А мәтіні
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен
өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда
жаңа табыстарға одан әрі қол
жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын
міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып
жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.
Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9
млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.
Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де
мемлекеттер алдында жаңа
шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан
тұтамын.
Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары
қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек
болған нәрселерді атқардық, дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне
кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар.
Қоғамда
адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар
теңгерімсіздік әлі де орын алуда.
Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық
жіктеріне қоғамдық жаңғырту
үдерісіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып,
Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.
(194 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: