Науқастың төсектегі қалпы 1. Қатаң төсек тәртібі- ішкі мүшелердің қызметі және құрылысы зақымдалған ауыр халдегі пациенттерге қолданылады.Қимыл-қозғалыс шектеулі, күтім және емдік іс-шаралар төсекте жүргізіледі. Бұл мақсатта функциональдық төсек қолданылады.Функциональді төсектің негізгі мақсаты-емделушіге ең ыңғайлы функциональді жағдай жасау.Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады. Қажет болған жағдайда отыратын деңгейге дейін көтереді.Емделушінің аяқ жағының көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына валик қою арқылы қамтамасыз етіледі.Емделушінің гигиенасына байланысты, іс-шаралар антисептик ерітінділерімен жүргізіледі, сонымен қатар терінің ойылу алдын-алу шаралары жүргізіледі.