даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын
сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі
сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті
сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге-үлгі ретінде данышпандығын өлең
өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз
асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік
сөздер қашан да халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар –
тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің
сөзін жадында сақтап, жаттап айтып жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес.
Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып,
халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға
тапқыр, жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту. Жиренше,
Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ
шешендік өнерінің майталман өкілдері.
Достарыңызбен бөлісу: