«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты ашық тәрбие сағаты
15.11.2019 oquzaman
Назирова Бакытгуль Жандосовна «Бесқарағай колледжі» КММ биология пәнінің оқытушысы Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик
Барысы: 1.Ұйымдастыру Көрме ұйымдастыру:
Бакытгуль: Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1) Айгуль: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты студенттерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Бакытгуль: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Айгуль: Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. (Слайд №3)