Бала есейді. Сондықтан да айнаға жиі қарайтын және ашуланатын:
– Мен қандай көріксізбін!
Атасы бұл сөздерді естіп, немересіне былай деді:
– Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде!
Бала атасына сеніп, барлығына, барлық жерде жақсылық жасай бастады. Ол жақсылық жасауға берілгені соншалық, өзінің көріксіз екенін тіптен ұмытып кетті.
Уақыт өтіп жатты. Ол жігіт болды.
Күндердің күні, бір кеште ол өзіне жасырына қарап, сыбырласып тұрған әдемі екі қызды байқады:
– Ол қандай тартымды! - деді бірі.
– Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып тұр! - деді екіншісі.
Сонда жігіт атасын есіне алды. Ол іштей «Рақмет саған, данагөй аташым!» деді.