Назым қайсыбір жырын алсақ та оқыған сайын терең сезім иіріміне тарта түседі. Назымның ақындық өнері мектеп қабрғасында жүрген кезінен -ақ байқала батады. Алғашқы өлеңін алтын ұ мектебіне арнады



Дата14.10.2019
өлшемі46 Kb.
#49847
Байланысты:
дип

Кіріспе

Өзінің отты жырларымен халықтың көңілінен шығып жүрген ақын қыз Назым, ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, Вальс королі Шәмші Қалдаяқов , қазақ халқының нағыз батыр ақыны Мұхтар Шақанұлы шыққан қасиетті , киелі Арыстанбап бабамыздың Отырарында 1961жылы сәуірдің 20-шы жұлдызында дүниеге келді. Әділбайтегі Сейітжанқызы Назымның жазатын тақырыптары кең,адамгершілік қасиеттерді тебірене жырлайтын,тілі бай , ойшыл ақын. Назымның өлеңінің Алтын діңгегі – адалдық ,шынайы шындық, адамгершілік , ар-намыс, отнсүйгіштік, бір сөзбен айтқанда, адам бойындағы барлық асыл қасиеттер!

Назым қайсыбір жырын алсақ та оқыған сайын терең сезім иіріміне тарта түседі. Назымның ақындық өнері мектеп қабрғасында жүрген кезінен –ақ байқала батады. Алғашқы өлеңін алтын ұ мектебіне арнады.Зеректігімен,алғырлығымен, еңбекқорлығымен ұстаздарының көңілінен шықты. Сабақты жақсы оқып, ақындық өнерді игерумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты.Әртүрлі тақырыптарда пікірталас кештерімен поэзия кештерін өткізіп өлеңге деген қызығушылығы арта түсті. Мектепті 1978 жылы «Алтын белгімен» бітіріп, Алматы мединститутының Шымкент қаласындағы филиалына оқуға түсті.Екінші курсқа жеткен уақытта мамандығын дұрыс таңдамағанын түсініп, Жетісай қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдени-ағарту училищесіне оқуға түседі. Училищеде оқып жүрген кезінде аудандық газеттерге , әртүрлі тақырыпта мақала жазады.Жетісай қаласына гастрольдік сапармен келген ұжымдар Назымның қаламынан тыс қалған жоқ.Назым әр концертке көрермендер атынан пікірін , тілектерін газет арқылы білдіріп жүрді.Училищені бітіргеннен соң Назым жоғары білім алу мақсатымен Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогикалық мәдениет институтына оқуға түседі.Студенттік кездерінде жас ақындардың «Мүшайра» байқауларыына қатысып, жүлдеоі орындарға ие болды.Институтты бітірген уақытта Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогикалық мәдениет институтының 25 жылдығына арнайы «Әл-фараби» атындағы «Бәләм ордасы» атты өлең жазды.

Назым еңбек жолын кітапханадан бастады.Жетісай қаласындағы №37 кәсіптік техникалық училищесінде 4 жыл кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды.Кейінірек арнайы шақыртумен Шымкент қаласындағы «Мұра» газетінде тілші, «Ауыл тынысы» газетінде аудармашы, «Қазақ тілі» қоғамында жауапты хатшы, «Ордабасы» өндірістік шығармашылық бірлестігінде редактор болсып қызмет жасады. 1993-97жылдары аудандық мәдениет бөлімінде нұсқаушы болып жүргенде қалалық кітапханаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта «Сырдария» университетінің кітапхана қызметкері.

40-тан астам мақаланың, 120-дан астам өлеңнің авторы. Өлеңдері соның ішінде «Ерке наз» «Адам тағыдыр» , «Дін мен діл» , «Бақытты балалық шақ» , «Махаббат пен шапағат» секілді кітаптары жарық көрді.

Замандастардың ізгі тілектері.

Назым қыздың назары.

Шәуілдірде дүниеге келген Назым Сейітжанқызы мектепті алтынмен бітірген. Жетісай мәдени ағарту училищесін, соңыра Фараби мәдениет институтын тәмамдаған Назымқыз өлең жазуды сексен төртінші жылы бастаған. Содан бері Поэзия жолында тынымсыз ізденіске ұрынып,өлеңнің жалынына шарпылып, өзіндік жол іздеп келеді: өлеңдері уалаятымыздағы Жетісай,Отырар,Шымкент үнжарияларында, Астанадағы «Мұра,» «Ауыл тынысы» «Әділет»газеттерінде, «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналында жарық көрді. Кей өлеңдеріне ән жазылыпты,өзі де ән шығарады. Тәжірбисі, өмірден көргені, ойға түйгені мол қыз кітапханашы, тілші, мұғалімдікті атқарып тәжі рибе жинақтады. Өмірдің әр қырын өз көзімен тануға ұмтылыс байқалған Назымқыздың назды өлеңдері келешегінен көп үміттендіреді. Тағдырдың желі Жетісайдың дәмін татырған бойжеткенге: «Өнерде қасқа жол жоқ және шегінер басқа жол жоқ! Түлкі заманға тазы болғансып саудагер болғың келмесе-жаныңды, жүрегіңді таза ұстай біл! Өлең-періште, өлең-сәби, соны аяла,соны жылатпа!» дегім келеді. Білімді қыз сөз түсінер жаста ғой ...



Мылтықбай Ерімбетов,

. Назымның табиғи талантына алғаш баға берген ақындар марқұм Талғат Жүргенбаев пен Байқожа Баязитов сынды абзал ағаларымыз болды. Көп жыл ұстаз болған осы екі ақын ұстаздық тұрғыдан байқады ма, әйтеуір Назымға үлкен сенім білдіріп алғашқы өлеңдеріне жақсы баға берді.



Талғат Жүргенбаев:

Өмір дастан шынықтырар мектебің,

Ұят шығар үндеместен өткенім.

Гүл ұсынам поэзия бағынан!

Адал жанды ақындарға табынам,-десе.

Байқожа Баязитов ақын:

«Аққудай аппақ көңілдің,

Терезесін кірлетпе»-деді.

Қос ақынның баталарын алған Назым қанаттанып, өзіне деген сенімі артып, поэзия атты үлкен өнерге бет бұрды.

Назымға өзінің ақ тілегін соғыс және еңбек ардагері, байырғы партия қызметкері Асанбай Асқаров ағамыз да қалдырды.

Ар намыс инабатпен қайрат-жігер,

Жасыса сенім семсер қайрап жібер!

Келтірген тіршіліктің құлақ күйін,

Оларсыз өмір сүру бір-ақ тиын!

десе, Назымның ақындық өнерін жоғары бағалаған қазақ халқының ақын қызы, Оңтүстік өңірін мақтанышы,айтыскер ақын,Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова болды.

Мәз еттің ғой біздерді күлкіңменен,

Айтар сөзге түрің бар іркілмеген.

Бір қызы бол қазақтың қалқам Назым,

Көмейіңнен өлең сөз бүлкілдеген,

-дей келіп, Назымның шынайы ақындық өнерге біршама төселіп қалғанды ғын,айтар сөзінің өткірлігін тілге тиек етті.

Назымға сәт сапар тілеген Оңтүстік өңірінің белгілі ақындарының бірі Қазақс тан Журналистер Одағының мүшесі, ғалым-агроном, еңбек ардагері Жамал бек Ақылбайұлы ағамыз болды:

Ақылды жан Назымға

Ақыл-ойдың парасаты Назымда,

Ақыл-ойдың ақиқаты Назымда.

Адам деп ақыл қосар дүниенің,

Қарамастан көбі мен азына.

Ақылдың иесі көп аспандаған,

Ал,Назым-игермеген дастан маған.

Ақылды өлеңдерден бағы жанып,

Поэзия тауына басқан қадам.

Ақылын біреулер бар олқысынған,

Жаңылмастан өтеді ол талқы, сыннан.

Ақылды жан аптықпас ашу қысып,

Солай болып жаралады болмысынан.

Келте ақылға қоса алмас ешкім ақыл,

Назымның әрбір сөзі текті: мақұл.

Орынсыз өмірде көп қылық көрдім,

Көре келе мен тәубе еттім ақыр.

Құдайым ұрындырма ақылсызға,

Тілегім әрқашанда Назым қызға.

Лайым, жырларыңыз жарқырасын,

Бақ қонып,Қыдыр келсін қасыңызға!

Назымның ақындық өнеріне біздің жерлес журналистерімізден Батырхан Иманов та үлкен сенім білдірді.

Өлең десе елеңдеген киіксің,

Соныменен басқалардан биіксің.

Назыңменен сазыңменен өрнек боп,

Өлеңіңнің төрт жолына сиыпсың.



Ақын қыз Назымға

Ақ орданың діңгегіндей қазығы,

Жыр әлемнің ұжмағындай, азығы.

Бүкіл көмей, жазба ақын саңлағы,

Қазағымның бидай өңді, ерке қызы-Назымы!-деп, Жандар Сері-Сал Байжігіт ақын-ұстазымыз да өз ризашылығын осылай өлеңмен жеткізді.
«Отырардың оттары,» «Ерке Наз,» «Жарық жұлдыз»-атты кітаптардың авто ры «Поэзия Аруы» Назым Әділбайтегінің басты жырлайтыны адамзат факторы. Адалдық, адамгершілік туралы кеңінен насихаттайды. Назым Сейтжанқызы өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі ,шындық, достық, туралы өз еңбектерінде көп жазған.
Поэзия аруы Назым Сейітжанқызы позия жанырына өз қолтаңбасын қалдырды.

Поэзия – ұлы жаратылыстың жүрек соғысы. Поэзия – шексіздік. Шексіздік туралы шексіз ұғымдардың дүниеге келуі заңдылық болар. Қазіргі қазақ поэзиясы барлық жағынан жаңа бір сипатта дамып келе жатқандай сезіледі. Өлеңнің түрленуі, сөз талғампаздығы, бейнелілік, автордың теңеулері, ақын жеке «меніне» сұрақ қоя білуі, сол арқылы қоғамдағы психологиялық қайшылықтарды ақтара білуін де айта кетсек болады. Мұндай жаңалықтар әдебиеттің қай дәуірінде де болған, алайда өлең өрісіндегі ізденістер бір-біріне ұқсамайды. Қазіргі жастар поэзиясының постмодернистік сипатта дамып, өрістеуіне біршама жылдар, ізденістер қажет болды. Қазіргі жастар поэзиясының эстетикалық, ырғақтық түрленуіне аға ақындар Е.Раушанов, Т.Әбдікәкімов, Г.Салықбай, Н.Мәукенұлы, А.Ыбыраев, Ә.Ботпанов, Б.Үсенов, М.Райымбекұлы үлкен әсер етті.



Қазақ өлеңінің мазмұны да, табиғаты да адам танығысыз өзгеріске түсуде. Ата буын мен аға буын шығармашылықпен үйреніп, өлең өрімінде қалыптастырған поэтикалық өнегелер іні буын үшін өлшем болудан қалып барады. Әр ақындық толқын өзіне дейінгі поэзия жауһарларынан үйренеді. Бірақ бұл үйрену әдеби процесте қалай өрістеді. Бұған әрине кесіп-пішіп, айттым болды деп жауап беру өте қиын. Бірақ бір нәрсе айқын – бұрынғы ақындарымыз қос тілді болса, бүгінгі жастар – көп тілді, әрі барлық әдеби-мәдени игіліктерді мұсылманшылық дүниетаным арқылы да таразылайды. Сонымен қатар, ұлттық діл тұрғысынан өздерінің ақыл-парасаттарына салып, өзгенің озығын ғана қабылдайды. Тозығына қарсы уәж айта біледі. Мұның бәрі жас ақындардың өлеңдерінен көрініс беріп жүр.

«Поэзия – философиялық таным үшін діни түсініктерді, прозаға ғылыми ойлауды негіз ретінде табатын, бір мезгілде бірнеше өнер түріне əсер ететін еркін өнер» - деген əйгілі Гегельдің тұжырымына сүйенер болсақ, қазіргі жастар поэзиясынанда, ырғақ пен сөздің қабысқан нəзік иірімдерін көре аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет