3. Деректердің шынайылығы мен сенімділігін қалай тексеруге болады? Шынайылық- ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі шынайылық- зерттеу мәселесінің себеп-салдарын анықтау үшін керек. Сыртқы шынайылық- таңдау мен іріктеуде қателердің жоқтығы (ерекше адамдарға,ерекше жерлерде,ерекше уақытта) Сенімділік- деректерді бірнеше қайталап алғандағы нәтижесінің бірдейлігі.
4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудегі дерек жинау әдісін талдау Сауалнама - ең көп таралған зерттеу құралы. Жабық сауалнамада жауаптың бірнеше нұсқасы беріледі.Ашық сауалнамада қатысушылар сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді. Жартылай құрымдастырылған сауалдамада қатысушыларға жауап нұсұалары ұсынылады және өз жауабын жазуға да мүмкіндік беріледі. Сауалнаманың негізгі бөлімі зерттеудің мақсатына байланысты негізгі (нақтылау және сүзгі) сұрақтардан тұрады.
Сұхбат алу үшін зерттеу мәселесіне бақытталған сұрақтар құрастырылуы керек. Сұхбатты зерттеуге тартылмаған адаммен сынақтан өткізген дұрыс. Сұхбат жаңа проблеманы анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақтығы 5-30 минут болуы мүмкін. Құрылымдалған сұхбат- әр адамға біріңғай мәнерде бірдей сқрақтар беріледі. Жартылайқұрылымдалған сұхбат- сұрақтар тізімі бағыттаушылық негізде болып келеді. Құрылымдалмаған сұхбат- сұхбат берушіңің өз көзқарасы негізінде бір мәселе негізінде әңгімелеп беруі.
Бақылау үдерісінің кезеңдері