ІІ.Жаңа сабақ.
«Ой қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттерін көрсету. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ойындар, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мың жылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқа мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздың ұлттық ойындарының негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.
Ұлттық ойын түрлері
Әрбір ұлттың өзіндік тарихы, тілі мен діні, салт-дәстүрі, өнерімен қатар ұлттық ойындары да болады. Қазақ халқының еншісінде де бірталай ұлттық ойындар тізбегі бар. Қазақ жастары танымдық ойындарға аса мән берген. Олар үй үлкендері басқа жаққа кеткенде жиналып «Бастаңғы» жасаған, яғни сауық кештерін ұйымдастырған. Ондай кещтерде міндетті түрде ән айтылып, би биленіп, күй тартылып, ойындар ойналған. Қазақтың ұлттық ойындары тұрмыстық тіршілікке аса жақын. Олар жігіттердің ептілігін, күштілігін, дәлдігін дәлелдейтін ойындар. Мысалы, «ақсүйек», «асық» ойындарының басты құралы мал сүйегі. Ол табиғи таза, адам ағзасына еш зияны жоқ құралдар. Қазіргі ойынға қажетті құралдар жасанды синтетикалық заттардан жасалады, олардың адам ағзасына, әсіресе өскелең ағзаға зияны өте көп. Жалпы қазақ жастары ешқашан әдептен озбаған, сондықтанда ойын түрлері қазіргі жастар ойындарын мүлде өзгеше.
ІІІ. Видеоролик көрсетіледі.
IV.Топтарға тапсырма:
І-тапсырма:
І-топ: «Ханталапай» ойынынан көрініс көрсетеді.
ІІ-топ: «Көкпар» ойының шығу тарихымен таныстырады.
ІІІ-топ: « Ақсүйек» ойыны туралы эссе жазамыз.
ІІ-тапсырма:
"Кім көп табады" ойыны. (3 топқа 3 түрлі сөз беріледі, 1 минут ішінде 1 сөзден бірнеше сөз шығару керек)
І-топ: "Арқан тартыс" сөзі
ІІ-топ: "Аударыспақ" сөзі.
ІІІ-топ: "Алтыбақан" сөзі
Достарыңызбен бөлісу: |