Науқастың функционалдық жағдайын бағалау



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі2,04 Mb.
#143698
  1   2
Байланысты:
электив

Науқастың функционалдық жағдайын бағалау

Қызба –Бұл дене температурасының 37 град-тан жоғары болуы.Теріні сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауабы ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану-бейімделу реакциясы оларға көбінесе пирогендік заттар жатады. Олар микробтар,сарысулар,вакциналар, Жарақаттанудан ішкі қансырауларда,некрозда,пайда болады ағза ұлпаларының ыдырау өнімдері

Қызба

Температура жоғарлау дәрежесіне қарай:

Ø Гипотермия –36 °С төмен

Ø Қалыпты - 36,0 - 36,9°С

Ø Субфебрилді –37,1 -ден 37,9°С-ға дейін

Ø Фебрилді - 38,0-ден 39,0°С-ға дейін

Ø Пиретикалық (жоғары) - 39,1-ден 40,9°С-ға дейін

Ø Гиперпиретикалық (өте жоғары) –41°С-ден жоғары

Термометр

Термометр (гр. θέρμη — жылу; Үлгі:Lang-el2 — өлшеймін) — дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды. Оның өз қолымен жазған еңбектерінде термометрдің нақты сипаттамасы жоқ, бірақ оның шәкірттері Нелли мен Вивиани Галилейдің 1597жылы термоброскопқа ұқсас бір нәрсе жасап шығарғанын байқаған. Галилей бұл кездері өзі жасап шығарған аспапқа ұқсайтын құралдың сипаттамасы кездесетін Герон Александрийскидің еңбектерін зерттеп жүрген еді, бірақ ол денелердің температурасын өлшеу үшін емес, судың температурасын жылыту арқылы көтеру үшін арналған еді. Термоскоптың құрылысы трубкаға жабыстырылған шыныдан жасалған шариктен тұрды. Шарикті аздап қыздырып, трубканың соңын су құйылған ыдысқа сүңгітеді. Аздаған уақыттан кейін шариктің ішіндегі ауа салқындайды, оның қысымы төмендеп, су атмосфералық қысымның нәтижесінде трубка бойымен жоғары көтеріледі. Одан кейін біраз уақыт өткен соң, шариктің ішіндегі ауаның температурасы төмендеп, судың деңгейі түсе бастайды. Термоскоптың көмегімен тек дененің жылу деңгейін ғана білуге болатын еді, температураның сандық мәнін білу мүмкін емес еді, өйткені шкала жоқ еді. Оған қоса, судың деңгейі тек дененің температурасынан ғана емес, атмосфералық қысымға да байланысты еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет