«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет127/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Пәнаралық байланыс 
құқық, тарих, география 
Тірек сөздер 
әлемдік саясат, акторлар, консенсус, трансұлттық саясат, 
әлемдік қауіптер, т.б. 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырмасы 
1-тапсырма.
«Еркін жазу» әдісі.
Қолыңды дәптерден алмастан «Қазіргі әлемдегі саясат 
туралы не білемін?» деген сұраққа 2 минут бойы тоқтамай жауап жаз, тіпті ойыңа 
ешнәрсе келмесе, осы сәттегі көңіл күйіңнің қандай екенін болса да жаза бер.
 
2-тапсырма.
Қағаз қиындыларының бірін таңдап ал, ондағы берілген сөздер бойынша 
(әлемдік саясат, акторлар, консенсус, трансұлттық саясат, әлемдік қауіптер) 5 топқа 
орналас, өзіңе тиесілі сөздің анықтамасын беру үшін топта талқыла. Қажет болған 
жағдайда ғаламтор мәліметтеріне жүгін.
 
Оқылым тапсырмасы
 
3-тапсырма.
Берілген шағын мәтінді түсініп оқы, негізгі ойды және мәтінде көтерілген 
мәселені анықта, пікір білдіруде мәтіндегі ақпараттар мен мәліметтерді орынды қолдан.
1-мәтін
Мемлекеттің шеңберінен тыс мәселелерді сол елдің сыртқы саясаты шешеді, 
айналысады. Қазіргі өзара байланыстағы дүниеде ұлттық мемлекеттер әлемдік 
қатынастарда өздерінің мүдделерін қорғау мақсатында басқа мемлекеттермен тығыз 
қарым-қатынастар жасау саясатын жүргізеді. Сол саясат арқылы экономикалық, сауда, 
ғылыми-техникалық, ақпарат, т.б. салалардағы байланыстар жүреді. Сонымен бірге, 
әлемдік қатынастарды реттеп отыратын бір жеке орталық жоқ. Барлық мемлекеттерді 
байланыстыратын әлемдік саясатты жасаушы да орталық жоқ. Әлемдік саясат –
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарынан стихиялы түрде қалыптасқан құбылыс. 
Әлемдік саясат принциптерін негізінен тең құқықтағы мемлекеттер өзара қарым-
қатынастары барысында жасайды, бірақ мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі. Елдің 
ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары 
ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың 
өмірі мен тағдырына өзінің әсерін тигізіп отырады. Жеке адам әлемдік қауіптердің 


құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар ол әлемдік ақпараттық жүйелердің өнімдерін 
міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек, әлемдік саясат пен әлемдік тәртіптер жеке 
тұлғаның өмірінде белгілі дәрежедегі ықпалға ие. Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі 
деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып, біріне-бірі күшті ықпал 
жасап отырды. 
(158 сөз)
2-мәтін
Тарихта екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік 
жүйелердің арақатынасында «қырғиқабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-
қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде 
әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу 
туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-
әрекетке «жаһандық тұрғыдан ойлап, аймақтық тұрғыда іс істе» деген қағида 
басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және 
планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді. 
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді, 
сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. 
Оған көптеген себептер болды. Солардың негізгілерінің бірі – ядролық-космостық 
дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар болмауы керек 
деген қағида. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау 
шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі 
тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. 
Түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса, оның 
салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін, себебі ядролық қару қолданылған 
қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйе пайда болады. Ол кейін барлық жер 
жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады.
(170 сөз) 
3-мәтін
Қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын ғаламдық мәселелердің маңыздылығы 
артуда. Оған термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология 
мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел 
араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа 
дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде 
соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте 
қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, 
ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ. 
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда 
жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе – планетаны ластау. Әлемдік 
мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған 
миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар тасталуда. Өзен, 
көлдер, ағын сумен бірге келген тыңайтқыштар, пестицидтер, сынап, мышьяк, 
қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, 
жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80% сапасыз судың салдарынан пайда 
болатын керінеді.
(137 сөз) 
4-мәтін
Әлемдік саясат әлем халықтарының адами, ізгілікті ойлауының ортақ жетістігі болып 
табылады. Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші 
жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ 


ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын. 
Мемлекеттер өзара қайшылықтарын түрлі соғыстармен шешіп келді. Әлем тарихында 
мыңдаған соғыстар белгілі. Соның ең ауыры 1914-1918 жылдардағы бірінші және 1939-
1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстар болатын. Екі дүниежүзілік соғыста ғана 
100 миллионан астам адам қырылған болатын, сондықтан әлем халықтары мемлекеттер 
арасында бейбітшілікті сақтау қажеттілігін алдымен сезінді. Әлемдік саясат соғыс және 
бейбітшілік мәселесін әлем мемлекеттерінің ортақтасып шешуімен басталады деп 
есептеуге болады. 
Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның 
құқықтарын қорғауды міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық 
елдері өздерінде құқықтық мемлекет және қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісін 
бастады. Адам мәселесі өркениетті мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, өзара 
консенсусқа, түсіністікке жетелейтін өзекті мәселеге айналды. Өркениетті 
мемлекеттердің ықпалымен әлем халықтары адам құқықтарын қорғайтын саяси 
билік жүйелерін қалыптастыра бастады.
(156 сөз) 
5-мәтін
Осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылыққа толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі 
дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200-ге жуық мемлекет, 2000-нан астам этникалық 
топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан 
дәстүрі, тілі, ділі және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттің 
экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың 
әр сатысында тұр. Соған сәйкес өмір салты, мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Мұның 
бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлілігін, 
демократиялық нышандардың деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси 
құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды. Осындай сан 
алуандылыққа қарамастан, бүгінгі әлем, адамзат қоғамы біртұтас дейтін себебіміз не? 
Оның себебі – дүние жүзінің түпкір-түкпіріндегі барлық адамдарға ортақ адами 
қасиеттер бар. Кез келген адам бақытты өмір сүріп, өз қабілетінше еңбек еткісі, бала 
сүйіп, қызығын көргісі келеді, қадір-қасиетін сақтап, қоғамдағы өзіндік орнын табуға 
ұмтылады. Соған орай әрбір адам жалпы адамзаттық құндылықтарға мойын ұсынып, өз 
бойына сіңіруге талаптанады. Демек, барлық адамдарға ортақ арман-мүдде, іс-әрекет, 
құндылық қасиеттер оларды жақындастырады.
(162 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет