Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.
Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).
3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса).
6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.
7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.
8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90° - жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).
9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бүлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.
ІО.Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).
П.Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).
12.Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен үзақ қыспауын алдын ала ескерту).
13.Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрастың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).
14.Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек койылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жүмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бүлшық ет күш қуатын көбейтеді.
15.Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.
16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.