Наурыз: ТҮркілік дүниетаным мәуесі мәденитанымдық пайым


Наурыз – ежелгі түркілік «ну(нау) ырыс»



бет5/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,18 Mb.
#6983
1   2   3   4   5

Наурыз – ежелгі түркілік «ну(нау) ырыс» - «Көктің соны берекесі, ырысы, сыйы бұйыратын, ғаламдық Құбылыстың, жербетілік Жылдың, Жылдық мезгілдің басы боларлық - сәт» деген сенімнен туындаған ырымды жүзеге асыру жоралғысы.

Көк – аталық негіз, барлық игіліктің көзі; ғаламды билеуші Жаратқанның тұрағы.

Тәңір – ғаламға жарық таратушы, бар жақсылықтың көзі, Жаратушының рухы, қайырымды құдырет.

Іңір – Тәңірдің антиподы, Жақсылыққа қарсы рухани күштердің басы, түнек таратушы қайырсыз құдырет.

Құт – Ұлы күштің, Жаратқанның батасымен байанды болатындай кепілі бар құбылыс пен құдырет көзі. Қазақтың «Құтты болсын!» айту дәстүрінің түбінде кез келген қуанышты құбылыстың құдыретті Көктің қолдауына ие болуын, Тәңір ырқына негізделуін тілеу арқылы оның баянды болуын аңсау жатыр.

Қыдыр ата – Жаратқанның, Ұлы құдыреттің атынан жер бетін аралаушы және адамзатқа құт үлестіруші, оны қолдаушы кемел Рух. Қыдыратаны Наурыздың персонаджы ретінде «тірілтуге» болмайды, ол мистикалық тұлға болғандықтан, Ырыс таңының басты мифтік кейіпкері болып қалғаны жөн.

Ұмай ана – аналық негізді әйелбейнелі тұлға, береке мен қайырымның көзі, жер бетіне Жаратқанның бұйрығымен дарыған игіліктерді туындатушы, еселеуші, молайтушы кейіп; Жердің мифтік бейнесі, киесі. Наурыз меркесінің басты кейіпкері ретінде тұлғалауға тұратын бейне. Ол негізінен наурыздық сахнаның көркі, басты тұлғасы, оқиғаның ортасы болғаны абзал.

Жылкие – әрбір жылдың мазмұнына сәйкес келетін түрлі жылдардың киесі саналатын айуандар тұлғасы; онекіжылдық мүшелге сәйкес 12 жылкие болады; жылкиелер наурыздық негізгі кейіпкерлер болып, Ұмай анамен бірге сахналық оқиғаны дамытуға қатысады.

Ырыс – Жаратқанның бұйрығымен, Қыдыр атаның батасымен дарыйтын сый.

Береке – адамдардың ниетіне рыйзалықтан Тәңір мен Ұмай тарапынан бұйыратын табыс, жеміс, бұйырым.

Жолтерек – жаңажылдық Өмір ағашы; Көк пен Жер арасындағы жол, науан; Жоғарғы және Төменгі дүниелерді жалғаушы Бәйтерек; Көк күмбезін «тіреуші» бақан. Жолтерек адамзатқа жаңа (ну) қайырымдар легі мен енапат (нау) ырысты өз бойымен жеткізуші және Көкке, Жоғарғы дүниеге адамдардың ниет-тілектерін жөнелтуші ғаламдық өзек, жоларна. Жолтерек рөлін ежелгі түркілерде «йол» (бертін келе, орыс тіліне ёл+ка түрінде сіңген) аталған қарағай текті жасыл ағаш атқарған. «Йол» ұғымын «ёлкадан» ажырату үшін «жолтерек» сөзін қолданып отырмыз, бұл бір жағынан мифтік Самұрық-Айдаһар-Бәйтерек оқиғасына да қатысты. Атрибут ретінде басы шаңырақ секілді күмбезге тірелген, аяғы конус не көпқырлы пирамида тұрпаттас етегі бар жасыл түсті бақанды орнатуға болады. Бақанның бойы ақ пен қара түсті арқан не таспамен спираль бойынша оратылады.

Наурызкөже (жеті дәм)– ғаламдық құбылыстың кемелденген дәмін паш етуге арналған, Наурыз мерекесіне арнап жеті дәмнен пісірілетін ырымдық ас. Наурызкөженің мәні – «ескі» дәмдерді біріктіре отырып, жаңа жас дәм алу; әлемдік жаңа ғұмырдың басы ретіндегі жербетілік селдің (аласапыран) апатын позитивтік арнаға бұру ниетінен туылған. Наурыз басталардан бұрын Әруақ әлемінің қажетін «Иіс» рәсімімен өтеу «жеті шелпек» пісіріп, дұға оқумен жүзеге асырылған. Бұл да наурыздық ұқтырымдардың сарқыты.

Жеті(к) үн (жетіген) – ғаламдық құбылыстың кемелденген үнін паш етуге арналған, жеті дыбыстың бірігуінен шығатын қасиетті әуен; Іңірдің күш алуынан туындайтын «ыңырсудың» алдын алу ниетінен қалыптасқан рәсім. Қазырғы кезде «жетіген» сөзі қазақтың жеті ішекті саздық аспап атауы. Ежелгі түркілік «жетік үн» тіркесінен шыққан. Осылайша, кәзіргі «хор» аталатын жеті адамның жамырай ән шырқауы да, «хор» сөзінің өзі түркілік «көп дайыстың бірігуі» (қор) дегенді білдіретін ұғымнан.

Көрісу – қазақтың қуаныш пен қайғыдағы ниет біріктіру ырымы, ғұрпы; адамдардың бір бірімен төс қағыстыра сәлемдесуі. Төстің өзі қазақша «көкірек» аталады да, ежелгі түркілік көк+ірек (ырақ), йағный «Көкке тиесілі қақпақ» (ірек, ырақ – қақпақ, люк; мысалы: шаң+ырақ) дегенді білдіреді. Көкіректерді түйістіру арқылы, адамдардың бір бірімен бұлайша сәлемдесуі, көкірекке ұялаған жағымды ниеттер мен бастамаларды біріктіру пыйғылынан шыққан.

Шырақ жағу. Шырақ жағудың бірнеше мәні бар: Қыдыр атаның жолына жарық түсіру; отауды аластау, лас қуат пен кірден тазарту; үйдегі құт пен ырысты, жылу мен ошақты қадырлау белгісі; әруақтармен сыйласу, оларға құрмет көрсету нышаны. Шырақ жалғыз болмауы керек.

Ырыс таңы. Бұл – Көктен жаңа ырыс тілеу; жаңа Уақыттың жаңарған Кеңіске (жерге) келуін тілеу, пенделік пыйғыл мен ниеттерді бір мезгілде бір арнаға тоғыстырып, Жаратқанға құрмет көрсету, оның назарына ілігу; таң атқанға дейін салтанатпен ұйқысыз өткізу ғұрпы. Наурыздың 21-нен 22-не қараған түнгі таңның алғашқы сәулесін қарсы алып, басқы таңға сәлем ету, жас сәулеге шому, алғашқы пәк қуатқа кенелу рәсімі.

Ұйқыашар. Бойжеткендер тарапынан ғашық жігіттеріне арнап пісірілген, Ырыс таңын (Қыдыр түні) қарсы алу кезіндегі дастархан мәзірі. Қазақтың ежелгі дәстүрі болса да, кәзіргі заман талабына кіріктірілмей келеді.

Селтеткізер. Жігіттер тарапынан бойжеткендерге арнайы, алдын ала, әзірленген сыйлық. Бұл сыйлық аталуы жағынан да, мағынасы жағынан да кәзіргі «сюрприздің» арғы тегі болып табылады, «сюр» сөзінің өзі қазақтың «сүр» - ұзақ уақыт бойы сақтаулы деген сөзіне өте жақын.

Белкөтерер. Қариялардың Ырыс таңын қарсы алу кезінде тамақтануына арналған мерекеге лайық ас мәзірі.

Жолдық. Наурызда «Жыл құтты болсын!» айта келген қонақтарға, жолыққан таныстарға ұстата салатындай, сондай-ақ, Наурыз шарасына қатысушыларға үлестірілетін ұсақ та қарапайым, кәкір-шүкір сыйланым. Бұл - наурыздық Көк жолына және жаңа жылға рыйзалық ниет білдіруден туындаған ырымдық сыйлықтар. Ежелгі кезде Жолтерек алуан түсті жапырақ матамен, шұғамен, терімен әшекейленген болуы керек. Наурыз рәсімі біткесін оны ырым қылып, жұрт таратып алып, қасиетті ырыс келтіруші тәбәрік ретінде киім-кешек немесе құрақ көрпе тігілгендей сыңайы бар. «Жолдық» үлестіру кәзірде Айт мейрамына да еніп кеткен. Осызаманғы жолдық есебінде наурыздық құтпарақты да (аткрыйтка) таратуға болады.

Қыдырсый. Балаларды жақсылық күтуге баулыйтын, Қыдырата атынан ата-аналары мен туыстары арнайы әзірлеп, жасырылған сыйлық. Мұны ересектер де бір біріне сыйлауына әбден болады. Бұл – заман талабына бейімделген атрибуттың бірі. Мұны Ырыс таңын қарсы алу түні балаларға сыйлауға әбден болады.

Жылсый. Кәзіргі заман талабынан туындаған сыйлық түрі, ол Наурыз қарсаңында ресми түрде берілетін түрлі атақ пен шен, төсбелгі мен сыйлықтар, мадақтамалардан құралады. Бұл да замандастырылған атрибуттың бірі. Бұл ұйымдар мен мекемелер тарапынан қызметшілерге берілетін сый.

Жылқоржын. Жолтерекке бекітілген арнайы жолдықтар мен жылсыйлар салынатын жеті түсті әшекеймен безендірілген қос қалталы қоржын. Бұл да қалпына келтірілген атрибуттың бірі.

Науан. Бүгінде әр мерекеге тән өз тағамы бар деуге болады, ал біздің наурызкөжеміз осы заманғы дастарханға сіңісе алмауда. Сондықтан осы жәйтті біраз ойластырып, Түркілердің наурыздық тағамдары мен танымын үйлестіріп, «Науан» аталатын жаңажылдық қасиетті молшылықты паш ететін дастархан сәні ойластырылды.

Науан қазақ ұғымына негізделген үш текті дәмнің жыймасынан (набор) тұрады: халқымыз «қызыл» деп ет тағамын, «ақ» деп сүттен пісірілген асты, ал «көк» деп көкөніс пен жеміс-жидекті атаған. Соған орай, үш сөрені үш текті дәмге толтыру арқылы ырысты паш ету мақсат болды. Бұл - наурыздық несібе, береке, молшылық нышаны; Жер мен Көктің арасын жалғайтын ырыс пен мол берекені паш ету ырымы; наурыздық дастарханға қойылар тағамның бәрін жыйыстырып, жүйелеп бір ғана науанға айналдыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет