Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, достық .
Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі сұлулығының маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды бәрін жақсы көре білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақкөңіл болуға тәрбиелеу.
Жағымды күйге келу. Табиғатқа саяхат
Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.
Осындай керемет көңіл – күймен бүгінгі сабағымызды бастайық!
Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар. »
Ыбырай Алтынсарин
Оқушылардың барлығы дәйексөзді хормен айтады, талдайды.