АБЫЛАЙ ХАН. Энциклопедия / Бас. ред. Б.Ӛ. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – 656 б. Энциклопедия 18 ғасырда ғұмыр кешкен ұлы хан, дарынды әскери
қолбасшы, кемеңгер мәмілегер Абылай ханның қазақ халқының басынан ӛткен
зор-зобалаң замандағы қазақтың елдігін сақтап калудағы тарихи рӛлі және
ұлтты ұйыстырып, біріктіру мақсаты жолында ӛзінің бүкіл күш-жігері мен
ақыл-парасатын сарп еткен саяси қайраткерлік әрі мемлекеттік істеріне
арналған. Энциклопедияда болашақ ханның бозбалалық шағынан ержетіп,
есейіп-толысқан кезі, абыройы мен айбыны артып, ӛскен ортасы мен
сұлтандықтан хан дәрежесіне дейінгі кӛтерілген ӛмір соқпақтары, Абылайдың
арғы ата-бабалары мен одан тараған ұрпақтары мен үрім-бұтақтары, тұстас-
замандастары, елі мен жерін жат жұрттықтардан қан кешіп жүріп қорғаған
үзеңгілес жаужүрек батырлары, ел болашағының қамын жеген ақылгӛй даналар
мен билері; қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Абылай ханның ұстанған
ӛмірлік мақсат-мұраты жолында күрес жүргізген ілгері-кейінді ел басылары,
қаһарман ерлер және ханның ӛмірі мен еңбегі жайында қалам тартқан ақындар
мен жазушылар, ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ Абылай ханнан кейінгі
ұрпаққа мұра болып калған жер-су аттары, т.б. қамтылған.