Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі



бет12/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Жылан – жылдық кие


Қазақ тілінде жылдық айналымды сипаттайтын бір сөз бар, ол – «жылан». Оның түбірі, әрине – «жыл». Енді осы сөздердің жыл айналымына қаншалықты қатысты екенін білу үшін, сақтардың «айуан стилді» зергерлік мына бір туындысына назар аударайық: барысбасты жылан құмырадан шығып үлгермеген өзінің құйрығына тісін ақсыйтып, айбат шегуде. Сақина тұрпатты бұл - жылайналымның өзі! Жаңа Барыс жылы алдыңғы Сиыр жылының «иісін сезіп» азуын білеуде ме, әлде... «Биыл-мезгіл» бір жағынан, уақыт-құмыраның ішіндегі өзінің «Былтыр-құйрығымен» жалғасып жатқандығын зерделеу өз алдына мәселе.

Бұл - Жылайналым жүзігі! Ирең жәндіктің қазақша неге «жылан» аталатыны және оны қазақтың неге қадыр тұтатыны енді белгілі болды. Әлгі барысбастының атауы о баста «жыл+аң» болған, ал өзі - мифтік жылайналым киесі! Қалмақтар үшін жыл басының барыс болуы да кездейсоқ емес! Дүниежүзіне белгілі бүгінгі жүзікті о баста көшеген билеушілері Уақытты «уыстап жүргендей», оның зергерлік бейнесін киелік рух ретінде тағынып жүрген! Ақырында ол бүгінде кез келген адам тағатын сырға-жүзік ретінде әшекей бұйымға айналып тынды. Сақтардың бұл мифтік зергерлік бұйымына қарап, біз мүшелдік жыл киелері болып табылатын айуандардың әуелгі нұсқасы мен бейнесін қалпына келтіре аламыз.


Бір қызығы, мүшелдік күнтізбеге енгізілген айуандық киенің орнына бір де бір өсімдік кие ретінде қатыстырылмайды. Өйткені, өсімдік дүниесі төменгі сатыдағы деңгей, ғарышты жаңартушы емес, жаңару көрінісі ғана. Ал, айуанға ғаламдық бірегей туынды ретінде жан тән. Ендеше, Наурызға да, мүшелдік жылға да қатысты танымның көзі - бар өмірі айуанға қатысты аңшылық-көшегендік сана еді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет