«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет32/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
 
Факт 
– шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни дәлелденген шындық. 
Көзқарас 
– бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты 
көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы.



4-тапсырма.
The New York Times газетіне Қазақстан өнер саласында болып жатқан 
маңызды жаңалықты жаз. Негізгі ақпарат, қосымша ақпаратқа назар аудар, фактілер мен 
көзқарас енгіз. Жұбыңның жазбасын оқы. Кері байланыс бер.
 
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ 
 
 
 
5-тапсырма. Төмендегі ереже, тұжырымдамаларды оқы. Димаш Құдайберген 
қатысқан байқау туралы жазба жаңалықтарға жата ма, хабар-ошарға жата ма? 
Әлде жаңалықтар мен хабар-ошар мағыналас ұғымдар ма? Топ ішінде талқыла.

Жаңалық – ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама


Хабар-ошарды кейде «хроникалық хабар» деп атайды. Хроника – тарихи 
оқиғалардың хроникалық жүйеде жазылуы. Журналастикадағы хроника – дерек туралы 
қысқаша хабар, яғни, хабар-ошар мен хроника синонимдес сөздер болып келеді. Хабар-
ошарда журналист дерек пен оқиғаға қатысты маңызды ақпаратты (оқиға орны, оған 
қатысушылар) толық баяндайды. Хабар-ошар – көркемдеуші құралдарға сараң, қысқа да 
нұсқа болуы шарт. Хабар-ошар – газетте жедел хабарлама берудің ең қарапайым түрі. 
Оның негізінде қажетті, қоғамдық маңызы бар деректер жатады. Хабар-ошарға жаңалық 
пен қысқалық тән. Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған жаңалық 
бюллетенінің негізгі элементі. Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан 
болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде 
қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет