«Наука и образование в современных реалиях»


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет113/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   143
Байланысты:
6-.-

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Аға оқытушы Токтаргазин С.
студент Тасболат Е.Ы. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Проблемы педагогических принципов физической культуры и спорта 
Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, 
сапалық қасиеттері мен рухани кҥшін ҥлестіріп, олардың еңбек және оқу 
қабілеттерін арттыруға, белсенді ӛмірін ҧзартуға бағытталған дене 
тәрбиесіне зор кӛңіл бӛлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап 
мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және ӛндірістік ҧжымдарда 
ӛткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде. Принциптер – бҧл тҥрлі міндеттерді 
шешу ҥшін басшылыққа алатын, адамдардың мінез-қҧлқы мен іс-әрекетін 
анықтайтын жалпылама бастапқы идеялық-теориялық ережелер. Ғылыми 
принциптер нысанды заңдылықтарға бағынады, сондықтан олар айқын 
дәйектердің қасиетін теориялық мағынада қарастырады. 
Заңдылықтар-бҧл табиғат пен қоғамның дамуын жҥргізетін қҧбылыс. 
Заңдылықтарды зерттеу, тағайындау мҥмкін, бірақ ӛзгерту мҥмкін емес. Тек 
оларды белгілі бір процестерді атқарады. Нақты міндеттерді шешуде 
басшылыққа алуға болады. Заңдылықтар тҥрлі деңгейде бола алады.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ҧстанымдары деп дене 
тәрбиесі мен спорт сабақтарының қҧрылымын қалыптастыру, қимыл 
қабілетін дамыту, қимыл дағдыларын меңгеру заңдылықтарын бейнелейтін 
қысқа сипаттағы ғылыми әдістемелік ережелерді атаймыз. 
Қойылған педагогикалық ҧстанымдар негізінде әдістемелік ережелер 
айқындалады, жеке жағдайлардағы міндеттерді орындаудың нақты әдістер 
мен қҧралдары таңдалады. 
Педагогикалық ҧстанымдарды зерттеу оның дамуындағы негізгі ҥш 
бағытты анықтады. Бірінші бағыт дене шынықтыру мен спорт сабақтарына 
қатысты ҧстанымдарға қарағанда айырмашылығы бар, яғни ӛз мақсаты 
ретінде спортшылардың жарыстарға қатысуын дайындауды кӛздемейтін, тек 
спорт 
жаттықтыруларында 
ғана 
қатыстырылатын 
ҧстанымдарды 
тағайындауға қҧрылады. 


306 
Спорт жаттықтыруының ҧстанымдарын ҧсынған алғашқы ғалымдардың 
бірі В.В. Гориневский (1922) болды. Одан басқа спорт жаттықтыруын 
А.Дюпперон (1930), А.А. Тер-Ованесян (1947), Н.Г. Озолин (1948), А.Ц. 
Пуни (1949), Л.П. Матвеев (1959, 1964) және басқалар ҧсынды. 
Гигиеналық, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін шешуге, бағытталған 
тек дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына немесе тек спорт жаттықтыруына 
қатысты ҧстанымдарды бӛліп қарастыруға ҧмтылу қате болып есептеледі. 
Спорт жаттықтыруының ҧстанымдарын зерттеушілердің ҧсынған тҥрлі 
кеңестерін мҧқият қарастыра отырып, олардың педагогикалық қатынастар 
қатарына кіретіндерінің барлығы тек қана спорт жаттықтыруларында ғана 
емес, сол сияқты дене шынықтыру мен спорт сабақтары барысында да 
басшылыққа алынуы тиіс екені белгілі болды.
В.В. Гориневский жаттықтыру сабақтарында басшылыққа алуға тиісті 
ережелері ретінде мыналарды атап кӛрсетті: а) дайындық жаттығулары; б) 
ағзаны бірте-бірте жҧмысқа бейімдеу; в) нысанды әдістерді бақылауды 
ҧйымдастыру; г) жҧмыс пен демалыс арасында дҧрыс алмастыру; г) адам 
дамуының жан-жақтылығын қамтамассыз ету (дене және ақыл-ой) 1947ж 
А.А.Тер-Ованесян спорт жаттықтыруының он ҧстанымын ҧсынды, оның 
ішінде қолданған кҥшті шамалау психологиялық ықпалдар есебі, орталық 
жҥйке жҥйесінің дҧрыс қозуы, жеке тҧлғалық ерекшелік, т.б. бар. 1949ж 
А.Ц.Пуни қозғалыс дағдыларын саналы тҥрде игеру ҧстанымын ҧсынды. 
1959ж Л.П.Матвеев спорт жаттықтыруының ҧстанымы ретінде жалпы және 
арнайы дайындықтың бірлігі, жаттықтыру барысының ҥздіксіздігі, 
жаттықтыру жҥктемелерін бірте-бірте және толқынды ҧлғайту, жаттықтыру 
барысының айналымдылығы және т.б. ҧсынды. 
Спот жаттықтыруының ҧстанымы ретіндегі ҧсынылған қарапайым 
ережелер тізімі олардың барлығы тек спорт жаттықтыруында ғана емес, сол 
сияқты дене шынықтыру мен спорт сабақтарының барлық тҥрлерінде де 
басшылыққа алынуы тиіс екенін кӛрсетеді. 
Дене шынықтыру мен спорт ҧстанымдары туралы тҥсініктерді 
дамытудың екінші бағыты ерекше физиологиялық ҧстанымдарды 
тағайындауды кӛздейді (А.Н.Крестников, 1938; Б.С. Гиппенрейтер, 1940; 
В.С.Фарфель, 1949). Бҧл қадамдарды ғылыми және іс-тәжірибе тҧрғысынан 
толықпаған екенін мойындау қажет. Әрине, спорт жаттықтыруында 
физиологиялық заңдылықтар бар. Бірақ, одан басқа да психологиялық, 
биохимиялық және физикалық заңдылықтар да бар. Оқытушы мен 
дайындалушы бір жағдайда физиологиялық ҧстаныммен, екінші жағдайда-
психологиялық 
ҧстаныммен, 
келесі 
бір 
жағдайда-психологиялық 
ҧстаныммен жҧмыс жасай алмайды. Спорт жаттықтыруына қатысты (және 
тҥгелдей дене шынықтыру мен спорт сабақтарында) заңдылықтар негізінде 
оқытушы мен дайындалушы ҥшін тек педагогикалық ҧстанымдар ғана 
анықталуы тиіс. 
Аталған дидактикалық ҧстанымдар білім берудің, дамыту мен 
тәрбиелеудің бірнеше заңдылықтарын сипаттап, дене шынықтыру мен 
спорт сабақтарының міндеттерін орындауда басшылық ережелері ретінде 


307 
жҥреді. Алайда, дидактикалық ҧстанымдар негізіне жататын заңдылықтар 
бірнеше жағдайларда басқаша тҥрге ие болады, яғни дене шынықтыру мен 
спорт сабақтарында басшылыққа алынуы қажет дәл әрі анық берілетін 
жалпылама теориялық ережелер бола алады. 
Демек, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында, атап айтқанда спорт 
жаттықтыруларында 
кӛбінесе: 
алдын-ала 
қалыптасқан 
спорт 
жаттықтырулары ҧстанымдары мен бірнеше жалпы педагогикалық 
(дидактикалық) ҧстанымдар қолданылады. Бірақ барлық ҧстанымдар 
анықталып қойған, ары қарайғы дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық 
негіздерінің бҧндай кӛкейтесті мәселелерін зерттеуді мақсатсыздық деп 
есептеу дҧрыс емес. Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамыту жаңа 
заңдылықтардың ашылуына, оның ішінде жаңа ҧстанымдарды жаңа жолға 
қою қажеттігін анықтауға жол ашады. 
Дене тәрбиесі мен спорт туралы ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы 
дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ҧстанымдары ретінде, кей 
жағдайларда бҧрынғы қабылданған педагогикалық ҧстанымдарды басқаша 
қалыптастыруын қабылдауға негіздеме береді. Бҧндай жаңадан қабылданып 
қалыптасқан дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ҧстанымдарына 
мыналар жатады: 1) оқыту мен дамытудың бірлігі; 2) сабақ қҧрылымы; 3) 
сабаққа қатысушылардың жағдайы мен ерекшелік есебі; 4) қозғалыстың 
анализі мен синтезі; 5) жаттығулар барысында саналылық және сезімталдық 
бақылау; 6) жҥктемені бірте-бірте арттыру және оның белсенділігі; 7) сәйкес 
жағдайлардың есебі мен реттелуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет