Құндылық: Сүйіспеншілік,дұрыс әрекет. Қасиеттері: мейірімділік, қамқорлық,кішіпейілділік, Мақсаты



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,32 Kb.
#86405
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ата-ана іс-шара
АӘД Таблица 2020 жыл, Төтенше жағдай №4 ШОМ, Ата-ана іс-шара, Андетай Камшат, ҚАЗАҚ ТІЛІ, Қазіргі заманда нағыз досты табу өте қиын. эссеdocx, БІЛІМГЕ. ТАҚЫРЫПdocx
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
І. Кіріспе
ІІ. Балам, балам, жан балам
1.Менің балам қандай?
2.Балаңыз кім болғысы келеді?
3.Ән «Балапаным»
ІІІ.Бала жүрегі
1.Мен қандаймын?
2.Кім боламын?
3.Кір жаятын жіп тәсілі
ІҮ.Ойын
1.Қолынан танып біл
2.«Біз бақытты жанұямыз»
3. Арт терапия «Қолға сурет салу»
4.Ән «Ақ мамам»
Ү.Ой түйін
Бейнеролик көрсету «Менің кінәм не?»
ҮІ.Кішкентай жүректегі ой
Бала тілегі (бейне ролик)
YІІ. Қорытынды:
Ән :Төреғали Төрәлінің «Ана мен сәби»


Барысы:
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет