Науқастың функционалдық жағдайын бағалау


Қан қысымы Қан қысымы-бұл артерия



бет4/5
Дата07.09.2023
өлшемі3,1 Mb.
#180449
1   2   3   4   5

Қан қысымы

Қан қысымы-бұл артерия

қабырғаларына қанның

қысымы:Ол:

  • Жүректің айдау көлеміне
  • Артерия қабырғасының тонусына тәуелді
  • Систолалық қысым 100-140 мл

    Диастолалық қысым 60-90 мл

    Қан қысымын өлшеу құралы:

    сфигмоманометр (тонометр)

Тыныс алу қимылын есептеу

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ АЛГОРИТІМІ:

1.Науқасқа емшараны барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминация жасаңыз.

3. Науқасты ыңғайлы қалыпта (жатқан) , кеудесі мен іші көрінетіндей жағдайда орналастырыңыз.

4.Науқастың қолын білек артериясынан пульс анықтайтындай етіп ұстаңыз (науқас назарын басқаға аудару үшін).

5.Екінші қолыңызды кеуде торына (кеудемен тыныс алу) немесе эпигастрий тұсына (ішпен тыныс алу) қойыңыз.

6. Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын есептеңіз.

7. Тыныс алу қимылы жиілігін бағалаңыз.

8. Науқасқа ТАҚ нәтижесін айтыңыз.

9. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.

10.Мәліметті қызу парағына түсіріңіз .

Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады.  Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады. Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет