Омаров Е. Қазақ ӛркениетінің негізі. – Алматы: Арда, 2014. – 456 б. Қазақ ӛз отаны туралы қысқаша не білуге тиіс? Кімде-кім ӛз
отанының тарихын оқып-білемін десе, оның ӛркениетін білуден
бастауы тиіс. Ӛйткені «Ӛркениет елдің тарихы мен мәдениеті туралы
материалдар жиынтығынан тұрады» деген ӛркениет ғылымының
атасы А. Тойнби. Сіздің қолыңыздағы кітаптың негізгі идеясы - қазақ
ӛркениеті осы анықтамаға сүйене отырып жазылған.
Бұл ғылыми еңбектің мақсаты қазақ ӛркениетінің генезисін
ашып, философиясын айқындау, тарих тұрғысынан оның ӛсіп-
ӛркендеуін туыстас Орта Азия және Евразия ӛркениетімен
байланыстыра зерттеу болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқы
мекендеген сайын далада бой кӛтерген далалық, кӛшпенділік,
қалалық, егіншілік және әскери- демократиялық ӛркениеттермен қоса
ӛзендік ӛркениеттің болғаны дәлелденіп, соның бәрінің синтезі Қазақ
ӛркениетін қалыптастырғанын анықтайды. Бірінші рет, кӛшпенділер
теориясы - номадология қазақ тілінде беріліп отыр.