Не экономика институты


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



бет146/335
Дата05.02.2022
өлшемі3,99 Mb.
#3435
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   335
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Археология
Пәннің коды: ARx1201
Пәннің типі: Базалық пәндер, Таңдау компоненті
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1,2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Тәжекеев Ә.Ә
Курстың мақсаты: Болашақ тарихшыларды «Археология» пәнінің тарих ғылымында алатын орнымен, оның міндеттері, зерттеу әдістері және даму тарихымен таныстыру. Сонымен қатар курстың мақсатына дүниежүзіндегі аса маңызды ғылыми тұрғыдан ерекше құнды ескерткіштердің ашылу, зерттелу тарихы кіреді. Бағдарламада көне дәуірдегі, ортағасырлардағы тарихымызға тікелей және жанама қатысы бар Еуразия аймағына, оның ішінде елімізге көршілес жатқан өңірлер Кіндік Азия, Орта және Оңтүстік Азия, Батыс Азия, Кавказ, Сібір, Орал атырабына көбірек көңіл бөлінеді. Еліміздің көне, байырғы тарихының деректерін біз негізінен археологиялық ескерткіштерді зерттеу арқылы аламыз. Сондықтан да «Археология» деп аталатын жалпы пән материалының бір бөлігі Қазақстан археологиясына арналады. Пән студенттерді археологиялық ескерткіштерді танып-білумен қатар, оларды зерттеудің әдіс-тәсілдерімен таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет