««Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үдерісін ұйымдастыру»



бет14/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,18 Mb.
#8073
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: география Уақыты: 31.01.2014ж. Мұғалім: Бимурзаев МейіржанҚасымбекұлы

Сыныбы: 10Б

Сабақтың тақырыбы:ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы және таралуы

Сабақтың мақсаты: ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуытуралы мәлімет қалыптастыру, танымдылық қабілетін дамыту.Оқушылардың білімділігін артыру, шапшаң ойлауға үйрету.

Оқытудың нәтижесі:ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуытуралы мәлімет алады, білімдеріқалыптасады.

Негізгі түйін:Оқушыларға ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы және таралуытуралы мәлімет жинату.ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуынбілдіру. Қәзіргі таңда эканомикаға тигізіп жатқан әсері туралы білгізу.

Дерек көздері:География. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы «МЕКТЕП» 2010. Түрлі-түсті қалам сап.

Түсті қағаздан жасалған фигуралар.



Мұғалімнің іс-әректі

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Топқа бөлу.


Топ басшысын сайлау. Топ мүшелерін сайлау.

Кіріспе:

Бағалау критерий: Стандарттық «5» балдық жүйесімен бағаланады. Топтарға плакатқа жазылған сұрақтарды таратып беру. Алдарыңа келген плакаттағы сұрақтарды оқып, жазуларыңа 2 минут уақыттан беріліп отырады. Плакатта жазылған сөйлемдерді қайталап жазуға болмайды.



Сұрақ –жауап.

Бағалау критериін есте сақтау. Стандарттық «5» балдық баға мен бағалау керек екенін ұмытпау. Сонымен қатар топтар басқа топтардың жазған сөйлемдерін қайталап жазбау. Тапсырманы уақытында орындап отыру.



Тұсау кесер:

Плакатқа жазылған тапсырма сұрақтарын таратып беру. 1. ҒТР дегеніміз не? 2.ҒТР-дың негізгі белгілері қандай? 3.ҒТР құрылымы қандай? 4.ҒТР-дың шаруашылықтағы құрылымы қандай? Осы сұрақтарды топтарға таратып беріп, бір сөйлемнен жаздырып, келесі топқа өткіздіріп отыру. Алдарына келген басқа топтың жауаптарын оқытыу. Олардың жазғандарына мына белгілердің ?, -,˅ бірін қойдырып отыру. 2-минут сайын алдарындағы плакаттарын келесі топтарға өткізіп, ауыстыртып отыру. Плакат айналып өз топтарына келгенде мәтінді оқып әр топ өз плактарына жазылған жауптарды тексерту.



Топпен бірге, алдарына келген плакаттағы сұрақтарға басқа топтардың жазған жауаптарын оқып, тексеріп, мына белгілердің, ?, -,˅ бірін қойып отыру. Плакатқа жазылған мына сұрақтарға1. ҒТР дегеніміз не? 2.ҒТР-дың негізгі белгілері қандай? 3.ҒТР құрылымы қандай? 4.ҒТР-дың шаруашылықтағы құрылымы қандай? сөйлем жазу.Жазып болғансоң келесі топқа өткізу. Алдына келген плакаттағы басқа топтардың жазған сөйлемдерін қайталап жазбау. Әр 2 минут сайын келесі топқа плакатты уақытылы өткізіп отыру. Өз плакаттары айналып келгеннен кейін, мәтінді оқып оған жазылған жауаптарды тексеру.

Негізгі бөлім:

Әр топтанҒТР-дың дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуытуралы білгендерін сұрау. Сұрап болғаннан кейін,ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы туралы мәтіндіоқыту.ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы туралы оқулықтан және ұялы телефон арқылы ғаламтордан мәлімет жинату. Жиған мәліметтерін топпен бірге талдатып, қорғаушыларға қорғату.



Әр топ ҒТР-дың дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы туралы білген өз ойларын айту. Айтып болғаннан кейін, ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы туралы мәтінді оқу. ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы туралы оқулықтан және ұялы телефон арқылы ғаламтордан мәлімет жинау. Жиған мәліметті топпен бірге талдау. Топпен талдап болғаннан кейін қорғаушылар қорғайды.

Қортынды:

ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуының қысқаша мағынасын сұрау.Сабаққа кері байланыс жасау (рефлекция).



ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуының қысқаша мағынасын айту.

Сабаққа кері байланыс жасау.



Үйге тапсырма:

ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы тиуралы оқып келу.Ғаламтор арқылы ақпараттар мен мәліметтер жинатып келгізу.



ҒТР дүниежүзілік шаруашылықта дамуы мен таралуы туралы оқып келу. Ғаламтор арқылы ақпараттар мен мәліметтер жйнап келу.

Бағалау:

СТО арқылы критерилер бойынша оқушылар мен бірге оқушылардың жетістіктерімен кемшіліктерді айта отырып бағалау.



СТО арқылы мұғалім мен бірге кемшіліктерімен жетістіктеріді айта отырып бағалау.




Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Күні:

29.01.2014ж.

Сыныбы:

11-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Логарифмдік теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты:

Логарифмнің негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, логарифмдік теңдеулерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгерту

Күтілетін нәтиже:

  • Логарифмнің анықтамасы және қасиеттерін қолдана алу дағдыларын қалыптасады

  • Логарифмдік теңдеуді шешу үшін логарифмдік функцияның анықтау облысын анықтайды

  • Есептерді өз бетінше шығара алуы іскерліктері артады

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ




Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қажетті құрал-жабдықтар

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Топқа бөлу

(3 мин)

Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеймін. «Логарифм», «Теңдеу», «Негіз» сөздері жазылған үш түрлі стикерлер арқылы топқа бөлемін. Осы ұғымдарға анықтама беріп өтеді. Әр топ мүшелеріне табыс критерлері бойынша бағалау парақшасын тарқатамын.

Оқушылар сәлемдеседі.

«Логарифм»

«Теңдеу»

«Негіз» стикерлерін алып болып үш топқа бөлінді. Топ басшыларын сайлайды. Топтар осы ұғымдарға анықтама береді. Оқушылар табыс критерилері бойынша өзін-өзі бағалап отырады



Стикер, бағалау парақшасы

Үй тапсыр-масын сұрау

(6 мин)



Шынайы сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуда зерттеушілік әңгіме жүргізу мақсатында топтарға интербелсенді тақтаның көмегімен логарифмнің қасиеттерін сәйкестендіріп, есептерін парақшамен тарқатамын. Топтар бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар топта берілген парақшалардағы тапсырманы орындайды, болғаннан кейін басқа топтармен ауысып, бір-бірінкін тексеріп баға береді.

Флипчарт, интербелсенді тақта

Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

(2 мин)

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріп өтемін. «Миға шабуыл» стратегиясын пайдалана отырып, жаңа сабаққа байланысты бірнеше ашық сұрақтар қоямын. Белсенді қатысып отырған оқушыларды формативті бағалаймын

Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады. Кез келген топ мұшесі сұрақтарға өз ойларын айтады. Дұрыс жауап берген оқушылар формативті бағалагнады.

Интерактив тақта


Жаңа сабақ

( 10 мин)



Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу мақсатында «Уақыт шеңберін» пайдаланамын. Әр топқа жаңа сабақ бойынша ресурстар тарқатамын. Топта тақырыпты түсіндіріп, жинақтау және басқалардың идеяларын анықтайды.

Кез келген топтың бір мүшесі жауап береді



Оқушылар шеңбер болып отырады. Жаңа тақырып бойынша бір-бірімен пікір алмасады.


Флипчарт, жай тақта, бор



Сергіту сәті

(2 мин)

Л.Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағын» ескере отырып, топта ықпалдасып жұмыс жасау мақсатында оқушыларға интербелсенді тақтадан видеоролик көрсетемін.

Оқушылар видеоны тамашалап, өз ойларын білдіреді

видеоролик

Есептер шығару

(15 мин)

«Айналмалы бекеттер» әдісін пайдалана отырып, әр топқа деңгейлік тапсырмалар беремін. Постер қорғалады

Әр топ шектеулі уақытпен берілген деңгейлік тапсырманы орындап, келесі топтың тапсырмасын толықтырады, постерқорғайды.

Плакат, маркер

Бағалау

3 мин


  1. Топты бағалау

  2. Өзін-өзі бағалау

  3. Формативті бағадан

  4. Жиынтық бағаға көшу

Оқушылардың сабақ барысында жинаған смайликтеріне қарап жиынтық баға шығарамын. Оқыту үшін бағалаудан жиынтық бағаға көшемін.

Оқушылар өздерінің неше смайлик жинағанын есептеп мұғалімге айтады.

смайликтер


Рефлексия

2 мин

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және бүгінгі жаңа тақырыпта қандай қиындықтар кездескендері деңгейде түсінгендігін әртүрлі көңілкүйдегі смайлктерді таңдату арқылы білемін.


Оқушылар бүгінгі сабақты қай деңгейде түсінгенін және алған әсерлерлерін стикерге жазады

Стикер . Өзін-өзі бағалау парақшасы



Үйге тапсырма

2 мин



Оқулықпен жұмыс. Логарифмдік теңдеуге есептер шығару.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

күнделік

Топта белсенді қатысып отырған оқушыларға топ басшысы Смайликтер арқылы парақшаларға іліп отырады. Сабақ соңында жинаған смайликтері бойынша жиынтық бағасын шығарамын.




Аты-жөні

Логарифм және оның қасиеттерін біледі

Логарифм қасиеттеріне есептер шығара алды

Логарифм теңдеуінің екі жағын бір негізге келтіре алды

Жаңа айнымалы енгізуге есептер шығара алды

Логарифмнің барлық әдіс-тәсілдеріне есептер шығара алды


Қорытынды

1




















2



















3



















4






















5 смайлик - "5", 4-3 смайлик - "4", 2 смайлик - "3"


І. Шебер сабақ жоспары
«Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберлік сабағының үлгі жоспары

Дайындаған: Егизбаев Аят Жаксыбекович, Калыкулова Жазира Омиртаевна,

Шымкент қ. ПШО аға менеджерлері.


Мақсаты: Мұғалімдер оқу үдерісінде кері байланысты қолданудың тиімді жолдарын үйрету.

Құрал-жабдықтар:смайликтер,кестелер,таныстырылымжоспары,А4 қағазы, стикерлер.

Уақыты: 45 минут.

Мастер-класс барысы:

  1. Таныстырылым: «Кері байланыс» - көрсету, қысқаша талқылау.

Таныстырылымда «Оқушылардың оқуына әсер ету» тақырыбы төңірегінде мазмұнды ақпарат беріліп, күтілетін нәтижелер нақтыланып, мақсаттар айқындалады. Джон Хэттидің «Оқушылардың оқуына әсер ету» зерттеу жұмысы туралы талдау жасалынып, кері байланыстың оқу үлгерімін арттыру үшін қалай әрекет етуіміз қажеттілігі туралы пікір алмасады.


  1. «Кері байланысты орнатудың тиімді жолдары». Практикалық жаттығуларорындау. Онда мынадай практикалық жұмыстар түрлері орындалады:

  1. «Кері байланыс парағы»;

  2. «3,2,1» стратегиясы;

  3. «Рефлексивтік алгоритм»;

  4. «Сенімдімін, сенімсізбін, сұрақтарым бар» кестесі.

ІІ. Шебер сабақ жоспары
«Оқу үдерісіндегі диалогтың маңызы»тақырыбындағы шеберлік сабағының үлгі жоспары

Дайындаған: Купешова Асия Жаншораевна, Матаева Сауле Романовна

Шымкент қ. ПШО аға менеджерлері



Мақсаты: мұғалімдердің оқыту үдерісінде диалогтік оқытудың идеясын тиімді қолдану дағдыларын дамыту болып табылады.

Уақыты: 45 минут.

Мастер-класс барысы:

Диалогтік оқытуды зерттеген ғылыми еңбектердің мазмұнына тоқталып, оқыту үдерісінде бұл тәсілдің маңыздылығы ашылады. Оқыту үдерісінде сұрақ қою техникасы игертіледі. Диалогтік оқыту арылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, ойын еркін білдіруге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту жүзеге асырылады. Сессия барысында диалогтік оқыту негіздеріне арналған презентацияны талдау арқылы диалог түрлерін анықталады, тренинг өткізіледі. Тренинг үдерісінде мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып сұрақ қою мәдениеті қалыптастырылады, диалог түрлерін тиімді пайдалану дамытылады. Мұғалімдерге диалогтік оқытуды пайдалану мақсатында «Баспа машинкасы», «Ассоциациялық ойлау», «Бір әріптен басталатын әңгіме», «Сағат тілімен кездесу» сияқты тренингтерін ұсынылады. Сессия жұмысының соңында кері байланыс орнату мақсатында рефлексия жүргізіледі.



ІІІ. Шебер сабақ жоспары
«Оқыту үдерісіне оқыту үшін бағалаудың ықпалы»тақырыбындағы

шеберлік сабағының үлгі жоспары

Дайындаған:Бейсебаева Улжамал Жаксылыковна, Сапарбаева Замира

Абдикадировна,

Шымкен қ. ПШО аға менеджерлері.
Мақсаты: тыңдаушыларды жобалық іс-әрекет негізгі түсініктерімен таныстыру (жоба проблемасы, жоба мақсаты, жоба өнімі, таныстырылым, жоспар, жұмыстың талдауы және өзін бағалауы), жобалық жұмысты критериалды бағалау технологиясымен меңгеру.

«Көпір» критериалды бағалау тапсырмасы (4 топ + 1 топ бағалаушылар)

Құрал-жабдықтар: А4 қағазы, қайшы, жапсырма, қарындаштар, сызғыштар, таныстырылым жоспары, жобаны бағалау хаттамалары.

Уақыты: 45 минут.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдер оқушылардың оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аударып, ары қарай дамыту.

Мастер-класс барысы:


  1. «Оқыту үшін бағалау» таныстырылымы.

  2. «Көпір» жасау практикалық жұмысы.

Ойын барысы: Бағалаушылар (3-5 адам) тыңдаушылардың арасынан кездейсоқ таңдалады, Қалған тыңдаушылар 5-7 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.

Қатысушыларға берілетін нұсқаулық.Сіздер қағаздан көпір жасайсыздар. Көпірдің ұзындығы 1 метрден артық емес, көпірдің ені 8 сантиметр. Жұмыс жеңіл, дегенмен басты ереже бар: қыздар сызғыш пен клейді ұстауға құқысы жоқ, ал ұлдар қарындаш пен қайшыны қолдарына алмауы тиіс. Жұмыс ұзақтығы – 30 минут. Аяқталуына қарай жоспар бойынша өз жобаларыңыздың таныстырылымын жасайсыздар. Сіздің жұмысыңыз бағалаудың келесі критерийлермен сәйкес бағаланады.

  1. Көпірдің ұзындығы 1 метр, ені 8 сантиметр болуы.

  2. Көпірдің екі жағы эстетикалық талғамдарға сай келуі.

  3. Регламенттің сақталуы.

  4. Келесі нұсқаудың орындалуы:

Қыздар сызғыш пен клейді ұстауға құқысы жоқ.

Ұлдар қарындаш пен қайшыны қолдарына алмауы тиіс.



  1. Таныстырылымда көпірді өмірлік ұғыммен, ұстаныммен немесе құндылықпен байланыстыру.

Жүргізушіге арналған ақпарат. Жұмыстың алдында барлығы мұқият критерийлермен танысуы қажет. Ойынға қатысушылардың барлығы бірдей критерийлерді толық түсіну маңызды. Ол үшін 5-7 минут бойы бағалау критерийлерін талқылау керек. Осы талқылаудың нәтижесінде тыңдаушылар жақсы жұмыс болып ұзындығы 1 метр, ені 8 сантиметр көпір, оны жасау кезінде бірде бір рет «басты ережені» бұзылмауы тиіс, ал таныстырылым жоспарына сәйкес берілуі керек. Бұл барлық параметрлер дескрипторлар арқылы сипатталған.

Бағалаушыларға нұсқаулық: Сіздер осы топтың жұмысына мұқият қарап, қатысушылардың басты ережені бұзбауын және белсенді қатысуын қадағалайсыздар. (C критериясына және сәйкесінше бонус балына назар аударыңыз). Барлық критерийлерді бұзғандары белгіленуі қажет.

Жүргізушінің нұсқауы: Бағалаушылар топтардың жұмыстарын нұсқаулыққа сай бақылайды. Топтар жұмыстарына таныстырылым ұсынады. Бағалаушылар топтарға кері байланыс арқылы бағалайды.

  1. Рефлексия.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет