Тақырыбы: «Желтоқсан ызғары»



Дата28.07.2017
өлшемі91,09 Kb.
#22252
Тақырыбы: «Желтоқсан ызғары»




Құлжанова Роза Абдуллақызы

Қызылорда қаласындағы

5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиешісі




Мақсаты:

  • 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру;

  • Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету;

  • Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, Отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі:

  • ҚР-ның рәміздері, интерактивті тақта, слайд, желтоқсан құрбандарының суреттері.


Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың барысы: ұйымдастыру
Тәрбиеші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар біз бүгін дүниені дүр сілкіндерген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан ызғары» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


1-жүргізуші:

Әнұраным – жанұраным.

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым.

Мәңгі бақи шақырады,

Республикам әнұраным!


Ән: «Әнұран» (хор)
2-жүргізуші:

Жауыздық жасаған да – желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – желтоқсан.

Жазықсыз көз жасына жуынып,

Абақтыға қамаған да – желтоқсан.

Жас арудың жанарында желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымыз,

Қара тұман қабағында желтоқсан.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы, бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламыздың орталық алаңына мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек», «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» - деген тілек білдірді. Ия, сол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның 16-шы желтоқсаны еді. Таңертенгі сағат 10-да бар жоғы 18 минутта Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильвич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалды. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар» «нашақорлар» деген кінәлар тағылды.



1-оқушы:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарым бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
2-оқушы:

Нашақор деп ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.
3-оқушы:

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
4-оқушы:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
5-оқушы:

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі,

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас,- М.Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
6-оқушы:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Көрініс: «Бір топ қолдарында лозунгалары бар жастар дабырласып келеді».

Бірінші: Естідіңдер ме бұл не деген масқара.

Екінші: Неге халықпен санаспайды. Басшымызды неге өз халқымыздан сайламайды.

Үшінші: Әр халыққа өзінің көсемі керек.
7-оқушы:

Сүрмейтұғын болдық ғой, күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл.
(Сол кезде әскерлер келіп күшпен тарқатуға тырысады.)

Тарандар, әйтпесе күш қолданамыз деп сойылмен соға бастайды.


Бір әскери Қайраттың қолын қайырып алып келеді.

Тергеуші: Сен өзін Савицкийді өлтіргенінді мойындайсын ба? жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді өлтіргенім жоқ.

Тергеуші: Ақымақ, әкетіңдер, атындар, көзін құртындар.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десен алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.


2-жүргізуші:

Ия, бұл тарихта «Құйын -86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып, тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаммеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаевтар еді. Сол боздақтардың рухын еске алайық. (1 минут үнсіздік)


1-жүргізуші: Рахмет.

Енді, интерактивті тақтаға назар аударып, «Желтоқсан желі» әнін желтоқсан құрбандарын еске алып, тыңдайық.


1-жүргізуші:

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «халық қаһарманы» атағы берілді, «Алтын жұлдыз» анасына тапсырылды.

Сабира, Ләззат, Ерболға желтоқсанға қатысқандарға «ақтау жөнінде» анықтама қағаздар берілді.
8-оқушы:

Желтоқсанның мұзда жанды алауы,

Қолдарында ұстаған бір жалауы.

Ербол, Қайрат, Ләззат пенен Сабира.

Тәуелсіздік болған еді қалауы.

9-оқушы:

Отаным – Қазақстан алтын бесік,

Мінекей, ұлы жолға түсті келіп.

Ағайын бар тілерім бір Алладан,

Тұғырың құтты болсын тәуелсіздік.
10-оқушы:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріндей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
11-оқушы:

Тұрағым Қазақстан – елді мекен,

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын елді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,



Туымды асқақтата желбіретем.
Ән: «Жаса Қазақстан».
Тәрбиеші: Балалар, «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ»,- деген мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

  1. Дүниежүзін дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасы қай қалада болды? (Алматы 1986 жыл 16 желтоқсан)

  2. Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай көркем фильм түсірілді? (Қызғышқұс)

  3. «Халық қаһарманы» атағы желтоқсанның қай құрбанына берілді? (Қ.Рысқұлбеков, Е.сыпатаев)

  4. Желтоқсан құрбандары қай жылы ақталды? (1996жыл)


Тәрбиешінің қорытынды сөзі: Балалар, бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Бәріміз тақтаға назар аударсақ, тәуелсіздік үшін құрбан болған өрімдей жастар тұр. Сәбира Мұхаммеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. Өскемен педучилищесінің 1 курс студенті еді. Ләззат Асанова Алматыдағы «Чайковский» атындағы музыкалық училищесінің студенті еді. Қайрат Рысқұлбеков «Сәулет» құрылыс институтының студенті еді. Ербол Сыпатаев «Энергетика» институтының 2 курс студенті еді. Қиындықпен келген тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын. Қазақстан тәуелсіз мемлекет, біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер, Отанымыздың ұрпақтарысыңдар жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек елдің тірегі сендерсіңдер. Сонымен, бүгін «Желтоқсан ызғары» атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Тәуелсіз еліміз жасасын, Қазақ елі жасасын!
Ән: «Атамекен».
Каталог: uploads -> doc -> 09c8
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09c8 -> Сабақ Пәні: Еңбекке баулу Уақыты: Сабақтың тақырыбы. Гүл мен көбелек. Оригами. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру арқылы білімдерін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет