Деректемелер/Пререквизиттері:Ортағасыр, жаңа заман тарихы, Қазақстан тарихы Курстың/пәннің мазмұны: «Тарихи демография» пәнін оқыту «тұрғылықты халықтың» тарих айналымындағы динамикалық қозғалысын қоршаған ортамен, қоғамдармен байланыста қарастыра отырып, икемді әдіс-тәсілдерді осы саланың негізіне айналдыра отырып, демография саласының тарихпен байланыста жүретінін пән арқылы жеткізу. Бұл ғылыми пәннің нысаны – тарих айналымындағы «тұрғылықты халық» және оның түрлері мен қозғалыс үстіндегі түрлі жағдайлары мен қызметтері.
Оның мазмұны – қоғамдар айналымындағы «тұрғылықты халықтың» жалпы жағдайын көрсету. Әртүрлі қоғамдардағы дағдарыстар мен құлдырау процестерінің тууына себеп болған жағдайларды анықтау. Мемлекет ішіндегі әлеуметтік, экономикалық жағдайдың «тұрғылықты халықтың» ахуалымен байланыстылығын тарихи демографияның нақты мазмұны болатынын көрсету. «Тарихи демография» оқу пәнін оқыту мақсаттары болып мыналар табылады: Тарихи демографияның тарих үшін қажеттілігін түсіндіруді пәннің негізгі мақсаты ретінде көрсету;
Жеткілікті түрде студенттерді тарихи демографияның негізімен, бұл білімдерін тәжірибеде қолдану жолдарымен таныстыру;
Тарихи демографиялық жұмыстардың түрлері мен әдістеріне үйрету;
Тарихи демография әдістері туралы, оны тәжірибеде және басқару шешімдерін қабылдағанда қолдану туралы ең көп түсінік алу;
Тарихи демография жоспарымен таныстыру.