Дауытбекова М. К



бет1/2
Дата08.01.2017
өлшемі0,52 Mb.
#6454
  1   2
ӘОЖ 902(574)631/635:929

Дауытбекова М.К.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., e-mail: mar-_-zhan@mail.ru

Исаева А.И.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., e-mail: aliyaisaeva77@mail.ru
ҚҰПИЯСЫ АШЫЛМАҒАН ҚОРҒАН

Мақалада кейінгі орта ғасырларда Солтүстік-шығыс Жетісу жеріндегі ірі шаһарлардың бірі болған Саға-Бүйен қаласының тарихы қысқаша қарастырылып, елді мекеннің атауына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасалады. Қаратал және Лепсі өзендері аралығындағы аса ірі мекен-жайлар қатарына жататын Саға-Бүйен қалашығының әлі де болса құпиясы ашылмағандығы көрсетіледі. Қола дәуірінен бастау алған қала мәдениетіне тән маржанмен көмкерілген керамикалардың, күмістен спираль тәріздес сырға, білезік басым бөлігі өрнексіз, банкі тәріздес және көзе тәріздес болып келетін ыдыстарды қойнауына алған қалашық орнындағы қорғанды жан-жақты зерттеу археология, тарих, демография ғылымдарындағы урбанизация мәселесіне қосылған сүбелі үлес болатындығы қарастырылады.



Тірек сөздер: Жетісу, Саға-Бүйен, археологиялық мәдениет, қорған, қалашық, ортағасыр, артефакт.

Dautbekova M.K., Isaeva A.I.
Unsolved mysteries of the mound

The article made an analysis of one of the major cities north-eastern Zhetysu – Saga-Buyen, including its brief history, as well as clarification of the etymology of the settlements in the research. Article showing unsolved mystery until the end of one of the largest settlements between the Karatal and Lepsy rivers Saga-Buyen settlement, considered found in the mounds investigated settlement archaeologists priceless artifacts of the Bronze Age - beautiful ceramic pitchers, original silver spiral earrings, amorphous female bracelets, various shapes vessels, as well as other rare finds of significant interest to the archeology, history, demography, the study of a variety of complex processes accompanying the process of urbanization.



Key words: Zhetysu, Saga-Buyen, archeological culture, mound, settlement, medieval ages, artefact.

Дауытбекова М.К., Исаева А.И.
Нераскрытые тайны кургана

В статье сделан анализ одного из крупных городищ позднего средневековье северо-восточного Жетысу –Сага-Буйен, включая краткую его историю, а также выяснение этимологии данного поселения в научных исследованиях. Показаны нераскрытые до конца тайны одного из крупнейших поселений междуречья Каратала и Лепсы – городища Сага-Буйен. Рассмотрены найденные в курганах исследуемого городища археологами бесценные артефакты эпохи бронзы – прекрасные керамические кувшины, оригинальные серебряные спиралевидные серьги, аморфные женские браслеты, разнообразные по форме сосуды, а также другие редкие находки, представляющие значительный интерес для археологии, истории, демографии при исследовании различных сложных процессов, сопровождающих процессы урбанизации.



Ключевые слова: Жетысу, Сага-Буйен, археологическая культура, курган, городище, средневековье, артефакт.

Маржан Дауытбекова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к.



Исаева А.И.

ҚазМемҚызПУ-дың тарих кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., т.ғ.к.


ҚҰПИЯСЫ АШЫЛМАҒАН ҚОРҒАН
Бүгінде жер жаннаты аталып жүрген Жетісу жерінің ресми атауы ғылыми айналымға қай кезеңде енді және оның нақты территориясы туралы нақты мәлімет жоқтың қасы. Дегенмен, ежелден көшпелілерге мекен болған аталмыш аймақтың тарихы тереңде екендігі анық. Жетісу, соның ішінде оның солтүстік-шығыс бөлігі туралы сөз болғанда әлі де болса тың мәселелердің мол екендігіне көз жеткіземіз. Бұл территорияда бай археологиялық мәдениеттің қалыптасқандығына – Біже, Дүңгене, Талды, Қызыл-ағаш, Арасан, Саға-Бүйен, Мешіт, Қызылтаң, Еңбек, Жаңалық, Қарауылтөбе, Бақалы, Сарқан, Қойлық сияқты жалпы саны – 25, кейінгі орта ғасырлардан бүгінгі таңға дейін аты мәлім қалалардың болғандығы дәлелдей түссе керек [1, с. 33-56, 105]. Қазіргі кезеңде аты аталған ортағасырлық қалалардың ғылыми зерттелуі жөнінде сөз болғанда, көрнекті этноархеолог Ә.Т. Төлеубаевтың «ортағасырлық деректерде аталған, бірақ бүгінде қайда екені белгісіз нысандар әлі де болса барлау жұмыстарына сүйене отырып, анықтай түсуіміз қажет» [2, 181 б.], – деген аса құнды ғылыми пікірі осы аймақтағы ортағасырлық қалаларға да қатысты деп ойлаймыз. Себебі, бұл қалалар тарихи кезеңдердегі орналасқан аймақтарынан тым алшақ кетпегенімен дәл сол белдеуде орналасқандығы да дәлелдеуді қажет етеді. Соның бірі – көнеден келе жатқан Саға-бүйен қалашығы. Бүгінде Алматы – Өскемен күре жолының 364-шақырымында, тоғыз жолдың торабында орналасқан Саға-бүйен елді-мекенінде тіршіліктің қара қазаны қайнап-ақ жатыр. Алматы облысы, Ақсу ауданында Қарашілік ауылдық округіне ұзақ жылдардан бері орталық болып отырған ауыл іргесінде орналасқан қорғанның ашылмаған құпиясы ауылдың әр тұрғыны жүрегінің тереңінен орын алған. Бірде қалмақ, бірде жоңғар, тіпті қола дәуірінде – «ақ қала» болыпты деген ел аузындағы әңгіме ғылыми шешімін тапса деген арман ауыл тұрғындарының әрқайсысының санасында. Әр өлкедегі ескерткіштер, мазар мен кесенелер және т.б. мәдени-тарихи орындар өзінше бір тарихқа тұнып тұратыны анық. Тек олардың сырын аша білу әсіресе, тарихшы қауым үшін маңызды болып табылады.

Жалпы, Саға-бүйеннің кейінгі орта ғасырларда үлкен қалашық болғандығы тарихи мәліметтерден белгілі. Ол – Бүйен өзенінің сол жағында орналасқан. Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан бастау алып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып, ағысы жазыққа шыға баяулайтын Жетісудың бір өзені. Бұл өзен атауының жеті өзен қатарына кіретіндігі жөнінде А. Влангалидің еңбектерінде «Аягөз, Лепсі, Ақсу, Бүйен, Көксу, Қаратал, Іле» өзендері, ал А.К. Гейнс Іле мен Аягөз өзендерінің орнына Басқан мен Сарқан өзендерін атаған екен [3, 8 б.].

Жетісу жерін тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеп жүрген этнограф Н. Байғабатованың еңбектерінде П.П. Румянцевке сілтеме жасай отырып – Қаратал, Көксу, Қызылағаш, Лепсі, Сарқан Бүйен, Ақсу өзендері кіреді деген пікір білдірген [4, 175 б.]. Өз ойларын «Жетісу» топониміне талдау жасау арқылы жалғастырған авторлық бірлік осы ұғымның нақты жеті өзенге байланысты емес, «көп сулы», «сулы өлке», қазақ халқындағы киелі жеті санымен байланыстылығына орай аталса керек деген ұйғарымға келеді. Біз де өз тарапымыздан осы пікірді қолдай отырып, жергілікті тұрғындар арасындағы «Жетісу» атауына орай айтылатын:

«.... Ақсу, Сарқан, Семейлі

Жатсаң ұйқың келмейді»[5], – деген сөз тіркестерінің Жетісу атауының нақты жеті өзенмен шектелмейтіндігі және жоғарыда А.К. Гейнстің жеті өзен құрамына Аягөз өзенін қосу осы тұста халық арасындағы Семейлі деген атауды қосуы арқылы Жетісу жерінің территориясын сонау Семей жеріне дейін қарастырып тұрғандай деген ой түйдік. «Жетісу» сөзінің этимологиясына талдау жасаған зерттеуші Е. Қойшыбаев оның тарихының тарихнамасын қарастыра келіп, мұның Геродот, Аммиан, Марцеллиндер еңбегіне негіз болғандығына, тіпті «Орта Азияның Византиясы» аталғандығына тоқталады.

П.П. Семенов-Тяньшанский пікірі бойынша Жетісуға Аягөз, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Іле, Шу кіреді, ал А.И. Макшеев көзқарасы бойынша Лепсі, Ақсу, Басқан, Сарқан, Тентек, Қаратал, Іле өзендері кіргізілсе, В.В. Сапожниковтың Аягөз, Лепсі, Ақсу, Бүйен, Көктал, Қаратал, Іле өзендерін жатқызатындығын айта келіп, өз ойын 1924 жылы Ташкентте жарық көрген В.И. Шнитниковтың «Джетысу» еңбегіндегі «Үлкен өзендерін былай қойғанда, Жетісудың сыңсып ағатын кішігірім жылғалары мен бұлақтарының есебі жоқ, оларды тіпті бәлен мың деп жорамалдаудың өзі күнә» деген пікірімен қорытындылайды [6]. Бұл тарихи шындық. Жетісу жерін аралаған адам ондағы ірілі-ұсақты өзен-сулардың молдығына көз жеткізеді. Бұл өз кезегінде аталған территорияның ежелден тіршілік көзі болғандығына тағы бір дәлел.

Саға-бүйен елді мекеннің атауына байланысты жергілікті тұрғындар арасында осы ауылдың Бүйен өзенінің сағасында орналасқандығына орай деген пікір бар. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары жүргізілген халық санақтары, нақтырақ айтсақ 1999 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша 1096 (560 ер, 536 әйел), 2009 жылғы санақ мәліметтерінде 901-тұрғынды (435 ер, 466 әйел) [7, с. 4)] қамтыған елді-мекен тарихына тиісті, Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі №53 қаулысымен, осы облыстың Әділет департаментінде 2010 жылы 07 маусымда №2052 тіркелген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бекітілген мемлекеттік тізіміндегі 1519 ескерткіштің 11-ескерткіші осы Бүйен өзені мен Саға-Бүйен ауылының маңында орналасқан екен [8]. Археолог ғалымдардың пайымдауынша аталмыш елді-мекендегі тіршіліктің қайнар көзі қола дәуірінен басталған.

Жетісу жерін жаңа археологиялық мәдениеттің қалыптасқан, отырықшы шаруашылыққа бастау болған мекендердің бірі ретінде қарастыра келіп, археолог-ғалым К.М. Қарабаспақова қазба жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, соның ішінде Бүйен қоныстарының хронологиялық шама-шарқын б.з.д. ХІІІ/ХІІ – VІІІ ғғ., яғни б.з.д. ІІ м.ж. аяғы – І м.ж. жатқызады [9, с. 119]. 1982 жылдан А.К. Ақышевтің жетекшілігімен Бүйен қорымына қазба жұмыстары жүргізіле бастаған. Нәтижесінде 1985 жылғы Жетісу археологиялық экспедициясының барысында, Бүйен өзені бойында салынған бөгеттің құрылыс жұмыстарын жүргізген тұста маржанмен көмкерілген керамикалардың табылғандығын және олардың кейінгі феодоров кезеңіне жататындығын дәлелдеген [9, с. 34]. Мысалы, табылған керамикалық ыдыстардың басым бөлігі өрнексіз, банкі тәріздес және көзе тәріздес болып келеді [9, с. 82]. Бүйен 13 қорымынан күмістен спираль тәріздес сырға, білезік және т.б. археологиялық жәдігерлер табылған [9, с. 110]. Бұдан шығатын қорытынды, Саға-Бүйен ауылының тарихының қола дәуірінен басталатындығы және тоғыз жолдың торабында, Шығысты Батыспен жалғастырушы Ұлы Жібек Жолының тармағында орналасуы жергілікті өркениетке белгілі дәрежеде әсерін тигізген деген қорытындыға келдік.

Ежелгі қоныс тарихи даму кезеңдерінде тіршілік тамырынан тыс қалмай дамыған. Кейінгі орта ғасырларда Солтүстік-шығыс Жетісу жеріндегі аса ірі шаһарлардың бірі болғандығына археолог-ғалым К.М. Байпақовтың «Древняя и средневековая урбанизация Казахстана» атты еңбегінде Жоңғар Алатауы маңы, яғни Қаратал және Лепсі өзендері аралығындағы аса ірі мекен-жайлар қатарына, 750-800 тұрғыны бар Лепсі және Саға-Бүйенді жатқызады [10, с. 300]. Жалпы урбанизация мәселесі археология, тарих, демографиялық тұрғыдан өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыда қола дәуірінде негізі қалыптасқан Саға-Бүйен қаласының ортағасырлық тарихына үңілер болсақ, қала биік алқапты территориядағы мүйісте орналасқан, айналасын, оңтүстігі мен солтүстігін жар алып жатыр. Қалашықтың территориясы барлық жағынан жайылып, белге айналған қорғаныс қабырғаларымен қоршалған (сурет 1). Бүгінде бұл құланды қабырғалардың биіктігі шамамен 3-4 метрді құрайды (сурет 3,4) [1, с. 35]. Қазіргі жергілікті тұрғындар тілімен айтқанда қорғанның бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт тарапына бағыттас төбе. Оның солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғасының ұзындығы 275 метрді құраса, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларының ұзындығы 280 метр. Қала қабырғаларының бойында және бұрыштарында, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағында 8-ден, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында 6-дан дөңгелек қарауыл мұнараларының қалдықтары сақталған. Қалашыққа кіруге арналған екі қақпа болса керек. Олар біріне-бірі қарама-қарсы, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларда орналасқан. Қалашықтың солтүстік бұрыш телімінен басқа жағының беткі қабаты жыртылған. Бұл жерден тастан қаланған тікбұрышты құрылыстың қалдықтары байқалады [1, с. 35].

Жалпы алғанда, археолог-ғалымдар ортағасырлық Саға-Бүйен қалашығынан табылған керамикалық жәдігерлерді зерттей келе қаланың өмір сүрген кезеңін Х-ХІІ ғасырларға жатқызады.



Табиғаты шаруаға қолайлы – тарихи қала орны бүгін өзінің зерттеуін күтіп тұрған археологиялық нысан, яғни ауыл шетінде орналасқан қорған болып келеді (сурет 6). Егер біз қарастырып отырған зерттеу нысанымыз ортағасырлық Саға-Бүйен қаласы 60-шақырымда орналасқан аса ірі ежелгі Қойлық қаласына барар жолда екендігін ескерсек, Қойлық қаласында 2001 жылы күйдірілген кірпіштен салынған «хаммам» түріндегі монша табылған. 2004 және 2005 жж. далалық маусымда бағана түріндегі жұма мешітті, «манихей» ғибадатханасын, қасбеттері әсем оюлы күйдірілген сары сазбен безендірілген кесенелерді, сонымен қатар кесенелерге жақын орналасқан ханаканы ашумен белгілі. Ендеше Қойлық қаласына қатынау шығыс-батыс бағытта Саға-Бүйен қаласы арқылы өтетіндіктен, көне қалашықты зерттеу тарихтың құпия сырларын парақтары сөзсіз. Сонымен қатар аталмыш елді-мекенге тиеселі тарихи кезеңдердегі жергілікті байлардың атымен аталған Күркебай, Есімбай, Оңғарбай қыстаулары, ара қашықтығы шамамен 140-200 шақырым, малшы қауым атпен көшкенде орта есеппен 4-5 күнді құрайтын, баурайы рауғаш, таусарымсақ, қойбүлдірген, таңқурай, жабайы сиыр бүлдірген, барбарис және т.б. көптеген өсімдіктерге толы Сарықора, Көпірлі жайлауларын туризмнің орталығына айналдырсақ еліміздің игілігіне жұмыс істері анық.






Сурет 1. Ортағасырлық Саға-Бүйен қаласының солтүстік-батыс көрінісі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет