Не арнайы педагогика кафедрасы



бет39/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.


Лекция 24.Сөйлеу тілі, оның негізгі функциясы
Жоспары:
1.Сөйлеу тілі мен ойлаудың сәйкестілігі (Л.С.Выготский)
2.Көрнекі ойлаудың дамуындағы сөйлеу тілінің дамуы
3.Қалыпты жағдайда және патологияда(ауытқуда) сөйлеу тілін меңгерудің(игерудің) жағдайы.

Сөйлеу тілі, оның негізгі функциясы: коммуникативті және интеллектуальді. Сөйлеу тілінің түрлері және оның маңыздылығы. Қалыпты жағдайда және патологияда сөйлеу тілін меңгерудің жағдайы. Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілінің грамматикасын және сөзді игерудің ерекшелігі. Жазу ерекшелігі. Ауызша, дактильді, мимика- жестік сөйлеу тілінің сипаттамасы.


Жалпы психология курсында сөйлеуді негізінен ойлау қаруы және қарым –қатынасқа түсу құралы ретінде қаралады. Филогенездегі сияқты онтогенездеде сөйлеу алғашында қарым –қатынас құралы ретінде болады, кейіннен адам сөйлеу арқылы ойлай және өз ойын білдіре алған. Балалардағы сөйлеудің дамуы туралы кең көлемдегі мағұлмат С.Л. Рубинштейн және Д.Б. Элькониннің кітаптарында жазылған. Дені сау бала 3-4 жастан бастап үлкен сөз қорын біледі, оның белсенді сөздері грамматикалық, фонетикалық жағы дұрыс болып келеді. Сонымен қатар ақыл ойы кем балада дыбыстарды айыру, сөйлеу дамуы кеш дамиды. Негізгі себептерінің бірі, барлық анализаторлардағы шартты байланыс өндіруінің баяулығы, бас ми функциясының әлсіздігі, жүйке жүйесі процесінің бұзылуы.
Сөйлеудің дамымауы есту анализаторы аймағындағы дифференцирлі шартты байланыстың тұрақсыздығынан және баяу қалыптасуынан пайда болады. Осыдан бала сыртқы орта дыбыстарын баяу айырады, жаңа сөздерді баяу қабылдайды. Ол керең емес, ол сыбырлаған сөздерді жақсы естиді, бірақ оған айтылған сөздер топтаспаған болып есептеледі, яғни басқаша айтқанда ер адамдар шеттілді естіп тұрғандай жағдайда болады. Мұндай балалар аздаған
сөздерді ғана ескеріп айырады және түсінеді. Ақыл- ойы кем бала ұқсас дыбыстарды айыра алмайды, әсіресе дауысты дыбыстарды. Мектепте оқытуда, жазуға үйрету кезінде қателіктер есту анализаторының дұрыс жетілмеуімен түсіндіріледі. Бала айтылған сөзді жазған кезде ата сөзін «ада»немесе апа орнына «аба» сөзін жазады. Ол п, б, фонемаларын айыра алмайды. Бала дыбыстардың бірегейлікпен құрылу кезінде қиындықтарға кездеседі. Мысалы: Қалам сөзінің орнына қылам деп жазады. Ақыл- ойы кем баланың фонематикалық анализі төмен болғандықтан сөздің аяғын нашар айырады, бұл грамматикалық түрді меңгеруіне кедергі жасайды.
Фонематикалық естудің жетіспеушілігі сөйлеудегі артикуляция теспін тежейді, қозғалысын шектейді. Баланың қозғалысы, соның ішінде сөйлеу апаратының маторикасы қозғалыс анализатор аймағындағы шартты рефлекторлық байланыстарға байланысты. Дыбысты дұрыс айыра білу сөйлеудің дұрыс айтылуына жағдай жасайды. Бас ми жұмысының паталогиясы және анализатор аралық байланыстардың құрылу баяулығында: Естіп қабылдауының жеткіліксіздігі сөзді айтудағы кемістіктерге әкеледі. Ал сөйлеудің нақты айтылмауы естіп қабылдаудың сапасының жақсаруына кедергі жасайды.
Олигофрения кезіндегі анализатор дамуының баяулығы сөйлеу тілінің дамуына кедергі келтіреді. Олигофрения кезінде көптеп байқалатыны бірінші бөлек сөздер 2-3 жаста пайда болады, ал қысқа, секундты және агромматикалық фразалар 5-6 жаста пайда болады. Мектепке бару кезінде бірден сөйлеу дамымаушылығы байқалады.
Зияты дамымаған балалардың сөйлеу жетіспеушілігін көптеген Кеңес психологтары зерттеген (А.Р. Лурия, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.П. Кононова, В.Г. Петрова). Жалпы психикалық дамымаушылығы бар балалардың сөйлеу кемістігі «Особенности умственного развития учащихся вспомогательной школы » кітабінің негізгі бөлімінде жазылған.
Көмекші мектеп оқушыларының сөз қоры, жалпы мектептегі балалармен салыстырғанда аз. Бұл балаларда белсенді сөз қоры кедей. Көмекші мектептегі 1-ші сынып оқушыларының сөйлем құрылысының грамматикалық құрылуы өте төмен. Балалар күрделі құрмалас сөйлемдерді қолданбайды. Өз ойларын білдіруге қиналады. Дұрыс дамудағы балалар 3-4 жаста қолданылған сөздерді зияты дамымаған балалар мектеп жасында қолданады. Балалар кеңінен қолданады. Іс-әрекетті орындап тұрған адамды атымен атамай, «Ол анда кетті».
«Біз ана жаққа бардық» деген сөйлемдерді қолданады. Бұл балаларда сөйлемді байланыстырып сөйлеу бұзылған. Мысалы: В.Г. Петрова көмекші мектеп оқушыларының сөйлеуін келесідей жағдайларда көрсетеді. Орман тиын көрді. Балалар жасады қарды ақшақар. Сөйлеудің мұндай бұзылысын 2 жағдаймен түсіндіруге болады. Біріншіден, естуді қабылдауда, сөйлеудің аяғын айыра алмаудан болады. Екіншіден, бұл жүйке жүйесі қозғалысының әлсіздігінен пайда болады. Бала белгілі бір фразаны айтып, ойы басқаға бөлініп, бала басталған ойын аяқтамай ортасына келесі ойды қосады. Фразаның элементтерін тастап кетеді. Көмекші мектеп мұғалімі балаларды оқыту және жазуға үйрету кезінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Фонематикалық есту дамуының жетіспеушілігі, сөйлеу кезіндегі кемшіліктер сөзді дыбысқа бөлу қиындықтары олармен жазылған сөздердің қателіктеріне алып келеді. Оқыту және жазуға үйрету кезінде көру анализаторының кемістіктері мен кеңістік бағдарлау кемістігі байқалады. Балалар кітапта берілген әріптерді қиын айырады п және и т.б. Жазу кезінде с әріпін э әріпімен, ш әріпін т әріпімен алмастырады. Кейбір жағдайларда бұл балаларда айналық бейнелеп жазу байқалады. Бұл айтылған кемшіліктер анализаторлардың баяулығымен түсіндіріледі, жүре келе бұл кемшіліктер түзеледі.
Ақыл-ойы кем балалар арасында белгілі бір себептерден анализаторлардың біреуі өзінің дамуы жағынан артта қалып отыратыны кездеседі. Бұл айтылғандар балаларды ауызша сөйлеуге үйрету кезінде, жазуға, оқуға оқыту кезінде байқалады. Мұндай жағдайларда баламен индивидуалды коррекциялық жұмыс жүргізу кезінде, оның белгілі бір сабақ пәндерін меңгеруді үлгермеушілігіне салмақты қарауы керек. Гидроцефалиясы бар балалардың сөйлеуі сырт жағдайда байқағанда ақыл- ойы дұрыс баланың сөйлеуі сияқты көрінеді. Бұл балалар кейбір жағдайларда күрделі сөздер мен ғылыми терминдерді қолдануы мүмкін. Бұл балалардың сөйлеуі бос, өздерінің айтып тұрған сөздерін түсінбейді, керек емес жағдайда естіген, оқыған сөздерді пайдаланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет