Науқастың функционалдық жағдайын бағалау



бет2/2
Дата18.05.2022
өлшемі2,04 Mb.
#143698
1   2
Байланысты:
электив

Термометр түрлері:

1. Механикалық термометрлер

2. Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер

3. Электрлі термометрлер

4. Инфрақызыл термометрлар

5.Термосызықты

Қызба кезеңінің сипаттамасы

I кезең: температураның көтерілуі.

Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек

сырқырауы, әлсіздік, қалтырау.

Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде.

Естің жағдайы: өзгермеген.

Жылу жасау және жылу бөлу қатынасы.

Жылу жасау, жылу бөлуден

басым болады.

Науқасты күту алгоритмі:

а)емделушіні жылыту;

ә) жылы көрпемен жабу;

б)аяғына жылытқыш қою;

в)ыстық, тәтті шай беру

II кезең: температураның тұрақты болуы .

Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз қүрғауы.

Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады.

Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болуы мүмкін.

Жылу жасау жөне жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпта болады.

Науқасты күту алгоритмі:

  • маңдайына компресс немесе мүзды мұйык; қою;
  • теріні сірке қосылған суық сумен сүрту;
  • суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау;
  • дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу;
  • ауыз куысының кілегей қабатын жуу;
  • ерінді вазелинмен майлау;

III кезең: температураның төмендеуі-дағдарыс .

Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.

  • Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталган.
  • Естің жағдайы: мелшиген, кейде есінен танады.
  • Жылу жасау мен жылу берудің қатынасы.
  • Науқасты күту алгоритмі:

  • төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау;
  • дәрігерді шақыру;
  • кофе немесе ыстық шай беру;
  • науқасты қымтап жабу;
  • 10% сульфат және 10% кофеин-натрийі бензоат ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау;

Дене температурасын өлшейтін тұстар

Қолтық асты аймағы

36-37°С

Құлақ ішіне

Ауыз қуысы 0,5-0,8°С

Артериялық пульс(РС)

Бұл артериялды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы .

Қан қысымы

Қан қысымы-бұл артерия

қабырғаларына қанның

қысымы:Ол:

  • Жүректің айдау көлеміне
  • Артерия қабырғасының тонусына тәуелді
  • Систолалық қысым 100-140 мл

    Диастолалық қысым 60-90 мл

    Қан қысымын өлшеу құралы:

    сфигмоманометр (тонометр)

Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады.  Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады. Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.

Ескерту!

-Тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын науқасқа байқатпай есептеңіз. -Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылының саны тыныс алу жиілігі деп аталады (ТАЖ)

  • Дені сау ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі тыныштық жағдайда 1минутта 16-20 рет.
  • - -тыныс алудың 1минутта 16-20 реттен жиіленуі тахипноэ, ал сирек болуы брадипноэ деп аталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет