Қорытынды бөлім
Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз.
Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы
тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз
мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір
тақырып.
Тақырып қойыңыз.
Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ
қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып –
мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт
сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам – лид.
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз.
Факт, ой, мағына. Осының бәрін
парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді
жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын
ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
Әр сөздеріңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз.
Барлық абзацтың
қалыңдығы (ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез
әрі жеңіл қабылдайды.
https://yvision.kz/post/556610
2-тапсырма. «
Достарыңызбен бөлісу: