Деректемелері/Пререквизиттері: Психология және адам даму, «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Әдеп», «Эстетика», «Дін тану», «Экология», « Психология», « Педагогика» т,б.
Курстың/пәннің мазмұны: Жоғарғы кәсіптік білім алу жолында жастар жаңа әлеуметтік жағдайға, әлеуметтік деңгейге (студент статусына) өтуіне байланысты көптеген қиындықтар мен қатар өмірлік мәні зор міндеттерді өз бетінше шешуге тура келеді. «Өзін-өзі тану» пәні осы маңызды сұрақтарға дұрыс шешім табуға, жаңа ортаға, жаңа статусқа өтуге т.б. өмірлік мәні зор міндеттерді шешуге көмектеседі. «Өзін-өзі тану» курсы білім беру жүйесінде жаңа тың іс-шаралар енгізу мақсатында құрылған жаңа бағдарлама. Бұл бағдарлама көптеген ғылыми жүйелер негізін байланыстыратын пән, мысалы, этика, психология, педагогика, философия, мәдениеттану, саясаттану, әдебиет. «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты болашақ жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқытып-тәрбиелеу барысында өзін өзі тірбиелейтін, бойындағы табиғи мүмкіндіктері негізінде ерікті, саналы азамат болып қалыптасу және өмірде өз орнын тапқан салауатты өмірді таңдап алып өзімен және өзгелермен үйлесімді өмір сүруге бағыт-бағдар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |