Наурызым асыл айым. (Наурыз мейрамына арналған сценарий) Наурызнама



Дата27.12.2016
өлшемі227,09 Kb.
#5937


Содержание:

1. Наурызым – асыл айым. (Наурыз мейрамына арналған сценарий)

2. Наурызнама (Брейн-ринг)

3. Наурыз – бәйге (Викторина)

4. Состязание (Посвящается празднику Наурыз)

5. Наурыз думан (Наурыз мейрамына арналған сценарий)

Наурызым – асыл айым.

(Наурыз мейрамына арналған сценарий)

Жүргізуші: Барша халық асыға көптен күтетін шырайлы да, шұғылалы көктем мерекесі, жыл басы Наурыз айы Арқа төсіне де келіп жетті.

Қай ақынды алып қарасақ та, осы көктем мезгіліне өздерінің сұлу жырларын арнаған.

«Бұл көктем, неткен көктем, көктем, көктем,

Құдай-ай, сен осындай көкпеңбек пе ең?»,

- деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған көктем де келді. Тоң болып қалған қарлар жібіп, жылғалардан аққан сулар да күміс қоңыраудай сылдырап, әсем бір күйге бөлейтін шақ – Наурыз айы, Наурыз тойы да басталды.

1 – оқушы: Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз – жыл басы. Бұл күн, күн мен түн теңесіп, табиғат ананың оянып, жер көгеріп, төрт түлік төлдеп, ақ құйылып, дүние әлемнің жаңарып, жайнаған кезі.

2- оқушы: Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз ерекше маңызға ие болып, айрықша атап өтелетін жағдайға жеттік. Осы көне Наурыз мерекесі көктемнің келгенін, табиғаттың оянғанын білдіріп, жаңа жылдың басы ретінде туған Отанымызға деген барлық ұлттар мен ұлыстардың ықыласын біріктіріп, түрлі ұлттық салт-дәстүрлер, туыстықпен бір-біріне деген құрметті білдіреді.

Жүргізуші: Осы мейрам тұсында біздің халқымыздың мейрімділігі, қайырымдылығы, ақ жарқындылығы тәрізді ең жақсы қасиеттері көрінеді.

Құрметті, достар!

Ғасырлар қойнауынан біздерді Наурыз мейрамымен құттықтап ертегі кейіпкерлері келді. Қарсы алайық !

Тойды ақылды, әрі әділ Жиренше ашады.

/ Музыка ойналады /

Жиренше: - Құрметті менің бақытты ұрпақтарым!

Көктем және қуаныш мейрамы құтты болсын !

Ұлыстың ұлы күні береке мен молшылық әкелсін!

Барлық жамандық атаулы жойылсын!

Қуаныш пен күлкі жүздерінен кетпесін.

Наурыз тойын жұп жазбай

Биыл қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең, жырға басайық,

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

/ Музыка ойналады /

Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады.

ҚожанасырЖарайсың, Жиренше, жарайсың!

Сен ылғи да дұрыс сөздер айтасың.

Ал қазір ұрпақтарымыз, көңілдерің көтерсің!

/ Музыка ойналады, би биленеді /



Алдар Көсе: - Тоқта, тоқтаңдар! Бұл кім өзі Наүрыз көжесі бар қазанды жауып тұрған?

Қожанасыр: - Шығайбай ғой мынау!

Алдар Косе: - Ол неге осылай істейді?

Шығайбайға жақындайды, ол шапанымен қазанды жауып тұрады. –



Бай-еке! Не істеп тұрсың, қазан сенікі емес қой?

Шығайбай: - Бұл жерде ешқандай қазан жоқ!

Тазша бала: - Ә-ә, енді түсінікті. Шығайбай өз қазаны болмаса да, бөтен қазанды қызғанып тұр. Наурыз мейрамы кезінде осылай істеуге бола ма?

/ Үрейлі музыка ойналады /



Алдар Көсе: - Аттан! Аттан! Байеке, жылдам. Сенің отарыңа қасқыр шапты!

Шығайбай: Қалай! Қалай! Не дейді-ау, құртты ғой жыртқыштар қойларымды. Қазанды қалай тастап кетемін, мен қайтып келгенше ештеңе қалмас. Қимағанмен болмас, қой кетейін әйтпесе малсыз қалармын.

/ Жүгіріп шығып кетеді /



Алдар Көсе: -Шығайбай қайтып келгенше, қонақтарға наурыз көжеден ауыз тигізейік.

/ Домбыра әуені /



Жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз

Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, ұлттық салт-дәстүрлермен таныстырып өтейік.



  1. оқушы: Ертеде ораза уақытысында 7-15 жастағы балалар жиналып терезе тұсына келіп жарапазан айтқан. Әдетте жарапазан кешке қарай, ауыз ашар кезінде айтылған. Өлең түрінде сол үйдің иесін мақтап, мадақтап жарапазан айтқан. Үй иелері балаларды тәтті тағамдармен, жаңғақпен, тиынмен силаған.

  2. Оқушы: Салт-дәстүрдің бірі «Бесікке салу».Бесікті ата-аналар киелі санаған. Бесіктің балаға таза, денесінің түзу, мінезінің орнықты болып өсуіне пайдасы зор. Бесіктің ішінде мамығы, жастығы, қолбауы, сүйектен жасалған шүмегі, түбегі, сулығы, жаялығы болады. Бесіктің сәби ағзасына тигізер пайдасы көп.

1-Оқушы: Бала талпынып қаз тұра бастағанда тұсауын кескен. Бұл салт «Тұсау кесу» деп аталған. Осы маңызды уақиғаға жақын-жуықты шақырып той жасаған. Баланың аяқтарын түрлі-түсті жіптермен байлап, таңдап алынған адам жіпті кесуі керек. Тұсауын кескеннен кейін, аяғында берік тұрып, өмір жолында сүрінбеуі үшін бата беріледі.

2-Оқушы: Ерте уақытта қазақ халқында «Мүшел той» да тойланған. Алғашқы рет 13 жасында қыз баланың мүшелі тойланған. Оның аты «Оң босағаға шығару» деп аталған. Әдемі көйлек кигізіп, шашына шолпы тағып, өңірлік, тұмарша, алқа кигізген. Саусағына «құс мұрын» жүзік, басына «қыз сәукеле» кигізген.

/ Ән орындалады /

Жүргізуші : Ал енді «Сұрақ-жауап» ойынын өткізейік.

1.Қазақ халқының тойлары қандай дәстүрмен басталады?

/Шашу/

2.Қазақтың ұлттық әйелдер бас киімдері қалай аталады?

/ қыздардар бас киімі – сәукеле, әйелдердікі – кимешек, жаулық /

3. Наурыз символы

/ жауқазын /

4. Наурыз көже құрамы неше тағамнан тұрады,оларды ата?

/ жеті тағам: ет, тұз, бидай, май, пияз, құрт, күріш /

5. Шаңырақ дегеніміз не:

/ киіз үйдің төбесі /

Жүргізуші: Қазақ халқы күш сынасатын және ширақтық пен ептілікті көрсететін ойындарды өте жақсы көреді. Мысалы «Арқан тарту», «Итеріспек», «Бәйге»

/ Ойындар өткізіледі /

Сендер Наурыз символы жауқазын екенін білесіңдер ғой. Мен сендерге осы көктем гүлімен ойын өткізбекпін. Жауқазын музыкамен қолдан қолға өтеді, музыка тоқтағанда гүл кімнің қолында қалса, сол өлең, тақпақ немесе мақал, жаңылтпаш айтып өз өнерін көрсетуі керек.

/ «Жауқазын» ойыны ойналады /

/Ән орындалады /

Жүргізуші: «Жаңбырменен жер көгереді,

Батаменен ел көгереді» деген аталарымыз, әділ Жиренше алақанын жайып, ақ батасын береді:



Жиренше: «Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Уайым-қайғы жоқ болсын

Қуаныштарың көп болсын!



Алдар Көсе: О, халайық! Ұлы мереке Наурыз келді жер бетіне.

Көктем мерекесі, Жаңа жыл басы –

Наурыз құтты болсын!

Қуаныш қуанышқа ұлассын!



Тазша бала: Мейрам құтты болсын ағайын!

Отбастарыңызға амандық әкелсін!

Барлық істеріңізге сәтті қадам тілеймін!

/ Ертегі кейіпкерлері қоштасып шығып кетеді./



Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, келген доңыз жылы табыс, шаттық, бақ, береке әкелсін!

Наурызнама

(брейн-ринг)

Шарты: әр сайыста тоқтап қалған бала ойыннан шығып отырады.



1 сайыс: Наурызда айтылатын жарапазан айту.

2 сайыс: Жедел сұрақтар.

1. Наурыз қандай мереке? (Жаңа жыл)

2. Наурыз қай мезгілде? (көктем)

3. Наурыз сөзі қай тілден енген? (парсы)

4. Наурызда біздің арамызда кімнің туған күні бар? (…)

5. Наурыздың бүгін нешесі? (19)

6. Наурыз атымен байланысты қорықты ата. (Наурызым)

7. Наурызда істелінетін көже қалай аталады? (Наурызкөже)

8. Оған неше түрлі тағам қосады? (7 не 9)

9. Наурыз күні не жағады? (қос жарық)



3 сайыс: Наурызда айтылатын тілек (әр бала бір тілек айту керек)

Ұлыстың ұлы күні оң болсын!

Ақ мол болсын!

Наурыз тойы құтты болсын!



4 сайыс: Өлең оқу (өз шығармалары болуы мүмкін)

Наурыз нақыштары Көктем жыры

Дала қандай тамаша!

Балалар жүр қаншама?

Сұлу нұрлы көктемге

Қуанып жүр соншама!

Күн күлімдер аспанда

Балалардан қалмадым,

Асыр салдым далада

Қуаныштан ән салдым.

Шаттық

Наурыз келді, ойнайық,

Ойнайық та, тойлайық.

Әжелерім пісірген,

Көжеге біз тоймайық!

Наурыз көже

Қайнатып етті пісіріп,

Әжем кетті дүкенге

Бар тәтті ап келді.

Ірімшік, қаймақ, ақ құртты,

Қазаннан етті түсірді,

Сорпасына сүт қосты,

Тары салды дақылдан,

Ас көкті де көп қосты,

Шымшып алып тұз қосты,

Қолдан жайған жайманы,

Майдалап турап, сәл қосты

Иісі мұрынды жарады.

Ішкім келіп барады...

5 сайыс: Салт-дәстүр сайысы. Наурызға байланысты салт-дәстүр көрсету, немесе айтып беру.

6 сайыс: Бата жарысы.

Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын!

Қыруар малың өріске толсын!

Дәулетіңді асырсын!

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам-

Ұлыс күніне сақтап жүрген сұр батам!

Наурыз айы

Наурыз келді, мінекей,

Балалар жүр әнекей,

Қуаныштан ән салып,

Би билейік, кәнекей!

Наурыз айы тамаша,

Жар салайық жаңаша!

Мереке көп наурызда

Қуанатып балаша.

Наурызым – жыл басы.

Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын

Наурызда ойналады ұлттық ойын.

Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойың

Құтты болсын, жаңарып келген тойың!

Тілек.

Наурыз тойы – салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Көңілдері жадырап,

Жүрсін аман қартымыз.

Наурыз келді, алақай,

Жайнап тұр ғой далада

Көктемнің хош иісіне,

Таң қалып жүр балақай.

Ауыл көшті жайлауға

Жылқы, түйе қойнауда,

Ал балалар қыдырып,

Ошақта көже қайнауда.

Ауыл.

Алақай-ау, алақай!

Жеті түрлі тағамнан

Наурыз көже пісуде.

Еттерін де кесуде,

Дайын асқа біз дайын,

Киелі көже түсуде.

Қорытындылау.

Наурыз – бәйге

(Викторина)

Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар оқылады. Сұраққа бірінші болып қол көтерген бала жауап береді. Бір сұрақ бір ұпай.



  1. Құрметті қонаққа немесе жақындарына сақтаған ет мүшелері. (Сыбаға)

  2. Ерлердің қысқы бас киімі. (Тымақ)

  3. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. (Уыз)

  4. Шарадағы қымызды сапыру, ыдысқа қию үшін керек. (Ожау)

  5. Ұрып ойнайтын музыкалық аспаптың жетілдірілген түрі. Кейде оған алты қоңырау тағады. (Асатаяқ)

  6. Қымыз, шұбат, айран құюға, сақтауға арналған тері ыдыс. (Мес)

  7. Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. (Уық)

  8. Киіз үйдің негізін құрайтын. (Кереге)

  9. Ауылдың үлкендері жолаушылап кеткенде жастар бас қосып, бір үйге жиналып ойын-сауық құрайды. (Бастаңғы)

  10. Ауылға басқа жақтан бір отбасы көшіп келгенде, көршілері ол үйді қонаққа шақырып, дәм-тұз татырады. (Ерулік)

Наурыз думан

(Наурызға арналған сценарий)

Музыка ойнап тұрады, ұлттық киім киген екі қыз ортаға шығып «Көктем» туралы өлең шумақтарын мәнерлеп, кезектесіп айтады.

Алдарынан қолында бір құшақ гүлі бар бір ұл бала шығады.



  • Оу, қыздар, қандай әдемі болып кеткенсіңдер! өздерің тіпті көңілдісіңдер ғой!

1-қыз: Әрине, өйткені наурыз айы туды. Көктем келді. Айналаңа қарашы! Табиғат неткен көркем, неткен сұлу!

2-қыз: Күзде ұшып кеткен қанатты достарымыз туған жріне оралып келіп жатыр, және бүгін әжем наурыз көже пісіріп, ауыл-аймақты шақырғалы жатыр.

Ұл: Е, бәсе! Той сендердің ауылда екен ғой. Ендеше мына шоқ гүлдер сендерге. Осы гүлдей жайнап өсіңдер!

Ауыл шетінен бір бала шығып: -Балалар, әжем көже ішсін деп шақырып жатыр.

Балалар қуанып 3-уі қол ұстасқан күйі ауылға келеді. Есік алдында 2-3 бала асық ойнап жүреді.

Төле бидің ауылы. Үйде ауыл белсенділері әңгіме дүкен құрып отыр. Анадайдан Төле биге сәлем беруге Қазбек би басқарған бір топ жігіттер келеді. Қонақтардың келе жатқанын көрген бір бала үйге жүгіріп кіріп келеді.



Бала: Ата, әже, үйге қонақ келе жатыр.

Әжесі: «Қонақ келсе құт деген» балам. Келсе келсін.

Есік алдында жүрген балалар келген адамдарменен сәлемдесып, үйге кіргізеді. Үйдегілер орындарынан тұрып сәлем береді. Қонақтар жайғасып отырады. Келген қонақтардың қолына су құяды. Үлкендер «Үлкен жігіт бол», «Өркенің өссін», «Құрбыңның алды бол» деген сияқты баталарын береді. Келген қонақтарға шай беріліді.



Бәйбіші: «Ас – адамның арқауы» деген, ас алып отырыңыздар.

Қонақтар: Рас айтасыз. «Дүниеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті» деген екен, алып отырмыз. (Қоақтар ас алады)

Төле би: Барлықтарың жиналып қалған екенсіңдер. Сендерге қоятын он түрлі жұмбағым бар. Соны шешіңдер.

-Айтыңыз, айтыңыз.

-Айтсам он түрлі жұмбағым мынау – 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 – депті.

Отырғандар: Осындай жұмбақ болады ма екен?

Қазбек би: «Досыңа қарап өзіңді таны» деген қария. Бұл жұмбақтың басын мен шешейін. Қалғанын мына достарым шешсін, - депті.

-Рұқсат.

- Бір дегенім – бірлігі кеткен ел жаман Екі дегенім - егесіп кеткен ер жаман. Үш дегенім – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

1-досы: Төрт дегенім – төсектен безген жас жаман. Бес дегенім – белсеніп шапқан жау жаман. Алты дегенім – асқынып кеткен дерт жаман.

2-досы: Жеті дегенім – жас келіншек жесір қалса, сол жаман. Сегіз дегенім – серпілмеген қайғы жаман. Тоғыз дегенім – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман. Он дегенім – оңалмас кәрілікке дау жоқ - деген екен.

Бәрегелді, дәл тауып шештіңдер, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарларым. Алла өздеріңе ұзақ өмір берсін, халқыңа сыйлы болыңдар.

Осы кезде сырттан бір бала келіп: -Әже, қойымыз егіз қозы туды.

Әжесі: «Құтты қонақ келсе, қой егіз туады» деген, балам. Жақсы болған екен. Ендеше сол қозыларға ен салып қой. Мына Қазбектің немерелеріне бәсіре болсын.

Төле би: -Қазбек, біз сендердің өнерлеріңді көрдік. Сен енді менің немерелерімнің өнерін тамашала.

Балалар өтірік өлең айтып, жұмбақ жасырып, мақал айтады. Ән, би өнерлерін ортаға салады.



-Ата, біз сіз үйреткен мақалдар айтайық.

1. Өнерлі жігіт өрге озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

2. Өзен қуа ағады,

Өзен судың саласы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

3. Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

4. Ақыл көпке жеткізеді,

Өнер көкке жеткізеді.

-Біз жұмбақ жасырамыз

1. Кеше жіптей, бүгін күптей. (Ұршық)

2. Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап-шағын. (Сандық)

3. Алыста бір қора түр көресің бе,

Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

Сүйегі ішіндегі басқа-басқа,

Бар екен жалғыз көзі төбесінде. (Киіз үй)

-Ата, мен жаттаған өтірік өлеңді айтып берейін.

Айтып едім күшікке

неше түрлі әңгіме.

Сол күйінде Нүсіпке

Жеткізді ол әлгіде. (2-3 өтірік өлең айтып береді)

-Әже, мен Қасенхан Талғаровтың «Әжетайым» деген өлеңін оқып берейін.

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі-

Таусылмайтын жыр маған.

Келген қонақ: -Қария, қонақ қадесіз болмайды. Менің де өнерімді тамашалаңыздар. Қонақтың өнері тамашаланады.

Бәйбіше: Бұйымтайларыңды айтындар.

Қазбек би: -Еш бұйым жоқ. Үлкен кісіге сәлем беруге келіп едік.

Төле би: -Рақмет қарақтарым! Үлкенді сыйласаңдар жаман болмайсыңдар. «Ұлық болсаң – кіші бол» деген. Мені сыйласаңдар, құдай сендерді сыйласын.

-Рақмет, қария.

-Қария, рұқсат болса мына дастарқанға бата берейік.

Бата беріліп қонақтар үйге қайтады.



Викторина

  1. В какой стране зародился праздник Наурыз? (В Иране)

  2. Какие мясные блюда подавались на стол? (Казы,шужук, вареное мясо)

  3. Какие семь продуктов были необходимы для приготовления нарыз-коже? (Вода, соль, пшеница, просо, мясо, сметана, рис)

  4. Какое название имели качели, устанавливаемые к вечеру празднования Наурыза? (Алтыбакан)

  5. Какими именами нарекали рожденных в этот день мальчиков и девочек? (Наурызбай, Наурызбек, Наурыз)

  6. Сколько дней продалжалось празднование Наурыза? (Месяц)

  7. С каким видом хозяйственной деятельности человека был связан прежде всего праздник весны? (Земледелием)

  8. Закончите доброе пожелание, бытующее в народе на Наурыз: «Пусть продолжением праздника будет ...». (Свадьба)

Состязание

(посвящается празднику Наурыз)

Уважаемые друзья! Чтобы весело отпраздновать праздник Наурыз, можно разделить  всех  присутствующих  на  две  команды

Ведущий 2:

Итак,  вы,  посовещавшись,  придумайте  для  своих  команд  название,  девиз,  приветствия. Оцениваться  все  будет по пятибальной системе. А  нашим  гостям  мы  предлагаем стать  членами  жюри.



Ведущий1:

Итак,  я представлю вам совет мудрейших: ______________________________



Ведущий 1:

Команды наши готовы? Тогда мы продолжаем!


1 тур «Живой вопрос»

    -Математика – Какое число считается священным и почитаемым в казахском народе и как оно связанно с праздником наурыз?

 -Физика – Какое явление перехода одного агрегатного состояния в другое активно проявляется с наступлением Наурыза?

 -Язык – Как переводится и с какого языка слово Наурыз?

 -География – Как можно связать этот предмет с праздником Наурыз с точки зрения географии? (весы)

 История – Откуда произошли корни праздника Наурыз?

 Наурыз празднуется весной, в марте. С 21 на 22 марта день равняется с ночью. Народ начинает жизнь с нового листа. По традиции в этот день обидевщийся должен простить обиду, поссоривщиеся должны помириться.

 Принято встречать Наурыз весело с открытой душой, с благими намерениями. В народе говорили как встретишь Наурыз так и весь год пройдет.


Поэтому целый день народ пел песни, играли игры, ходили друг к другу в гости.

2 тур « Блюда»

 1. Этот напиток изготавливают из верблюжьего молока?

 2. На праздник Наурыз

 у каждого дома устанавливался казан, в котором готовили праздничное блюдо из семи компонентов. Что это за блюдо?

 3. Мясо, почки, печень, легкие нарезали мелкими кусочками и жарили, добавив жир и специи. Что это за блюдо?

 4.Казахи почетным гостям подавали блюдо, в состав которого входили жал-жая, шұжық, қарта, қазы.

 Что это за блюдо?

 5. Маленькие кусочки теста жаренные на курдючном жиру. Что это?



Одежда

 1.Как называется головной убор замужней женщины? Почему существует различие в одежде замужней и незамужней женщины?

 2. Поверх платья женщины одевали приталенную вышитую орнаментами одежду без рукавов?

 3. Как называется головной убор невесты?

 4. Что такое мәсі?

 5. Маленькая шапочка вышитая орнаментом?

 

Обычаи

 1. Той, который устраивали в честь новорожденного?

 2. Когда малыш делал первые шаги собирали гостей и самый почетный гость обрезал путы на ногах малыша. Что это за обычай?

 3. Что такое «Беташар»?

 4. Как проходит обряд «Қырқынан шығару»?

 5. С какой целью казахи придерживались традиции “Бесікке салу”?

 3 тур «Полиглот»  

 Команды вытягивают листочки со словами и они должны за предоставленное время перевести данные слова на казахский, английский, немецкий языки.

 1. Знанье ( білім, нолидж, виссен)

 2. Родина (Отан, мазэлэнд, хаймат)

 3. Дружба (фрэндшип, фройндшафт)

 4. Мир (бейбітшілік, пис, фриден)

 5. Народ (халық, пипл, фольк)

 6. Мать (ана, мазэ, муттер)

 7. Край ( өлке, лэнд, ланд)

 8. Ученик (оқушы, пьюпл, шюлер)


Ведущий 2:

А знаете ли вы, что Наурыз особенный праздник и готовят для него особые блюда. Так как Наурыз – это ещё и начало весенних полевых работ, было принято за 25 дней до праздника высеивать в специальных посудах зерно, а первый день праздника проростки употреблять в пищу. В каждом ауле устраивали состязание едоков. Чемпионы съедали до двух баранов.



Ведущий 1:

Они  съедали  баранов, а мы  предлагаем выйти  сюда  по  одному  представителю  от  команды.  Конкурс «Кто  быстрее». Вы  должны  как  можно  быстрее  съесть  предложенное  вам  блюдо: баурсак  и  айран. (2 – 3 человека от команды)



Вопросы совсем несложные:

 1. Когда отмечаем Наурыз?

 2. Что означает слово “Наурыз”?

 3. Какое блюдо готовят на праздник?

 4. Первая столица Казахстана.

 5. Переведите на казахский слова: праздник, новый, радость.

 6. Из скольких  ингредиентов состоит “Наурыз коже”?

 7. Какие вы знаете национальные казахские игры?

 8. Какие знаете традиции?

 9. Как поздравляют друг друга люди в этот праздник?

 10. В каких странах еще отмечают этот светлый праздник?

 11. Какое число у казахов считается магическим и удачным?

 12. Священная книга мусульман.

 13. Из каких составных частей состоит юрта?

 14. Как называется генеалогическое древо у казахов?

Ответы:

  1. 22 марта.

 2. “Новый день”.

 3. Наурыз коже.

 4. Оренбург.

 5. Мереке(мейрам, думан, той), жаңа, қуаныш.

 6. Состоит из 7 ингредиентов.

 7. Алтыбакан, Кыз куу, Кокпар, Аударыспак, Байга, Куме алу, Ак каскыр — байланган каскыр, Балапандар, Такия тастамак!

 8. Тусаукесер, кыркыдан шыгару, «жеты ата», бесике салу, атка отыргызу и другие.

9.Поздравляющий говорит: «Наурыз мейрамы кұтты болсын!» («Пусть праздник Наурыза будет счастливым!»), принимающий поздравления отвечает «Бірге болсын!» («Да будет вместе!»).

 10. В настоящее время Наурыз отмечается, как государственный праздник: 21 марта в Иране, а также в Азербайджане, Албании, Афганистане, Грузии, Иракском Курдистане, Индии, Киргизии, Македонии, Турции, Туркменистане и в Узбекистане — а также в Казахстане — 21—23 марта и в Таджикистане (4 дня). Наурыз также празднуется на местном уровне в Татарстане, Башкортостане.

 11. Число – 7.

 12. Коран.

 13. Юрта (уй, кииз уй) состоит из деревянного каркаса и кошомного покрова. Каркас юрты состоит из трех частей: кереге (решетчатый остов), уык (жерди, подпирающие верхний круг), шанырак (верхний круг).

 14. Шежире.

 

  Ведущий:



 - Новый год всегда хочется начинать с чистой страницы.

 Я желаю Вам, чтобы всё в нём было по-другому: светло и свежо. Желаю радости и счастья!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет