Наурыз мейрамы- Қызылсая ауылында



Дата27.04.2018
өлшемі20,83 Kb.
#40252
Наурыз мейрамы- Қызылсая ауылында

Наурыз қай жағынан алып қарағанда да бүкіл халық үшін ерекше мерекелі күн, маңызы үлкен сән-салтанатты оқиға. Ол бірліктің, татулық-еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.Осындай сәні мен салтанаты жарасқан Наурыз мерекесі биылғы жылы Қызылсая ауылында да ерекше тойланды.Ауылымыздың Мәдениет үйі ұлттық нақышта безендіріліп, аулаға Алтыбақан құрылды, киіз үй тігілді.Ауыл тұрғындары бір адамдай жиналып, Наурыз тойы ән-күймен, жырмен басталып кетті. Ауыл әкімі Маликов Өтежан Мұратұлы барлық жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап , ізгі тілегін білдірді.Тойдың төрінен орын алған ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріміз қазақ салтыменен жиналған қауымға шашу шашса, қарияларымыз Наурыз – жыл басына арнап баталарын берді. Мәдениет үйінде ұлттық өнерімізді насихаттайтын көрме орын алды.



Наурыз – шат-шадыманды, ойын –сауықты мейрам.Сондықтан той бағдарламасында ұлттық ойындар, қазақша күрес, түрлі жарыстар ұйымдастырылды.Қызылсая ауылының әр көше тұрғындары Ұлыстың Ұлы күніне арнап өз бағдарламаларын ұсынды.Ата – бабаларымыздың жоралғылары жаңғыртып, «Сырға салу», Құда түсу», «Беташар» т.б. салт – дәстүрлерін сахналық қойылым ретінде көрсетілді. Аса дайындықпен келген ауылымыздың «Наурыз» және «Бейбітшілік» көше тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз. Аталмыш көше тұрғындары Наурыз бірліктің, татулық пен ынтымақтың мерекесі екендігін көрсете білді. Жастарға үлгі –өнеге бола білді. Мектептің оқушылары ән айтып, би билеп, әз- Наурыздың ажарын аша түсті.Көпшілік назарына ұлттық құндылықтарымыздан сыр шертетін қойылымдар ұсынылды. Алтыбақан тепкен балалар мен жастар мәз- мейрам болды.Ақ түйенің қарны жарылған осынау мерекеде ауыл тұрғындары қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, топ жарған толағайларын анықтады. Арқан тарту мен кір көтеру ойыны да қызу жүрді.

Елбасы «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақаласында әр адам шыр етіп жерге түскен қасиетті мекенін ұмытпай , жүрегінің түбінде әлдилеп өту керек дейді.Елбасының бағдарламасы осы тұрғыда ауылымызда оң жолға қойылуда.Басқа жерде жүрсе де туған ауылдарын ұмытпай, оған қамқорлық жасап жүрген ауыл азаматтары баршылық.Әсіресе, қазақша күрес спорт түрін ауылымызда жаңғыртып, қолға алып жатқан жастар бізді, яғни ауыл тұрғындарын қуантады және балаларға үлгі болады.Наурыз күні қазақша күрестен өткен ашық турнирге демеушілік болып, қолдаған барша ауыл азаматтарына ризашылық білдіреміз. Әр салмақта күш сынасқан балуандардың барлығы әртүрлі дәрежелі Мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Наурыз тойының соңында келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде барлық жиналған ауыл тұрғындарына ұлттық тағам – Наурыз көже ұсынылды.

Қызылсаялықтар жыл басын үлкен құрмет-ықыласпен жомарттық танытып қарсы алды. Келер ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге болатындай мән – мағынасы терең Наурыз мерекесі ауыл тұрғындарының көңілінен шыға білді.

Аукарова Г.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет