сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі,
өз дүниетанымының нәтижесі.
Нұрлан Шүленбаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
терминология бөлімінің ғылыми қызметкері:
Мәдениеттің өзін екіге бөліп жүрміз: материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде,
тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Академик Р.Сыздықова бұл мәселедегі ойын
«Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс
құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау
(орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау
(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру» деп сабақтаса, ғалым
Н.Уәли өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі,
жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл
айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық» деп жазады. Қандай адам болмасын, ой-
өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған
жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал»
деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген,
күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса -
солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін
бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: