«Талдықорған қалалық медициналық колледжі» МҚК
Унифицирленген дәріс
Пән: «Тіс пен ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды емдеу»
Тақырыбы : «Стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістері»
Мамандық:0304000 «Стоматология» 0304023 «Дантист» біліктілігімен
Құрастырған оқытушы: Махатаева А.Ж.
№3ЦӘК отырысында
қаралып талқыланды
«___»_______2013ж.
ЦӘК төрайымы_____
ПКтөрайымы: _____
2013жыл
СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТЫ ТЕКСЕРУДІҢ
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДІСТЕРІ
ЖОСПАР:
Науқасты тексерудің субъективті әдістері, түрлері, жүргізу тәсілдері.
Науқасты тексерудің объективті әдістері, түрлері, жүргізу тәсілдері.
Науқасты тексерудің қосымша әдістері, түрлері, жүргізу тәсілдері.
Адам денесіндегі дертті оның клиникалық көрінісін білумен қатар, тек соған организмдегі өзгерістерді анықтап тауып, екеуін байланыстыру арқылы білуге болады.
Медицина ғылымының адам денесіндегі дерттерді айырып білу саласын диагностика деп атайды (diagnosis - анықтау деген грек сөзінен алынған).
Ауруды бақылап, дұрыс диагноз қойып, аурудың алдын алу, ем тағайындау, дәрігер пікірін қорыту диагностика саласының алдына қойған мақсаты болып есептеледі.
Диагностика ғылыми тұрғыда негізгі үш тараудан тұрады:
Ауруды бақылау және тексеру тәсілдерін зерттеу немесе дәрігерлік диагностикалық техника;
Дерт белгілерінің диагностикалық маңызын зерттеу – симптоматология немесе семиология;
Дерттерді ажырату жолында ойлау ерекшеліктерін зерттеу немесе диагноз қою әдістемесі.
Бұл үш тараудың мүддесі субъективті, объективті және қосымша (физикалық, рентген) әдістер қолдану арқылы шешіледі.
СУБЪЕКТИВТІ әдіске қарапайым әңгімелесу арқылы науқастың шағымдары (anamnesis morbi), басынан өткен аурулары, мамандығы, гендік тазалығы мен аллергоанамнезі (anamnesis vitae) туралы сұрап білу жатады. Дұрыс та толық жиналған анамнез алдын ала диагнозды дұрыс болжауға себепші болады.
Науқастың шағымдарын сұрау барысында тіс пен ауыздың кілегей қабатының ауыру сезімдерінің сипатына, ұзақтығына, күшіне, орналасуына, ұстамалық әсерлігіне көңіл бөлу керек.
Тіс пен оның айналасындағы тіндердің ауруларының өзіне тән клиникалық белгілері болады:
Тістің қатты тіндері бұзылғанда ауырсыну сезімі тек сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады (механикалық, химиялық (қышқыл, тәтті, тұзды), температуралық (ыстық, суық)) және тітіркендіргіштің әсері жойылғанда ауырсыну да тоқтайды;
Ұлпа мен периодонт жарақаттанғанда ауырсыну сезімі тітіркендіргішке байланыссыз, ешбір себепсіз туындайды (түнде, сөйлесіп тұрғанда, т.б.);
Ауыздың кілегей қабаты жарақаттанғанда ауырсыну сезімінің сипаты да әр түрлі болады: тиіп кетсе ауыру, шаншу, шымшу сияқты ауыру немесе мүлдем ауырсыну жоқ, тек томпақ не ойықтың пайда болғанына шағымдануы мүмкін;
Ауырсыну сезімінің ұзақтығы әр түрлі болады:
қысқа уақыт немесе аз ғана минут,
ұзақ уақыт немесе бірнеше сағат,
ұстамалы түрде немесе біраз ауырып, сосын басылып, қайта ауырады,
тұрақты түрде немесе үзіліссіз ауыру.
Ауырсыну сезімінің күші әр түрлі болады:
жедел түрде немесе қатты ауыру (жедел пульпит пен периодонтит),
локальды ауыру немесе нақты бір тістің тұсында (кариес),
иррадиациялы ауыру немесе үшкіл нервтің бойымен құлаққа, самайға таралуы,
түнде ғана ауыру (пульпитке тән).
Шайнау, жұтыну, сөйлеу қызметінің бұзылуыауыздың кілегей қабатының ауруларында кездеседі, таңдай жырығында сөз анық шықпайды да:
қысқа уақыт ішінде,
ұзақ уақытқа созылуы.
Науқастан аурудың неден басталғанын, бірінші белгілері қашан пайда болғанын, бұрын дәрігерге қаралғаны, қандай ем алғаны, оның нәтижесі туралы сұрастырған жөн.Anamnesis vitae бойынша науқастың қалай тамақтанатынын, дем алуын, тұратын жерін, қызметін (мамандығының зияндығы), зиянды әдеттерінің бар-жоғын білу де қажет болып табылады.Ауыз қуысының шырышты қабығында, таңдайда, қызыл иекте, ерінде жазылмайтын жара пайда болса, оның туберкулез, мерез, СПИД, онкологиялық ісіктермен байланысы бар-жоғын анықтау қажет.
ОБЪЕКТИВТІ әдістерге сырттай қарап-байқау, ауыз қуысының ішін тексеру, пальпация, тістерді зондпен тексеру, перкуссия, тіс қозғалғыштығын анықтау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |