2. Төсек тәртібі- төсекте бірқатар қимыл-қозғалыс жасауға рұқсат етіледі, белгілі бір уақытта отыруға, керует жанындағы сөреде тамақтану, дәрет ыдысына отыру.
3. Жартылай төсек тәрітібі- немесе палаталық тәртіп- емделушілердің қимыл-іс шаралары кеңейтіледі. Төсек жанындағы орындыққа отыру, бөлмеде тамақтану, палата ішінде жүру, дәрет алу, жуыну шараларына рұқсат етіледі.
4. Жалпы тәртіп- асханаға барып тамақтану, баспалдақпен көтерілу, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.
Емделушілер қозғалыс белсенділігін сақтамаған жағдайда өміріне қауіп төнуі мүмкін, сондықтан мейірбике күтім барысында аурудың кезеңдеріне сәйкес белсенділік және тамақтану тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру қажет.
Ауру түріне байланысты емделушінің төсектегі жағдайы белсенді, пассивті, мәжбүрлі болып бөлінеді.