Наурыз мейрамы Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт



Дата18.02.2018
өлшемі240,75 Kb.
#38032
    Бұл бет үшін навигация:
  • ¥лыс
Наурыз мейрамы

 

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары руханимәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың біріО баста адам өзінқоршаған ортамен қарым қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлердіни әдет -ғұрыптармаусымдық мерекелер және отбасылық семьялық той-томалақтар деп үш топқа бөлінедіДіни әдет -ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым -сырым, наным - сенімдермен бірге зороастр, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар — жылбасы тойы — Наурыз, жаз тойы — Қымызмұрындық, күз мейрамы — Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы — Соғым енеді. Сондай -ақ, биебау, тулақшашар, шашыратқы, сіргетағар, сіргежияр, қоныстойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар т. б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады. Ал семьялық тойтомалақтарға келсек, үйлену тойы (құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкітағар, ұрын бару, есік-төр көрсету, қынаменде, жар-жар, беташар, қыз ұзату, келін түсіру, неке қиюотауға түсіруотқа май құюөлітірі тб.), құрсақ шашуқырқынан шығаруат қойыпайдар тағутұсаукесертілашарсүндет тойымүшел тойысапар тойыжерлеу салттары (қара тігуаза тұтужаназа шығаружоқтаутұлдауас беру тб.) осы топқа кіреді.

Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным - түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт -дәстүрлер аясында болады.

«Халқым қандай десеңсалтымнан сынап біл» демекшісалт -дәстүрлерден этностың мінез - құлқы, үлгі- өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығышешендігі мен тапқырлығыақыл - ойы,сондайақжаратушы мен жаратылысқаөзін қоршаған жандыжансыз әлемге деген моральдықтанымдықэтикалық көзқарастары көрінедіЯғнисалт - дәстүр дегеніміз — халықтың рухани өзегімәдениетініңдіңгегітілінің тірегі.

«ҰЛЫСТЫҢ  ¥ЛЫ КҮНІ  —  ¥ЛЫС КҮН»

Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан —«жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан —«жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті «Авеста» кітабында, XI ғасырдағы түрісі тілдерінің энциклопедиясы —«Диван лұғат -ат - түрк» сөздігінде, сондай- ақ қазақ халқының қиял- ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа «Ахуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған.

«Атасы мен анасы,



Үш жүз алпыс бес баласы,

Он екі ауыл шамасы,

Отыз ор дуадақ,

Бес балақ сан,



Елу екі қарақшы»,—

деп халық жүмбағында айтылғандай, қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күн —«бес қонақ» деп аталады. Мұны фарсылар «фэнджи», сотистік календарьда «эпагоменай» (шолақ ай) дейді. Ежелгі сенім бойынша жаксылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп өмір үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкес келеді. Осы бір «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар» қиын, қысталаң күндері халық тілінде «өліара» деп аталады. Қазақтар осы 5 (6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын - той жасамайды, мал сойып, қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада «апыр~ай, қайтер екен» деп ауыл иттерін де үргізбеген.

Қыс пен жаздың халық санасындағы осы көрінісі кейбір ғалымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік теориядан іздеп, Жақсылық пен Жамандықтың, Қыс пен Жаздың, Суық пен Жылының, Қайырымдылық пен Қатыгездіктің күресінен туған деген ой қорытындылауына себеп болды . Алайда, «Екі жарты — бір бүтін», «бірлік болмай — тірлік болмас», «тіршілік көзі — бірлікте» деген халық даналығына үңілсек, ата -бабаларымыздың жаратылыс жайындағы түсінігі басқаша екенін көреміз. Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі алмастырып отыратын тіршіліктің құралым бөлшектерінің үйлесімді бірлігінен бір тұтас жаратылыс, тіршілік туса керек. Мәселен, күн-түн=тәулік, қыс-жаз=жыл; күйеуі-жұбайы= отбасы т. б.



Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.



Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан,—

деп халық ақыны С. Оңғарбаев жырламақшы, көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды.

Бүл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21 - нен 22 - не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.



Наурыз сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі — біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, март айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдалықтар «Наусарыз» армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетіп отыр. Мәселен, иран тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май қүяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже—«сумалак» ұсынады; ағаш соқамен бір борозда жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады; көнетоз киімдерін тастап, үйдегі ескі шыны -аяқты сындырады; бір - біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салады; үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

Ал ежелгі түркілер болса, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал -мұрттарын түзеп, шаштарын алады, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге — жамбы атып жарысады. Егер кімде - кім бірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:

Құл құтылар кұрықтан

Күң құтылар сырықтан,—

деп жырланғандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған күлына бір күн ел басқартқызған. Наурыз күні ертедегі Иран патшасы қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «құлға да бір күн азаттық», «құлдан да бір тілек бар» деген мәтелдер осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русьте Жаңа жылды 1 март күні қарсы алу дәстүрі болған. Олар мейрам күндері Құт қүдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағаштарына ілген. «Түрлі аурулар мен пәле - жаладан сақтайды» деген сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, столдың қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қояды екен.



Ағылшындар XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 мартта тойлап келді.

Біздің заманымыздың VIIVIII ғасырларында Иран мемлекетімен, қазіргі Өзбекстан территориясын, Қазақстанның оңтүстік аймағын арабтар жаулап алады да, оларды мұсылман дініне енгізеді. Ата салт, әдет - ғұрыптан айрылған жүрт езгіге көнгіш, дінге де қүлай сенгіш болатынын жақсы ұққан шапқыншылар қол астындағы халықтардың көне салт - дәстүрлерін жоғалтып, жойып жіберуге, жер атаулары мен адам аттарын өзгертуге, мәдени мүраларын талқандауға барынша күш салды. Олар, әсіресе, халықтық мбйрам — Наурызды тұншықтыруға көп күш-қайраттарын жұмсады. Мәселен, ұлы Абайдың: «...Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады»,— деуінің астарына тереңірек үңілсек, осы бір идеологиялық күрес тартысынан хабардар боламыз. Өйткені, күн календары бойынша қалыптасқан Наурыз мейрамы барлық тұрмыс тіршілігі ай календарына сай келетін мұсылмандық идеологияға мүлде қайшы келетін еді.

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

 Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан,—деп халық ақыны С. Оңғарбаев жырламақшы, көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды.

Бұл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.

Наурыз сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі — біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екінші-ден, март айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.



Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бүл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татар-лар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдалықтар «Наусарыз» армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетіп отыр. Мәселен, иран тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже—«сүмелек» ұсынады; ағаш соқамен бір борозда жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады; көнетоз киімдерін тастап, үйдегі ескі шыны-аяқты сындырады; бір-біріне гүл үсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салады; үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

Ал ежелгі түркілер болса, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге — жамбы атып жарысады. Егер кімде - кім бірінші

болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:

 Құл құтылар құрықтан

 Күң құтылар сырықтан, — деп жырланғандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған.

Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұлыстың үлы күні — ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы»— жылқышы торғай (нәуірзек) келген күн, «көк кұт көзін (өсімдік) ашқан күн», «жылдың жерге түскен күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді бейнелі сез оралымдары сақталған., Осылардың біріне — «Самарқанның көк тасы еріген күн» дегенге тоқтала кетпесе болмас.



Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 март түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.

Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 март күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек.

Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс-жидектер) және қызылдан (еттен жасалатын тағамдар) жеті түрлі дәм қойылады. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді. Ал басқалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурызкөжені тоя ішіседі. Көже ішіліп болған соң, төрағасы қолын жайып:

 «Бақытты ас берсін,

¥лыстың үлы күнінде,

Ұлың оңға консын,

Қызың қырға қонсын,

Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам»—

деп үй иесіне батасын береді.

¥лыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланылады? Жеті қазынаның бірі — қара қазанның халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атқарған қызметі аса терең де мәнді. Оған сиынған халықтық наным-сенімдер желісінің елестері біздің дәуірімізге түрлі көмескіленген аңыз-әңгімелер түрінде жетіп отыр.

Ұлыс күні неге өгіз сойылады? Қазақ есепшілерінің тәжірибесіне
сүйенсек, Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында тбеден, ал
көктем басында аспан етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем батып кетеді.
«Үркердің жерге түсуі» делінетін осы кезеңге 40 күн жазғы шілде сәйкес
келеді. Бұл кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу себебі — Күн жолы наурыз
айында дәл соның үстінен өтеді. Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана,
мәселен, Орталық өңірлерде осы кезде Үркердің кос жұлдызы бұқаның
мүйізі секілді батқан күн жолының екі жағынан қылтиып көрінеді.

Аспан көгіндегі дәл осы көріністі Қазақстан жартастарына шимайланған петроглифтерден мүйізімен Күн Көкөгіз - көруге  болады.

 

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Наурыздың Әзірбайжанда тойлануы

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күресқыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

§Қазақ салты

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспенат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.



Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан ;;кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.[3]
Каталог: uploads -> doc -> 0afd
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0afd -> Сабақ тақырыбы: Аминдер. Амин қышқылдары. Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар туралы түсінік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет