"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата11.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176413
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Ойлау дағдылары деңгейі 
Білу және түсіну 
Қолдану 
Жоғары деңгей 
дағдылары (талдау, 
жинақтау, бағалау) 
5-cурет. 
Жиынтық бағалау бойынша құралдарды құрастыру механизмі
Ойлау дағдылары деңгейі 
бойынша бағалау критерийлері 
Оқу мақсаттары 
 
(оқу бағдарламалары, ұзақ 
мерзімді жоспарлар) 
Тапсырмалар 

Ақпаратты қабылдау және түсіндіру: анықтама беру, санамалау, тану, 
қайта жасау, пікір білдіру және т.б. 

Білімді қолдану, мәліметті пайдалану, көрсету, есептеу, 
интерпретациялау және т.б. 

Ашық сұрақтарға жауап беру,мәселелерді шешу, білімді 
интеграциялау, стандартты емес шешім қабылдау, сыни пайымдауды, 
аргументативті қорытынды және т.б. қалыптастыру 
Балл қою кестесі 
Оқу жетістіктері деңгейі 
рубрикасы (жоғары, орта, 
төмен) 
Дескрипторлар 
Балдар 
Электрондық журнал 
Бағалар 
Пәндер аясындағы күтілетін 
нәтижелер (МЖМББС) 
28 


Ашық және жабық түрдегі тапсырмалардың жаңа форматы сабақта 
оқушылардың жас ерекшелігіне, оқу мақсаттарына қарай қарапайымнан 
күрделілігіне қарай күрделендіріп қолдануға мүмкіндік береді. 
Критерийлерді үш ойлау дағдылары тобына бөлу (оқу материалын білу және 
түсіну; оқушылардың білік пен дағдыларды оқуда қолдануы; оқушылардың 
талдау, жинақтау дағдылары, өз білімдері мен тәжірибелері негізінде 
бағалауды өткізу) сыныпта оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 
басқару, тиімді мониторингілеу, дифференциалды оқудың негіздемесі 
ретінде қызмет етеді. Мысалы, егер оқушылар жоғары деңгей дағдыларымен 
берілген тапсырмаларды 20%-дан төмен, ал қолдану дағдысындағы 
тапсырмаларды 80%-дан төмен орындаса мұғалім бұл жағдайға көңіл 
аударып, оның шығу жолдарын анықтауы қажет.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау кезінде барлық тапсырмалар 
дескрипторларға сәйкес (тапсырманы орындауы барысында қадамдарын 
сипаттау) немесе тоқсандық жиынтық бағалау кезінде балл қою кестесіне 
сәйкес тексеріледі. Сонымен қатар, дескрипторлар немесе балл қою кестесі 
мұғалімнің әр оқушыға қатысты объективті шешім қабылдауына көмектеседі. 
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалау кезінде де әрі қарай жоспарлау, 
қателіктердің алдын алу, сындарлы кері байланыс беру үшін қолданылуы 
мүмкін.
Пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың 
барлық түрлеріне бақылау тапсырмаларын, әдістерін, оқу жылындағы 
өткізілу кезеңдерін қамтып, жиынтық бағалауды жоспарлау ұсынылады. Бұл 
оқушылардың жүктемесін рационалды бөлуге және графикті анықтауға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет