Новобогат орта мектебінің Өзін-өзі тану мұғалімі Жумаева Ләззат Орынғалиқызы



Дата08.06.2018
өлшемі18,64 Kb.
#41742
Новобогат орта мектебінің

Өзін-өзі тану мұғалімі

Жумаева Ләззат Орынғалиқызы

Кітап – рухани байлықтың негізі

Баланы рухани бай етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Сол жолдардың бірі және бірегейі – баланы кітап оқуға дағдыландыру. Өкініштісі сол, қазіргі қоғамда көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Сонымен қатар,аттаған әр қадамыңыз ақша керек ететін күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберді. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Ал, ата – ана тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытпен шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Қоғамымыздың рухани әлемін құлдыратып бара жатқан осы бір мәселеге ден қоюымыз керек. Кітап неге оқылмайды деген сауалдарға, мынадай пікірлердің куәсі болдым:  


« Кітап шығаратын баспаларымыз да жетерлік. Бірақ бала көңілін жаулап алатын кітаптар аз. Қандай кітап болсын таралымы екі мыңнан аспайды. Содан соң олар өте қымбат. Ең жаманы — балаларымыз кітап оқымайды. Жат жердің кейіпкерлеріне еліктейді. Біздің қорқатынымыз да осы. Оларды өз рухани дүниемізге қалай оралтамыз? Әлде біз, жазушылар,олардың көңілінен шығатындай дүниелер ұсына алмай отырмыз ба?»

«Балаларға арнап шығарма жазатын жастар да аз. Егер жақсы жазылған дүние болса, бала міндетті түрде оны оқиды. Қазір не көп, баспа көп. Алайда жүйе жоқ. Кез келген баспа қазақ ертегілерін шығарады. Ал оның редакторы кім? Суретшісі кім? Ол туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Редактор да, суретші де баланың жанын түсінетін жан болу керек емес пе? Егер олай болмаса, одан қандай жақсы кітап шығады?»

«Мен мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаймын. Олар әріп танымайтын болғандықтан, суретті кітаптарды таңдап шығарып қоямыз. Алайда балаларды түрлі-түсті суреттерімен еліктіріп, қызықтыратын сондай қазақша кітаптар таба алмаймыз. Сондықтан орысша кітаптар қоюға мәжбүрміз. Мысалы, орысша кітаптардың әрбір бетін ашқан сайын саз төгіледі. Әр беттің өз әуені бар, кітаптың суреттері теледидар қарап отырғандай әсер қалдырады. Осындай кітапқа қызыққан бала міндетті түрде кітап оқиды деп ойлаймын. Біз балалар кітап оқымайды деп, құрғақ шөппен ауыз сүртеміз. Әсте олай емес, мен С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында болдым. Сол жерде бір жылдың ішінде 101 кітап оқыған Аня деген қыз, 80-60 кітап оқыған да балалар бар»

  Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», — деген екен. 

Күллі әлемге көз салсақ­, дүние жүзі бо­йынша кітапты көп оқи­тын ел Жапония екен. Күншығыс елінде бір жылда 25 мыңнан астам кітап саудаға түседі. Әр­бір жапондыққа 11 кітаптан келеді.



Ал кітап басу көшін Ұлыбритания бастап тұр. Екінші орынды Германия еншілейді. Үшін­ші орын Америкаға тие­сілі. АҚШ-та өткен ғасырдың сексенінші жылдарында 8-9 мил­лиард  доллардың  кітабы­ сатылса, жыл сайын бұл көрсеткіш екі есеге өсіп отырған. Батыста теледидар, интернет қар­қынды дамыған сайын жұртшылықтың кітапқа деген  қызығушылығы да арта түскен. Кітап – ондағы халықтың иммунитеті болса, кітапхана – халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі мекеніне айналған. Америкалықтар қалт етсе (саябақта, жолда, автобуста, жағажайда, түскі үзілісте де), кітап оқиды. Кітапты көп оқудан үнділер мен қытайлар, таиландтықтар, филиппиндер, египеттіктер мен чехтар да дес бермей келеді. Тек қазақтың бұл көшке ілесер қошы жоқ.Қазақстан кітап қоры жөнінен әлемде 41-орында екен. Еліміздегі әрбір мың тұрғынға 249 кітаптан келеді. Бұл да жаман емес. Қолға алар, көз салар­  оқырман  болса…

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Адамдарды оқыған кітап санына қарай бөлгенде:

  • Көп оқитын 1 жылда: 21 кітап және оданда көп оқитын адам;

  • Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам;

  • Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам;

  • Еш оқымайтын адам: оқымайтын адам.

Кітап оқудың пайдасы:

  • Баланың дүние танымы,ойлау қабілеті артады;

  • Тілдік қоры молаяды;

  • Есте сақтау қабілеті жақсарады;

  Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың алыбы емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен. Лео Бабута «Күнделікті кірбің тірлікте кітап оқуға арнайы уақыт бөл және сол уақытты әдетке айналдыр. Ол күніне 5-10 минут та болуы мүмкін»,-деген.
  Барлық тұжырымдарды сараптай келе  тығырықтан шығу жолын тапқандай болдық. Қазіргі адамдарда көру және есту дағдысы немесе рефлекс ерекше қалыптасқан. Кез-келген адам теле экранға телміргіш, музыкаға еліткіш. Бұның бәрі қалыптасқан рефлекс екені даусыз.
 Ал көркем әдебиетті оқытудың  жолдарын қарастыруда оқу дағдысын қалыптастыру және оны қалыптасқан рефлекске айналдыру керек деп ойлаймын. Күнделікті сабақ барысында балаларымыз айтайын деген ойын жеткізуде қиналып,қысқа ғана қайырып жатады. Мен оны іштей түсінемін. Балаларға өзім оқыған кітаптардан оқиғалар айту арқылы, оларды қызықтырып, кітап, газет-журнал, күнделікті жаңалықтарды тыңдаудың пайдалылығын айтудан жалыққан емеспін.Мектеп кітапханасында кітап алушылардың көбі бастауыш сынып оқушылар, содан соң орта буын, жоғарғы сынып оқушылары мүлде аз екенін байқадым.Олай болса, балалардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыруда, кітап оқуды өзімізден, өз балаларымыздан бастап қолға алайық дегім келеді.
Каталог: uploads -> doc -> 0608
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0608 -> Сабақтың тақырыбы: «Ойын сабақ»
0608 -> Сабақтың тақырыбы : Бетпақдала Сабақтың мақсаты : Бетпақдала туралы түсінік беру Сабақтың міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет