Не арнайы педагогика кафедрасы



бет38/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Индукциядегеніміз — бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау. Мәселен, бізде мынадай пікір бар: "Ағаш қыздырғанда ұлғаяды", "Темір қыздырғаңда ұлғаяды", "Ауа қыздырғанда ұлғаяды".
Демек, осы пікірлерден жаңа жалпы пікір алуға болады: "барлық денелер қыздырғанда ұлғаяды".
Оқыту үрдісінде шәкірттер жеке жағдайлар мен пікірлердің негізінде өздері жиі жалпы математикалық немесе грамматикалық ережелерді шығарады.
Мысалы, "үй жануарлары" ұғымын меңгеруде оқушылардың айтуынша, сиыр пайдалы, жылқы, ешкі де солай. Содан кейін осының негізінде шәкірттер жалпылама қорытындыға келеді: "барлық үй жануары пайдалы".
Иңдуктивті ой қорытындысы деп жекелеген фактілерден, пікірлерден барып, ой қорытындысына кошуді айтады. Индукция дедукциямен байланысты.
Негізінде индукция жалқыдан жалпыға өтетін логикалық операция. Эксперимент әдісі негізінен индуктивті болып табылады. Ал логика ақыл-ой қорытындысы ретінде қарастырылады. Психология индуктивті ойлаудың дамуы мен бұрылуын зерттейді.
Логика индукциясын толық және толық емес индукция деп саралап, оны ой қорытудың бір түрі деп қарастырады. Дедукция— бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу нсгізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.
Дедукцияға мысал келтіретін болсак: "Логикалық пайымдау жасай білетін адам кісінің тырнақтарына, жеңдеріне, аяқ киіміне, шалбардың қалай қырланғанына, бас бармақ пен сұқ саусағы терісінің қалыңдығына, бет пішініне және көйлегінің тігісіне қарап, осындай ұсақ-түйектер бойынша оның кәсібін анықтауына болады.
Осының бәрін жинақтай келіп, бұлардың байқағыш адамның да қорытынды жасауына мүмкіндік беретініне күмән келтіруге болмайды"1.
Бұл - дүниежүзілік әдебиеттегі ең аты шулы, тергеуші - кеңесші Шерлок Холмстың мақаласынан келтірілген үзінді. Ұсақ фактілерге сүйене отырып, ол пайымдаудың аса жүйелі тізбегін құралы, сөйтіп, көбінесе Бейкер-стрит көшесіндегі өз үйінен шықпай-ақ күрделі қылмыстарды ашып береді.
Холмс өзі жасаған дедукциялық әдісті пайдаланады, бұл әдіс, оның досы доктор Уотсон айтқандай, қылмысты ашуды дәл ғылымдар деңгейіне жеткізді. Дұрыс пайдалану өнерін және ең алдымен дедукциялық пайымдауды уағыздауға Холмстың сіңірген еңбегі ашқан барлық қылмыстарға сіңірген еңбегінен аз емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет