай алмайды,басы мен аяқ-қолдарын ауырлық күшіне байланысты салбыратып жатады. Науқастың ес-түссіз күйінде немесе әбден әлсіреуі және науқастың арықтауы кезінде кездеседі. Науқасты дұрыс тыныс алу және қан-айналымды жақсартатын қалыпта отырғызу қажет.
Ø Мәжбүрлі қалып — науқас жағдайын жақсарту үшін, өзіне ыңғайлы қалыпта отырады. Бұл қалыпта отыруға аурудың ерекшелігі әсер етеді. Менингитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы «жатқан иттің қалпы» - жамбас- сан және тізе буындары бүгілген және басы артқа қайырылып, бір жақ жанымен жатады (сурет 35).

Сурет 35
Менингит кезінде дененің мәжбүрлі күйі
Ортопноэ–мәжбүрлі отырған қалыпта көбінесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар отырады: науқас төсегінде алға еңкейіп, аяғын түсіріп отырады (сурет 36).

Сурет 36.
Жүрек жеткіліксіздігікезіндегі ортопноэ қалпы
Бұндай қалыпта науқастың тыныс алуы жеңілдейді, өйткені көк еттің қозғалысы жеңілдейді, кеуде қуысында қысым азаяды, өкпенің экскурсиясы жоғарылайды, газ алмасу жақсарады, мидан веналық қан қайтады және айналымдағы қанның көлемі азаяды: қанның жартысы аяқтарда іркіледі, жүрек пен кіші қан айналым жеңілдейді.
Науқас бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында, плевритте және басқа аурулардың ауыр ағымында мәжбүрлі қалыпта отырады (кесте 5).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет