Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау Курстың/пәннің/ юниттің атауы: : Қазақ диаспорасының тарихы
Пәннің коды: ТК 3206
Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті Оқу жылы: Оқу семестрі:
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: - Оразбақов А.Ж. т.ғ.к., доцент
Курстың мақсаты: ҚР жер шарының алып мемлекеттерiнiң ұлы көшiне қосылып, үшiншi мың жылдыққа қадам басқан шақта сырт елдерде өмiр сүрiп жатқан мыңдаған қазақтардың тұрмысы, жағдайы, болашағы, тарихы туралы пiкiрлердi бiр ортаға тоғыстырып, қандастарымыз туралы мәлiметтердi өскелең ұрпақ жете бiлсiн деген мақсатпен осы курс енгiзiлiп отыр.Бәрiмiз мойындайтын бiр шындық бар. Ол қазiргi тәуелсiз қазақ елi мен шетелдегi миллиондаған қазақтарды бөлiп – жаруға болмайтындығы. Қазақ халқының шамамен 5,5 млн, яғни 2/5 –i шетелдерде тұрады.
Дүниежүзi қазақтары құрылтайының өзектi мәселелерiмен, ҚР-ның иммиграция мен репатриант туралы заңы толық жүзеге асуы қажет. Маргиналдармен қоса есептегенде алты миллионнан асып жығылатын қандастарымыздың не жеке елдiгi, не мемлекеттiгi, не автономиясы жоқ. Сырттағы қазақтарды бүгiнгi тәуелсiз атамекенiмiз ҚР тәуелсiздiк дәмiн бiрге татуға, қиыншылықтарын бiрге жеңуге, экономиканы бiрге көтеруге шақырады. Бiрақ, әр қазақтың өз азаматтық, патриоттық парызы биiк тұруы қажет.