Деректемелері/Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституция құқығы, ҚР азаматтық құқығы, ҚР Қылмыстық құқығы
Курстың/пәннің мазмұны: Халықаралық жария құқық пәнi 3 курста, 30 лекция (1 сағат 1 академиалық сағат, яғни, 50 минут) 15 сағат практика және 22 сағат студенттердiң өзiндiк жұмысы. Лекциялық сабақтар пәннiң теориялық негiздерiн оқытуға арналған. Практикалық сабақтар тақырыптар бойынша сабақтарды талдау, iскерлiк ойындар, пiкiр-талас, тест түрiнде, зерттеу жұмысы және есеп шығару арқылы жүргiзiледi. Оқытушы қатысуымен өзiндiк жұмысты орындау кезiнде пәнге қатысты мәселелер бойынша қажеттi түсiнбеген сұрақтарға кеңес алуға болады.