Тәуелсіздік идеясы және кӛркем мәдениет. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 304 б. «Тәуелсіздік идеясы және кӛркем мәдениет» атты ұжымдық
моногафияда қазақ фольклоры, әдебиеті және ӛнерінде кӛрініс тапқан
Тәуелсіздік идеясы мәселелері қарастырылады. Мұнда ертегілердегі еркіндік
сарындар, сақтар мен ғұндар заманындағы, Алтын Орда кезеңіндегі, Қазақ
хандығы тұсындағы әдеби мәтіндердегі және Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген әдебиет пен ӛнер туындыларындағы
елдік пен тәуелсіздік, бірлік пен мемлекетті сақтау идеяларының кӛркем
бейнеленуі мен жырлануы зерттеледі. Елін, жерін сақтау үшін күрескен
тұлғалардың ерліктері дәріптеліп, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық істері жан-
жақты талданады.